Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

«Ана-дана.Ана-дара» осындай тақырыппен аналарға құрмет көрсетілген форум өтті.

«Ана-дана.Ана-дара» осындай тақырыппен аналарға құрмет көрсетілген форум өтті.

Туған жерге оралған жыл құстары тарту ретінде көктемді қанаттарына қондырып келіп, табиғат пен айналаны ерекше бір күйге бөлейді. Табиғатпен бірге адамзат та гүл көктемнің кереметін сезінері хақ.  Көктем келген сайын аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ана-дана. Ана-дара» атты  жас аналар форумын өткізу үшінші жыл қатарынан дәстүрге айналып отыр.

Ұлыстың ұлы күні – амал мерекесі қарсаңында қазақылықтан көші бір елі алыстамаған отбасыларымыздың жас аналарын шуақты көктем мерекесінде құттықтап, алғыс айтуды жөн көрдік.

Бүгін аудандық форумда жас аналарымызға үлгі болсын деген ниетпен алтын құрсақты аналарымызды қонақ ретінде шақырған болатынбыз. Алтын құрсақты аналарымызға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды.

Форумда  жас аналарды  аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Алтынғалиев Талғат Алтынғалиұлы құттықтап, алғыс хат табыстады.

Егеменді еліміздің демографиясын көтеріп, әр шаңырақта қазақ баласының санының артуына өзіндік үлесін қосып жүрген жас аналар:

1. Иманмәдиева Ұлболсын Балғабекқызы

2. Қызылғұлова Анар Мұханбетқызы

3. Жұбанова Ақайна Жақсылыққызы

4. Нәбиева Әсемгүл Рахатқызы

5. Ізбасова Айткүл Орынбасарқызы

6. Ерғалиева Хамида Сағындыққызы

7. Жетібайқызы Ақдидар

8. Сисембаева Жұлдыз Рафикқызы

Марапатталған жас аналар және барша әйел азаматшалардың құрметіне ауданымыздың жас әншісі Ілиясова Меруерт «Аяулы ана»,Бисембаев Архаттың «Анаға сыйлық»  атты тамаша әндері тарту етілсе, «Ақбота» балабақшасының бақытты бүлдіршіндері шын жүректен аналардың құрметіне сәлемдемесін  арнады.

Анаң жаныңда жүрсе де сағынасың, анаға-тәңіріңдей табынасың, үйге кіріп келіп, ең бірінші іздейтін адамың да – ол АНА! Құдіретіңнен айналдым, сенің  Ана!!! Шараны ана туралы оқылған жігіттеріміздің поэзия минуты әрлей түсті.

Еліміздің демографиясын көтеруде жас аналарымыздың қосып жатырған үлесінің болуы көңіл қуантарлық. 4 баладан артық дүниеге бала әкелген 29 – жасқа дейінгі аналарымыз – көп балалы жас аналар болып табылады. Ертеңгі болашақ ғалым, болашақ профессор, болашақ президенттерімізді тәрбиелеп отырған жас аналардың атынан Үндеуді «Алпамыс» балабақшасының жас мамандар кеңесінің жетекшісі Шағатаева Гүлжан Ермекбайқызы жариялап, таныстырды. Шара соңы әдемі естелік сүгіретке түсумен жалғасты. Ананың қуанышын көруден артық бақыт жоқ дегендей әр ананың қуанғанына қарап өз аналарымызды қуанышқа бөлегендей күй кешкізген бұл форум аналардың алғысымен айшықталды.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/