Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

ХАБАРЛАНДЫРУ

Түпқараған ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы

Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

Е-4 санаты үшiн:  жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

 мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-R-4 санаты үшiн:   жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  лауазымдық жалақысы (теңге)

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы

min

max

Е-4

77452

104935

Е-R-4

73 288

99 105

 

     

Түпқараған ауданы «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130500, Форт-Шевченко қ.,  Досан Тәжіұлы көшесі, № 13 ғимарат, 2 -қабат, 25 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (72938) 22601, тел/факс: 22462, e-mail: u.uteshova@mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1.  «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бақылау бөлімшесінің бас маманы, Е-4санаты,  1 бірлік, №06-23-9.

  Функционалдық міндеттері: Тиісті хаттарға «бақылау кәртішкелерін» ашады, уақтылы жауап берілуін қадағалайды және орындалысы туралы жазбалар жүргізеді. Бірыңғай құжат айналым бағдарламасымен жұмыс жасауды үйлестіреді, жауап береді. Ай сайын ағымдағы хаттарға жауап берілуіне талдау жасап, басшылыққа ұсынады.

Әкім аппаратына келіп түскен құжаттарды уақтылы тіркеп, басшылық қарауына береді. Аудан әкімі құжаттар бойынша берген тапсырмалардың тіркелуін, орындаушыларға уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді. Шығыс құжаттарының есебін жүргізіп, уақтылы жіберілуін жүзеге асырады. Почта арқылы жіберілген құжаттардың есебін жүргізеді. Азаматтардың жазбаша өтініштерін тіркейді, орындаушыларға жеткізеді, жауаптарын жинақтайды, есеп журналына орындалысы туралы жазбалар енгізеді.Азаматтардың жазбаша өтініштері, орындалысы туралы облысқа есеп береді. («Айқын» жобасы бойынша) Қорытынды есептерін облыстық құзіретті органдарға тапсырады. Бақылаудағы хаттардың орындалысын қадағалау; Құжаттар номенклатурасын бекіттіру жұмысын ұйымдастыру; Құжаттарды мұрағатқа дайындайды.

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары-  Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қоғамдық қатынас, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету); Білім (педогогика мен психология,  қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, география); Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, дінтану, мәдениеттану, шығыстану);

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - Құқық (кеңесші-заңгер, заңгер); Қызмет көрсету, экономика және басқару (іс қағаздарын жүргізуші, мұрағаттанушы);

2.«Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесініңбас маманы санаты Е-R-4, 1(бір) бірлік, №5.

Функционалдық міндеттеріАғымдағы және күрделі құрылыс нысандарының жобалық – сметалық құжаттамаларын жасау үшін шығыс деректерін жинау.Аудандағы тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындармен жұмыс жасайды, олардың қызметтеріне талдау жасайды. Халықты сумен, жылумен қамту, тұрғын үй, мәселелерімен айналысады.Тұрғын үй мәселелері бойынша комиссия құрады және тұрғындардан тұрғын үй кезегіне келіп түскен, жекешелендіру туралы арыздарды комиссияға ұсынып, хаттама жүзінде рәсімдейді. Е-акимат порталы арқылы тұрғындарды кезекке тіркеу, шығару жұмыстарын атқарады. Мемлекеттік кәсіпорын басшыларын тағайындау үшін конкурс ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары білім - Білім (информатика),  Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, кеден ісі), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).Техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру (техник-механик, техник-технолог, техник-құрылысшы,).

3.«Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесініңбас маманы санаты Е-R-4, 1(бір) бірлік, №6.

Функционалдық міндеттеріБөлімнің бухгалтерлік есебін жүргізеді, бухгалтерлік есептің барлық бастапқы құжаттарын рәсімдейді. Бөлінген қаржының мақсаты, уақытылы және үнемді жұмсалуына жауап береді. Белгіленген кесте бойынша қаржы құжаттарының есебін салық комитетіне, аудандық қаржы бөліміне, аудандық қазынашылық бөліміне уақытылы тапсырылуын жүзеге асырады. Бөлімнің жұмысын қамтамасыз етуге бюджеттік бағдарламалары бойынша жоспар жасақтау, міндеттемелік және төлемдік қаржыландыру жоспарларын жасақтап, бекіттіреді. Штаттық кесте жасақтайды. Материалдық құндылықтар мен қаржы қаражатының кірісі, сақталуы мен жұмсалу есебін жүргізіп, айлық, тоқсандық және жылдық есептің балансын жасақтайды. Материалдық құндылықтардың түгендеу арасындағы «материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарты» жасақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары білім - Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Орта біліммнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Қызмет көрсету, экономика және басқару (қаржылық жұмыс жөніндегі экономист, бухгалтер, бухгалтер-ревизор, экономист бухглатер, экономист).

