Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

ХАБАРЛАНДЫРУ

Келісімшарт бойынша запастағы офицерлерді, сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарды (матростарды) әскери қызметке шақырады!

Құрметті Түпқараған ауданының тұрғындары!

  Түпқараған ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі келісімшарт бойынша әскери қызметке азаматтарды жинау бойынша жұмыстардың жаңа кезеңінің басталғаны туралы хабарлайды.

  Кәсіби әскери қызметші мансабын таңдағысы келген 19 жастан 30 жасқа дейінгі барлық ер азаматтарға: запастағы офицерлерге, сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарға (матростарға) Форт-Шевченко қаласы, Еркеғұлов көшесі №2 мекен-жайы бойынша Түпқараған ауданының Қорғаныс істері жөніндегі жөніндегі бөліміне хабарласу ұсынылады.

  Байланыс телефоны: 23069, 22164, 8701 688 89 90 

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ

1.  Лайықты айлық ақының кепілдендірілген және уақытылы төленуі.

  Оның өсуі әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдары мен лауазымдық жағдайына сәйкес қарастырылған.

2.  Мемлекет есебінен айлық ақының 20 %-ын зейнеткерлік қорға тұрақты аударулар.

3.  Мемлекет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету. 

  Тұрғын үй қорында қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда – тұрғын үйді жалдауға арналған ақшалай төлемақы (мөлшері отбасы мүшелерінің санына және жұмыс орнына байланысты) төленеді.

4.  Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әскери – медициналық мекемелерде мемлекет есебінен медициналық қамтамасыз ету (диагностика, емделу).

5.  Белгіленген нормалар бойынша заттай мүліктермен (киім үлгісімен) мемлекет есебінен қамтамасыз ету.

6.  Кезекшілік атқарған кезде, далалық шығулар кезінде, ұшуға дайындалу және орындау кезінде, әскери эшелондарға ілесіп жүрген кезде, стационарлық емделуде болған кезде және т.б. жағдайларда белгіленген нормалар бойынша мемлекет есебінен тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

7.  Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қашықтығы 100 шақырымнан астам бір елді мекеннен басқасына қоныс аударуға байланысты қызмет бабымен ауысқан кезде оларға әскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қаражат және онымен бірге қоныс аударған әрбір отбасы мүшесіне айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақысы төленеді.

8.  Жыл сайынғы негізгі демалысын беру

Жыл сайынғы негізгі демалысының ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына байланысты:

  А) кемінде он жыл -30 тәулік;

  Б) оннан жиырма жылға дейін -35 тәулік:

  В) жиырма және одан астам жыл -40 тәулік;

Әскери қызметшіге демалыс беру кезінде екі лауазымдық айлық ақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төленді.

9.  Жыл сайынғы негізгі демалысынан басқа қосымша демалыстар:

-  оқуға байланысты (жоғары оқу орындарына түсу үшін емтихан тапсыру және келесі сырттай оқу үшін);

-  шығармашылық (ғылым докторы ғылыми дәрежесінің ізденушілері үшін) және т.б.

10.   Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтетуге құқылы.

  Күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарында әскери қызметшілерге қатысты.

11.  Әскери қызметшілердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезектен тыс орындар беру.

  P.S.

  Сондай-ақ әскери қызмет ер адамға:

  - жаңа мамандықтарды игеруге;

  - басшы дағдыларын алуға;

  - өзінің дене даярлығының дәрежесін арттыруға:

  - жаңа әскери техниканы басқаруға;

  - қарудың барлық түрлерін атуға;

  - басқа да жерлерді, елдер мен қалаларды көруге мүмкіндік береді.

КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ

ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ:

1.  Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін  адамдар мынадай талаптарға сай келуге:

1)  Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;

2)  Курсанттарды қоспағанда, он тоғыз жастан кіші емес және әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың осы Заңда белгіленген шекті жасынан он бес жас кіші болмауға;

3)  Әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандығы болуға;

4)  Мерзімді әскери қызметті өткерген не жоғары оқу орындарының әскери кафедрасынан оқудан өткен немесе әйелдерді қоспағанда, Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен болуға тиіс.

2.  Келісімшарт бойынша әскери қызметке:

1)  Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

2)  Әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруы бар;

3)  Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;

4)  Бұрын сотталған немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған не оған қатысты қылмыстық іс қозғалған;

5)  Әскери қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық  бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған;

6)  Әскери қызметке кіргенге дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

7)  Әскери қызметке кіргенге дейінгі бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

8)  Егер босатылған күнінен бастап үш жыл өтпеген болса, мемлекеттік қызметтен немесе әскери қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар қабылданбайды:


  • 15.10.2017
    18:20
    6
    Түпқараған жастары рухани жаңғыру бағдарламасы аясында табиғат аясына шығып, сенбілік жұмыстарын жүргізді.
  • 17.10.2017
    18:13
    6
    Ақшұқыр мектеп-лицейінде 8-9 сынып оқушылар арасында "Жылы жүрек-жомарт қол" тақырыбында жәрмеңке өткізілді. Оқушылар жәрмеңкеден түскен қаражатқа түрлі сыйлықтар алып, концерттік…
  • 16.10.2017
    18:11
    4
    ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12-сәуірде Қазақстан халқына «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын ұсынды. Осы бағдарлама аясында еліміздің түкпір-түкпірінде…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/