Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

ХАБАРЛАНДЫРУ

Түпқараған ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы

Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

Е-4 санаты үшін: жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

 мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-R-4 санаты үшiн:   жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  лауазымдық жалақысы (теңге)

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы

min

max

Е-4

145582

189888

Е-R-4

195 895

255 514

Түпқараған ауданы «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130500, Форт-Шевченко қ.,  Досан Тәжіұлы көшесі, № 13 ғимарат, 2 -қабат, 25 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (72938) 22601, тел/факс: 22462, e-mail: u.uteshova@mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1.«Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  терроризмның алдын алу және құпия  құжаттар жөніндегі бас маманы,санаты Е-4, 1(бір) бірлік, №06-23-14

  Функционалдық міндеттері: Терроризмнің алдын алу, терроризм көріністерінің салдарын барынша азайту және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын ауданның әкімшілік аумағында қазіргі жағдайды ескере отырып дайындайды; Терроризмге қарсы тұру саласындағы жағдайға әсер ететін аймақтың территориясындағы діни процестерді бақылауды жүзеге асырады; Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен терроризмнің алдын алу, оның салдарын барынша азайту және / немесе жою бойынша өзара қарым-қатынас жасайды; Ауданның терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің қызметін үйлестіреді, аудандық терроризмге қарсы комиссияның жұмысын, облыстық терроризмге қарсы комиссиясының жұмыс органымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

Аудан әкімі аппаратында құпия құжаттарымен жұмыс жасайды. Құпия құжаттарды  қабылдайды, берілген тапсырмалар бойынша ақпарат дайындайды, орындалысын бақылайды.  Терроризмге қарсы  күрес комиссиясының iс қағаздарын жүргiзедi. Тиісті қызметкерлерге құпия  құжаттармен  жұмыс жасауға рұқсат алу жұмыстарын үйлестіреді. Рұқсаты бар қызметкерлерді біліктілігін арттыру бойынша оқу семинарларына жіберу кестесін жасақтап, қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етеді. Жүргізілген  жұмыстар бойынша  құзырлы органдарға, облыс әкімі аппаратына  есеп тапсырады. Бірыңғай құжат айналым және Е-қызмет бағдарламаларымен жұмыс жасайды.

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: Жоғары - Құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық). Әлеуметтік  ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, әлеуметтану, саясаттану, аймақтану); Гуманитарлық ғылымдар (Дінтану, теология); Әскери іс және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері).

  Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - Құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі). Қызмет көрсету, экономика және басқару (әлеуметтік жұмыс).

  2 .«Түпқараған аудандық  мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік. (жүктілік және  босануға байланысты  демалыс кезеңінде 10.10.2018ж дейін) №01-02;

Функционалдық міндеттері: Мәдениет жөніндегі заңдарды жүзеге асыруда мемлекеттік біртұтас саясатты орындау. Бөлімге қарасты мәдениет мекемелерінде халықтың рухани талабын қанағаттандыру, тұрғындардың бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру, халыққа жоғары деңгейде мәдени қызмет көрсету мақсатында жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалық құжаттарын, мәдениет саласындағы заңдардың жұмыс барысында  мәдениеттің әлеуметтік ролін күшейтуге, мәдени қызмет көрсетудің деңгейін көтеруге, жұртшылықтың мәдениетке қатысты белсенділігін арттыруға, зиялы, жергілікті өнерлі тұлғалардың ісін тәрбиелік жолға қоюға және аймақтық бағдарламалардың іске асырылуын қадағалау. Кәсіби өнерді және шығармашылық топтардың барлық түрлерінің жұмысын дамыту, шығармашылық ұжымдарды тауып «Халықтық», «Үлгілі» атағына лайықтысының құжаттарын ұсыну , тәжірибелік семинарлар өткізуді ұйымдастыру, шеберлік класстар өткізу жұмыстарын дамытуға және облыстық деңгейдегі мәдени шараларды өткізуді ұйымдастыру. Жергілікті маңызы бар тарихи, мемориалды және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Мәдениет жұмыстары бойынша конференциялар, семинарлар оқыту мен  тәжірибе алмасудың басқа да түрлерін ұйымдастырады.

