Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Түпқараған ауданында жолдаудан туындаған міндеттер таныстырылды

2018 жылдың  12 қаңтар күні Түпқараған ауданында  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру жөніндегі шаралар туралы актив жиналысы өтті. Актив жиналысына аудан әкімі,  аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихаттың депутаттары, қала, ауыл әкімдері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы өкілдері, құқық қорғау органдарының, аудандық мемлекеттік мекемелер және ірі кәсіпорындардың басшылары, құрметті азаматтар және ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жастар қатысты. Жиында аудан әкімі Т.Т. Асауов биылғы Жолдаудың міндеттерімен таныстырды. Баяндамадан кейін сөз алған Түпқараған ауданының Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Күзембаев, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты А. Кетебаев, Ақшұқыр мектеп-лицейінің  тарих пәнінің мұғалімі Б. Айманов, жастар атынан «Ізгі жүрек» ҚҚ төрағасы Қ. Сабанов Жолдаудағы міндеттер бойынша тоқталып, Елбасы Жолдауын қолдауға шақырды.