Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

1 шілдеден бастап базалық зейнетақы өседі

2018 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық төлемдер  қайта есептелетін болады. Базалық зейнетақы азаматтар жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа толған уақыттан бастап қана тағайындалады. Бұл өзгерістер зейнеткерлікке жаңадан және бұрын шыққантұлғаларды қамтып, 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледі.

Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 15 274 (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%) теңгені құрайды. Бұл төлемақының көлемі еңбек өтіліне қарамастан, барлық зейнеткерлер үшін бірдей.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы көлемізейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай қайта есептеледі. Есептеу барысында тұлғаның 1998 жылғы 1 шілдеге дейінгі ынтымақты зейнетақы өтілі менсодан кейінгі жинақталған өтіліескеріледі.

Егер адамның жұмыс өтілі болмаса немесе 10 жылдан кем болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% пайызын құрайды.10 жылдан асқан әр жылдың жұмыс өтілі үшін базалық зейнетақы 2 пайызға өседі. Мысалы, 20 жылдық қатысу өтілі болса, базалық зейнетақы көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызын, 30 жылдық қатысу өтілі – 94 пайызды құрайды. Егер қатысу өтілі 33 жыл және одан да артық болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын, яғни 28 284 теңгені құрайды.

Зейнетақы өтілінеынтымақты жүйеде атқарған еңбек өтілі (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін),міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңді қамтитын жинақтаушы өтілі, 3 жасқа дейінгі бала күтімі, бала кезінен мүмкіндігі шектеулі тұлғаның 16 жасқа дейінгі күтімі, әскери қызметтегі, арнайы мемлекеттік органдағы, дипломатиялық жұмыстағы жұбайымен бірге тұрған кезең және т.б. кіреді.

Бұл өзгерістер зейнеткерлікке жаңадан және бұрын шыққан тұлғаларды қамтып, 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледі. Айта кету керек, мемлекеттік базалық зейнетақыны қайта есептеу процесі автоматты түрде жүргізіледі, сондықтан зейнеткерлерге ешқайда жүгінудің немесе құжат тапсырудың қажеті жоқ.


  • 15.06.2018
    12:39
    7
    15 маусым- Ораза айт мерекесін атап өтуде салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың спортқа белсенділігін арттыру мақсатында Түпқараған аудандық мешітінде ұлттық…
  • 19.06.2018
    12:35
    9
    Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай, Түпқараған аудан əкімдігіне қарасты бөлімдер арасында "Көңілді мəре" сайысы өткізілді. Мемлекеттік қызметшілердің спортпен тұрақты айналысуы жəне…
  • 14.06.2018
    16:08
    20
    Бірыңғай конкурстық комиссиясының (жалпы конкурс) 2018 жылғы 14 маусымындағы отырысының №9/4 хаттамасынан ҮЗІНДІ: КҮН ТӘРТІБІ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/