Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Салық есептіліктеріндегі өзгерістер!

Салық есептіліктеріндегі өзгерістер!

2018 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Осыған орай, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 701.00, 701.01, 910.00, 911.00 салық есептіліктерінің нысандарына және жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеттеріне түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында 8 салық есептілігі нысандарына «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округтiң әкім аппаратының БСН» жаңа жолы қосылды.

Салық есептілігін толтыру кезінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округтiң әкім аппаратының БСН-ін қою міндеттелгенін ескеру үшін, хабарлаймыз.

  Түпқараған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы