Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша 230.00 нысандағы декларацияны табыс ету

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша 230.00 нысандағы декларацияны табыс ету

  Түпқараған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы декларацияны табыс ету мемлекеттік қызметкерлердің міндеттерінің бірі болып табылады.

Түпқараған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары мемлекеттік қызметкерлермен (олардың жұбайыларымен) 230.00 СЕН (салық есептілік нысанын) тапсыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жыл сайын жүргізуде.

Салық Кодексіне сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша 230.00 нысандағы декларацияны келесі тұлғалар табыс етеді:

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген жеке тұлғалар, атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлер, жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы;

- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар;

-«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы жеке тұлғалар.

Декларация жылсайын орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына 31 наурыздан кешіктірмей табыс етілуі тиіс. 

Салық есептілігін тиісті салық органдарына: қағаз жеткізгіште өзі келу тәртібімен,  хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы және электронды түрде ұсынуларына болады.

Декларацияны электронды түрде «Салық төлеуші кабинеті»WEB қосымшасы арқылы http://cabinet.salyk.kz мекенжайы бойынша ұсынуға болады.

Ғаламторға кіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, әрбір мемлекеттік кірістер басқармасында мемлекеттік қызметкерлер декларацияларын жіберу үшін салық төлеуші терминалдары бар.

230.00 нысанындағы салық есептілігі және оны толтыру ережелері Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталында, «ҚР заңдылықтары» - «Салық есептілігі нысандары» - «2017ж. СЕН» - «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық» - «230.00 нысан» мекенжайы бойынша орналасқан.

Декларацияны электронды түрде табыс ету үшін мемлекеттік қызметкерлерге тұрғылықты жері бойынша салық органына  немесе ХҚКО жүгіну арқылы жеке криптографиялық кілт алу қажет.

Сондай-ақ, Заңмен, мемлекеттік қызметкерлердің жұбайларымен (зайыптарымен) тұрғылықты жері бойынша табыстары мен мүлкі туралы 230.00 нысандағы декларацины тапсыру міндеті бекітілгенін еске саламыз.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) қасақана табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды белгіленген мерзімдерде табыс етпегені, толық емес, шынайы емес декларация ұсынғаны және салық объектілері болып табылатын мүлкі және табыстары туралы мәліметтерді толық бермегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назарларыңызды аударамыз.