Бөлім басшысының  тапсырмаларын  орындайды. Мәдениет саласы бойынша күнтізбелік жоспарын әзірлеуді және іске асыруды  қамтамасыз етеді, жылдық есеп дайындайды. Бөлім басшысының басшылығымен және басқа құрылымдар мен қызметтің басшыларымен өзара әрекет ете отырып, өз міндеттерін орындайды. Өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді. Мәдениетті  насихаттау және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.  Ақпараттық  жүйелерде, тиісті мемлекеттік  бағдарламаларда, соның ішінде «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс жасайды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жұмыстарын жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: Жоғары - Гуманитарлық ғылымдар (тарих, мәдениеттану, археология және этнология) Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару) Қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары,кітапхана ісі) Өнер (музыкатану, аспаптық орындаушылық, сценография, өнертану, мұражай ісі және  ескерткіштерді қорғау)

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі –Қызмет көрсету, экономика және басқару (туризм) Өнер және мәдениет (Кітапхана ісі, аспаптық орындау және  музыкалық өнер эстрадасы)

  3. «Түпқараған аудандық  мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бас маманы, (бала  күту  демалысы кезеңінде  23.05.2020ж дейін) санаты Е-R-4, 1(бір) бірлік, №01-03.

Функционалдық міндеттері: Спорт жөніндегі заңдарды жүзеге асыруда, дене тәрбиесі мен спортты дамытуда мемлекеттік біртұтас саясатты орындау. Спорттық  жарыстарды өткізеді және оған  тиісті  құжаттар  дайындайды. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстары бойынша конференциялар, семинарлар оқыту мен  тәжірибе алмасудың басқа да түрлерін ұйымдастырады.

Спорттық жүктеулердің талаптарына сай «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші спорттық жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтар мен санаттарын беру». Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіріп, есеп беріп отырады. Республикалық  және халықаралық жарыстардағы жетістіктерге қол жеткізген аудан спортшыларының құжаттарын жинақтап талаптарға сай Қазақстан Республикасының спорт шебері мен спорт шеберіне кандидат нормативін табыс ету үшін ұсыныс дайындайды. Президенттік  тестті бақылауға алады, бөлім басшысының  тапсырмаларын  орындайды. Аудандық  құрама командаларды спорт түрлері бойынша және оларды  облыстық, халықаралық жарыстарға шығуға дайындайды. Спорт  шараларының күнтізбелік жоспарын әзірлеуді және іске асыруды  қамтамасыз етеді, жылдық есеп дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: Жоғары – Білім (Дене шынықтыру және спорт). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану,  мемлекеттік және жергілікті басқару). Қызмет көрсету  (туризм)

  Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - Білім  беру (дене шынықтыру және спорт) Қызмет көрсету, экономика және басқару (туризм).

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 

1)  осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)  бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Түпқараған ауданы жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін  бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Түпқараған ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Түпқараған ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімібойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

  Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

  Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

  Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

  Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

  Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

"Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

Өтініш

Мені__________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________   ____________________________________
  (қолы)   
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата


  • 19.10.2018
    17:11
    23
    Түпқараған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап енген жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерді салық төлеушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу…
  • 18.10.2018
    10:58
    20
    Түпқараған ауданының әкімі А.Хамиевтың өкімімен Кенжалиев Бисенғали Аманғалиұлы Түпқараған ауданы әкімінің аппарат басшысы болып тағайындалды. Кенжалиев Бисенғали Аманғалиұлы-Маңғыстау облысында 1983…
  • 18.10.2018
    12:43
    32
    «Халықаралық стандарттар және төртінші өнеркәсіптік революция» тақырыбындағы Семинар-дәріс Ақтау қ.  12 қазан 2018ж. 14 қазан - Дүниежүзілік стандарттар күнін мерекелеу…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/