Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

ХАБАРЛАНДЫРУ

Түпқараған ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыруы

Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

  Е-G-3 санаты үшiн:  жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

  мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  лауазымдық жалақысы (теңге)

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы

min

max

E-G-3

168 875

220 271

 

Түпқараған ауданы «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130500, Форт-Шевченко қ,  Досан Тәжіұлы көшесі, № 13 ғимарат, 2 -қабат, 25 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (72938) 22601, тел/факс: 22462, e-mail: u.uteshova@mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1.  «Баутин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысындағы уақытша орынға 23.11.2019ж дейін), Е-G-3 санаты,  1 бірлік, №02-2.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы заңдарына белгіленген тәртіппен облыс, аудан әкімінің аппараты актілерінің орындалысына бақылау жасайды.Ауыл әкімі аппараты бойынша кадр мәселелерімен айналысады. Қызметкерлердің күнделікті жұмысын бақылап тиісінше есебін жүргізеді. Қызметкерлердің еңбек демалысының графигін жасайды. Іс қағаздарының жүргізілуіне басшылық жасайды.Ауыл әкімдігі қызметкерлерінің жұмыс жоспарларын жинақтап, орындалысын қадағалайды. Қызметкерлердің еңбек сіңірген жылдары үшін үстемақы төлеуге комиссия құжаттарын жасақтайды.Шешім және өкім жобасын дайындап, ауыл әкіміне қол қоюға береді. Ауыл әкімі қабылдаған шешімдердің аудандық әділет бөлімінде тіркеуден өткізілуі қажеттілігін анықтайды. Оларды тіркеуден өткізуге анықтама негізінде дайындап, тіркеуге ұсынады. Азаматтардың жазбаша өтініштерін  тіркейді, орындаушыға жеткізеді, жауаптарын жинақтайды, есеп журналына орындалуы туралы жазбалар енгізеді, есебін тапсырады. Қабылданған нормативтік құжаттардың тіркеуге ұсынылуы, өтуі немесе күші жойылған туралы ай сайын талдау жасайды, жоғары органдарға мәліметтер береді. Қабылданған шешімдер мен өкімдердің заңдылығын тексеруге аудандық прокуратураға жолдайды. Аудан прокурорынан түскен наразылықтар мен ұсыныстарға уақытында толық жауап беруін бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары. Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Білім (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих). Гуманитарлық ғылымдар (мәдениеттану, тарих, халықаралық қатынастар). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, қаржы, қоғамдық байланыс).

  Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға  рұқсат етіледі. Білім беру (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, бастауыш  білім беру мұғалімі) Құқық ( заңгер) Қызмет көрсету, экономика және басқару (экономист, бухгалтер, қаржы  жұмысы бойынша экономист)

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.  Уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

2.  Тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім

Құжаттар Түпқараған ауданы әкімінің аппаратының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейінгі жұмыс күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Түпқараған ауданы жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Түпқараған ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Түпқараған ауданы әкімінің аппаратыбасшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________________________________________________________________________________

______   ____________________________________
  (қолы)    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тілдерін білуі/Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/приема

босатылған/увольнения

_____________________Кандидаттың қолы/Подпись кандидата

_______________күні/дата


  • 23.07.2018
    19:16
    0
    Алматы, Қазақстан – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңынегізінде «Қазақстан…
  • 18.07.2018
    19:17
    44
    Салымшылармен өзара әрекеттесудің жаңа арнасы Алматы, Қазақстан–«БЖЗҚ» АҚ Whatsapp қызметінің – тұтынушылармен, оның ішінде шетелде жүргендермен 8-777-000-1418 нөмірі бойынша қашықтықтан…
  • 18.07.2018
    18:43
    30
      Салық төлеушілер  назарына Түпқараған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдан 1 қаңтарынан бастап бақылау-кассалық машинаның (БКМ) қабылдау тәртібінің…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/