Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

ХАБАРЛАНДЫРУ

Түпқараған ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы

Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

Е-4 санаты үшін: жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

 мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  лауазымдық жалақысы (теңге)

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы

min

max

Е-4

195 895

255 514

Е-4

145582

189888

Е-4

145582

189888

Түпқараған ауданы «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130500, Форт-Шевченко қ.,  Досан Тәжіұлы көшесі, № 13 ғимарат, 2 -қабат, 25 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (72938) 22601, тел/факс: 22462, e-mail: u.uteshova@mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талдау және бақылау жөніндегі бас маманы, (бала күту демалысы кезеңдерінде 22.12.2018ж дейін)Е-4 санаты,  1 бірлік, №06-23-11

Функционалдық міндеттері: Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруды қамтамасыз ету; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері талаптарының сақталуына бақылау жасау; Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне, мерзімінің сақталуына мониторинг жүргізу; Мемлекеттік органдарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетеді;  Заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну; Мемлекеттік қызметті тұтынушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты шағымдары мен өтініштерін қарау; Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының нұсқауына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша  тапсырмалардың орындалу мәселелері жөнінде жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізу; Өзінің жетекшілік ететін мәселелері бойынша материалдар мен құжаттарды аппарат басшысына, аудан әкіміне қарауға ұсыну; Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша жұмыстарды үйлестіріп, тиісті  жоғарғы органдарға есеп беріп отырады. Қазақстан Республикасының Конституциясының, Заңдарының, Президент және Үкіметтің актілерін, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, мәслихаттың және басқа да құжаттардың талаптарының орындалуын жүзеге асырады. Ауданның сайлау жұмыстарына байланысты жұмыстарды ұйымдастырады, жүргізеді және бақылау жасайды. Бірыңғай құжат айналым және Е-қызмет бағдарламаларымен жұмыс жасау.

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қоғамдық байланыс, экономика, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару); Қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету); Құқық (құқықтану).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - Құқық (құқықтану); Қызмет көрсету, экономика және басқару (экономика, қаржы, есеп және аудит, әлеуметтік жұмыс).

2.  «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты,  1 бірлік, №06-23-9.

Функционалдық міндеттері: Тиісті хаттарға «бақылау кәртішкелерін» ашады, уақтылы жауап берілуін қадағалайды және орындалысы туралы жазбалар жүргізеді. Бірыңғай құжат айналым бағдарламасымен жұмыс жасауды үйлестіреді, жауап береді. Ай сайын ағымдағы хаттарға жауап берілуіне талдау жасап, басшылыққа ұсынады.

Әкім аппаратына келіп түскен құжаттарды уақтылы тіркеп, басшылық қарауына береді. Аудан әкімі құжаттар бойынша берген тапсырмалардың тіркелуін, орындаушыларға уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді. Шығыс құжаттарының есебін жүргізіп, уақтылы жіберілуін жүзеге асырады. Почта арқылы жіберілген құжаттардың есебін жүргізеді. Азаматтардың жазбаша өтініштерін тіркейді, орындаушыларға жеткізеді, жауаптарын жинақтайды, есеп журналына орындалысы туралы жазбалар енгізеді.Азаматтардың жазбаша өтініштері, орындалысы туралы облысқа есеп береді. («Айқын» жобасы бойынша) Қорытынды есептерін облыстық құзіретті органдарға тапсырады. Бақылаудағы хаттардың орындалысын қадағалау; Құжаттар номенклатурасын бекіттіру жұмысын ұйымдастыру; Құжаттарды мұрағатқа дайындайды. Бірыңғай құжат айналым және Е-қызмет бағдарламаларымен жұмыс жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Білім. Гуманитарлық ғылымдар. Құқық. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Қызмет көрсету. Техникалық ғылымдар мен технологиялар.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі – Білім беру. Құқық. Қызмет көрсету, экономика және басқару.

3.  .«Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы,санаты Е-4, 1(бір) бірлік, №06-23-10

Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратына келіп түскен құжаттарды уақытылы тіркеп, басшылық қарауына береді. Аудан әкімінің құжаттар бойынша берген тапсырмаларының тіркелуін, орындаушыларға уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.  Терроризмнің алдын алу, терроризм көріністерінің салдарын барынша азайту және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын ауданның әкімшілік аумағында қазіргі жағдайды ескере отырып дайындайды; Терроризмге қарсы тұру саласындағы жағдайға әсер ететін аймақтың территориясындағы діни процестерді бақылауды жүзеге асырады;  Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен терроризмнің алдын алу, оның салдарын барынша азайту және / немесе жою бойынша өзара қарым-қатынас жасайды; Ауданның терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің қызметін үйлестіреді, аудандық терроризмге қарсы комиссияның жұмысын, облыстық терроризмге қарсы комиссиясының жұмыс органымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

Аудан әкімі аппаратында құпия құжаттарымен жұмыс жасайды. Құпия құжаттарды  қабылдайды, берілген тапсырмалар бойынша ақпарат дайындайды, орындалысын бақылайды.  Терроризмге қарсы  күрес комиссиясының iс қағаздарын жүргiзедi. Тиісті қызметкерлерге құпия  құжаттармен  жұмыс жасауға рұқсат алу жұмыстарын үйлестіреді. Рұқсаты бар қызметкерлерді біліктілігін арттыру бойынша оқу семинарларына жіберу кестесін жасақтап, қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етеді. Жүргізілген  жұмыстар бойынша  құзырлы органдарға, облыс әкімі аппаратына  есеп тапсырады. Бірыңғай құжат айналым және Е-қызмет бағдарламаларымен жұмыс жасайды.

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: Жоғары – Білім. Гуманитарлық ғылымдар. Құқық. Әлеуметтік  ғылымдар, экономика және бизнес. Әскери іс және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері). Қызмет көрсету. Техникалық ғылымдар мен технологиялар.

  Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі – Білім беру. Құқық. Қызмет көрсету, экономика және басқару.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 

1)  осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)  бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Түпқараған ауданы жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін  бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Түпқараған ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Түпқараған ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімібойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

  Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

  Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

  Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

  Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

  Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны:

Өтініш

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

________   ____________________________________
  (қолы)    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі(мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/