  • 19.04.2018
    19:20
    19
    Иммундаудың маңыздылығы туралы! Иммундау бұл вакцина енгізу арқылы адамда иммунитеттіқалыптастыратын немесе жұқпалы ауруларды қабылдамауиммунитетін тудыратын процесс. Иммундау өмірге қауіптуғызатын жұқпалы ауруларға қарсы күрес үшін сынақтанөткізілген құрал. Дүние жүзілік денсаулық сақтауұйымының бағалауына сәйкес иммундау жыл сайын 2 – 3 миллионға жуық өлім жағдайының алдын алады. Жер шарында вакцина шығарылғанға дейін жұқпалыаурулардан балалар өлімі және жалпы өлім жағдайы он еседен жоғары болатын! Оба, тырысқақ, шешек ауруларымиллиондаған адамдардын өмірін алып кетті. Бірақ бүгінгікүнге медицина саласында алдын алу шарасыныңдамуының нәтижесінде, аталған жұқпалы аурулар туралытек ғана медициналық кітаптардан оқып білуге болады. Бұлжағдайда екпенің еңбегін жоққа шығару орынсыз жәнемүмкін емес. Сіздің балаңыздың жұқпалы аурулардан екпесіз өмір сүруге шамасы бар, бірақ тағдырды алдауғаболама? Ата – аналар бүгінгі күнге дейін өз балаларынаекпе салдыруға болама деп күмәнданады. Себебі дәрігерлервакцина арқылы қорғауға тырысатын сырқаттанушылықтарөте сирек кездеседі. Расында, шығарылған вакциналарадамзатты жұқпалы аурулардан алдын алу үшін ақылғасимайтын жетістікке жеткізді. Әлемде жыл сайынмиллиондаған адамның өмірін алатын шешек - сырқаттанушылығы толығымен жойылды. Полиомиелит сырқаттанушылығы да жойылды, қызылшаны жоюжалғасуда. Дифтерия, қызамық, көкжөтел, эпидпаротитжәне басқа да қауіпті жұқпалы аурулар жүз тіпті мың есегетөмендеген. Вакцинаның қажеттілігі туралы мамандар тіпті де күмәнданбайды. Бірақ тұрғындар арасында бүгінгі күнгедейін екпенің зияны туралы пікір қалыптасқан. Ендешешындығы немесе жалғаны қайсы, талқылап көрейік. Жалған пікір 1: Вакцинаның көмегі арқылы алдын алатынсырқаттанушылықтар менің елімде жойылған, сондықтанвакцинамен егілуге негіз жоқ. Дұрыс емес. Вакцинаныңкөмегі арқылы алдын алатын сырқаттанушылықтаркөптеген елдерде сирек кездескенімен, әлемнің басқаелдерінде олардың қоздырғыштары айналымда бар. Бірбірімен байланысы бар әлемде, бұл қоздырғыштар шекараарқылы өтіп, екпемен қорғалмаған кез келген адамға жұғуы мүмкін. Жалған пікір 2: Вакциналар әлі де белгісіз көптеген зияндыжәне ұзақ уақыттық кері әсерлер береді. Дұрыс емес. Вакциналар қауіпсіз. Көбінесе вакциналар болмашы жәнеуақытша әсер береді, мысалы ине салған қолдыңауырсынуы және елеусіз дене қызуының көтерілуі. Күрделіәсерлер өте сирек кездеседі және тиянақты бақылаужүргізіліп, тексеріледі. Сіздің кері әсер алу мүмкіндігіңізвакцинадан кейінгі әсерден бұрын, сырқаттанушылықтыңсалдарынан жоғары. Мысалы полиомиелит сырқатысалдануды, қызылша ауруы энцефалит немесе соқырлықтудыруы мүмкін, ал кейбір вакцина арқылы алдын алуғаболатын сырқаттанушылықтар өлім жағдайына алып келуімүмкін. Жалған пікір 3: Вакцина арқылы алдын алатын балаларауруы өмірдің шындығы. Дұрыс емес. Вакцина арқылыалдын алатын балалар ауруы «өмірдің шындығы» болмауытиіс. Қызылша, эпидпаротит, қызамықсырқаттанушылықтары қауіпті жұқпалы ару болыптабылады. Бұл аурулардың асқынулары балалар мен ересектерде пневмония, энцефалит, соқырлық, іш өту, кереңдік, туа біткен қызамыққа (егер әйел адам жүктіліктіңалғашқы кезеңінде қызамықпен ауырса) және өлімжағдайына әкеліп соқтырады. Жалған пікір 4:  Бір мезгілде балаға біреуден артықенгізілген вакцина, баланың иммундық жүйесіне әсерететін кері әсерлердің пайда болу қаупін туғызуы мүмкін. Дұрыс емес. Ғылыми мәліметтерге сәйкес бірнешевакциналардың енгізілуі баланың иммундық жүйесінеқолайсыз әсер бермейді. Балалар күнделікті иммундықжүйеге әсер ететін бірнеше жүздеген табиғи заттарменұшырасады. Нәтижесінде қарапайым тамақ ішу кезіндеденеге антигендер түседі. Ал ауыз және мұрынқуыстарында көптеген бактериялар өмір сүреді. Бала вакцинадан бұрын,  суық тиіп немесе ангинаменсырқаттанғаннан кейін көптеген антигендермен ұшырасады. Бірнеше вакцинаны бір мезгілде енгізудің негізгі ерекшелігіемханаға келу жиілігін азайтады, уақыт пен ақшаныүнемдейді және балаларға ұсынылған кестеге сәйкесекпелердің салыну мүмкіндігі жоғарылайды.…
  • 16.04.2018
    18:49
    36
    «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, жергілікті қауымдастық мүшелерінің және әкімдік қызметкерлердің әлеуетін арттыру арқылы ауылдарда азаматтардың және үкіметтік…
  • 16.04.2018
    18:44
    48
    Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын «Ауылды бірлесе дамыту!» жобасы аясында Түпқараған ауданына қарасты пилотты 3 ауылдың әкімдерімен және жергілікті…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/