  4.«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  іс жүргізу және кадрлық жұмыстар жөніндегі бас маман , санаты Е-R-4, 1 бірлік, №6.

Функционалдық міндеттері:Бөлім бойынша шешімдер, бұйрықтар дайындайды және олардың  орындалуына  бақылауды жүргізеді. Мемлекеттік қызметшілерді білім көтеру курстарына жіберу кестесін жасақтайды және бекітеді. Бөлімнің міндеттер бөлінісін, біліктілік талаптарын жасақтайды және бекітеді. Қызметшілердің еңбек кітапшаларын толтырады, бұйрықтар жазады. Мемлекеттік емес жұмысшыларды жұмысқа қабылдау кезінде оларға жеке келісім шарт жасайды, қызметшілердің айлық табельдерін береді. Әскери міндетті қызметкерлердің есебін жүргізеді.Аудан әкімшілігінде атқарылатын кезекшілікке бөлім қызметкерлердің атынан жауапкершілік тартады. Бөлімнің іс номенклатурасын рәсімдейді және бекітеді. Азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдарға дер кезінде жауап берілуін қадағалайды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды статистикалық есебін  береді.  Аудан көлемінде өткізілетін мерекелік іс-шараларға бөлім қызметкерлерінің сапалы қатысуын ұйымдастырады. Бөлім бастығы тапсырған басқа да жұмыстарды атқарады. Мемлекеттік қызметшілердің уақытында бағалануын қадағалап отырады. Өз жұмысы бойынша тиісті органдарға ақпараттар мәліметтер, есептер береді.  «Е-Собес» бағдарламасымен  жұмыс жасайды. Аудан әкімі жанындағы «Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде  әлеуметтік  көмек мөлшерін анықтау және  тағайындау» комиссиясының  хатшылық қызметін атқарады.Бөлімнің шаруашылық қызметін атқарып, мекеме мүліктер есебін қалыптастырады. Атқаратын қызметтің өз саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерін дайындап іске асырады. «Е-Қызмет» бағдарламасымен жұмыс жасауды ұйымдастырады, бұйрықтардың орындалуын қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары білім - Құқық (құқықтану), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару). Білім (тарих, информатика).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.Құқық (кеңесші –заңгер, заңгер). Қызмет көрсету, экономика және басқару (іс қағаздарын жүргізуші,мұрағаттанушы)

  5. «Түпқараған аудандық экономика және қаржы» мемлекеттік мекемесінің  бухгалтерлік есеп жөніндегі бас маманы , санаты Е-R-4, 1 бірлік 

  Функционалдық міндеттер: Аудандағы бюджеттік мекемелердің  және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың кредиторлық және дебиторлық берешектердің пайда болуына жол бермеуге жұмыстанады. Жергілікті бюджеттен қаржыланатын  бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін: бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есепті; тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша-түсімдері мен  шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті; демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есепті; дебиторлық берешек туралы есепті; кредиторлық туралы есепті; ай сайын, тоқсан сайын және жылдық есептерін  мекеме баланстарын, материалдық құндылықтарды түгендеу есептерін тексеріп қабылдап алып жинақтап жасау оны облыстық қаржы  басқармасына табыстау; аппаратты ұстауға қаралған қаражаттың заңды түрде орындалысына  бақылау жүргізеді. Қаражаттың  мемлекеттік сатып  алу арқылы  жүруін қамтамасыз ету.

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: Жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (экономика, есеп және аудит, қаржы).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Қызмет көрсету, экономика және басқару (қаржылық жөніндегі экономист, бухгалтер, бухгалтер-ревизор, экономист-бухгалтер, экономист).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 

1)  осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)  бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Түпқараған ауданы жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін  бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Түпқараған ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Түпқараған ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімібойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

  Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

  Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

  Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

  Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

  Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны: 

Өтініш

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

________  ____________________________________
  (қолы)     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/