Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Хабарландыру

Түпқараған ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыруы

Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

  Е-R-1 санаты үшiн:  жоғары білім;

 мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

 4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

 5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  лауазымдық жалақысы (теңге)

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы

min

max

Е-R-1

354 695

462 644

 

Түпқараған ауданы «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130500, Форт-Шевченко қ,  Досан Тәжіұлы көшесі, № 13 ғимарат, 2 -қабат, 25 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (72938) 22601, тел/факс: 22462, e-mail: u.uteshova@mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. «Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, ( бала күту демалысы кезеңдерінде 28.02.2019ж дейін) Е-R-1 санаты,  1 бірлік, №1.

Функционалдық міндеттері: Ауданның 5 жылға арналған даму бағдарламасының жобасын, экономикалық және әлеуметтік даму жоспары мен инвестициялық инновациялық даму шаралары мен әкімші бағдарламалардың, 3-жылдық бюджет қаражатының жоспарлануын қамтамасыз ету. Ауданның аймағында бірыңғай мемлекеттік қаржылық саясатын жүзеге асырады. Түсімдер мен қаржыландырудың төлемдер мен міндеттемелер бойынша жиынтық жоспарларын бекітеді. Бюджет қаржыларының есебін, қалыптастырудың талдауын жүргізу және өз құзіретінің шектерінде мақсатты пайдалануына жалпы басшылық жасайды; Жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу және қызмет көрсету бойынша міндеттемелерді, аудан әкімдігінің кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындайды;

  Аудандықкоммуналдық мүлікті басқаруды, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Коммуналдық мәселелері бойынша аудан әкімдігінің мүдделерін көрсетіп және оның мүліктік құқықтарын қорғауға жалпы басшылық жасайды;

  Өз құзіретінің шектерінде коммуналдық меншікті иелік ету, пайдалану және билік ету бойынша өкілдіктерін жүзеге асырады; Мекемедегі қызметкерлердің қызметтерін үйлестіру,  «Е-қызмет» және бірыңғай құжат айналым жүйесімен жұмыс жасайды. Кадрлық іс жүргізу қызметіне жауапкершілігіне басшылық және бақылау жасайды.

  Аудан бюджетінің орындалуына аудандық коммуналдық меншік объектілерін жалға беруден, түскен қаржыларының бюджетке уақытылы түсуіне бақылау жасайды. Аудандық коммуналдақ мүлікті басқаруды, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. 

  Коммуналдық мәселелері бойынша аудан әкімдігінің мүдделерін көрсетіп және оның мүліктік құқықтарын қорғауға жалпы басшылық жасайды. 

  Өз құзіретінің шектерінде коммуналдық меншікті иелік ету, пайдалану және иелік ету бойынша өкілдіктерін жүзеге асырады. 

  Мекемедегі қызметкерлердің қызметтерін үйлестіру, кадр жұмыстары. Еңбек және орындау тәртібін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент).

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.  Уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

2.  Тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім

Құжаттар Түпқараған ауданы әкімінің аппаратының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейінгі жұмыс күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Түпқараған ауданы жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Түпқараған ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Түпқараған ауданы әкімінің аппаратыбасшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________________________________________________________________________________

______   ____________________________________
  (қолы)    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата


  • 19.11.2018
    10:03
    14
    Сайын Шапағатов ауылдық округінің  тұрғындарының назарына!   2018 жылғы  29 қараша сағат 10:00-да  Ғ.Айдаров атындағы мектеп-лицейінің акт залында  жергілікті қоғамдастық…
  • 15.11.2018
    16:38
    40
    Түпқараған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап енген жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерді салық төлеушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу…
  • 14.11.2018
    18:36
    59
    «БЖЗҚ» АҚ алымшы/салушыларды, оқушылар мен студенттерді  «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күніне шақырады  «БЖЗҚ» АҚ-ның Маңғыстау облыстықфилиалы 2018…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/