Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Хабарландыру

Барлық мемлекеттік қызмешілер арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыруы

Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

  Е-R-1 санаты үшiн:  жоғары білім;

 мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

 4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

 5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  лауазымдық жалақысы (теңге)

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы

min

max

Е-R-1

354 695

462 644

Түпқараған ауданы «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130500, Форт-Шевченко қ.,  Досан Тәжіұлы көшесі, № 13 ғимарат, 2 -қабат, 25 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (72938) 22601, тел/факс: 22462, e-mail: u.uteshova@mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. «Түпқараған аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Е-R-1 санаты,  1 бірлік, №1.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің және  аудан әкімдігінің арнайы бағдарламалары мен іс-қимыл жоспарларының аясында аудан экономикасының аграрлық секторындағы әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүзеге асыруды үйлестіру, ауылшаруашылығы саласын әр тараптандыру мақсатында жұмыстану; Аудан тұрғындарын жергілікті жерде өндірілген және өңделген ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуді ұлғайту үшін шаралар алу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік аграрлық саясатын іске асыруға атсалысу; Ұдайы шығынмен жұмыс істейтін шаруашылықтар мен кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру (санациялау) немесе тарату жөніндегі іс-шараларына ұсыныс енгізеді. Ауылдарда ауылшаруашылық өнімдерін сату, өткізу жүйесін қалыптастыру, машина-технологиялық станцияларының ауылға сервистік қызмет көрсететін мекемелердің жүйесін ұйымдастыруға ықпал жасау; Аудан көлеміндегі ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын мемлекеттік үлесі бар коммуналдық меншіктегі шаруашылық кәсіпорындарының қызметтеріне басшылық жасауды жүзеге асыру; Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау; Жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу; Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау; Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою; Заңды және жеке тұлғалардан түскен арыз, шағымдардың орындалысын қамтамасыз етуді және уақытында тапсырылуын қадағалау. Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілердің еңбек сіңірген жылдары үшін үстемақы төлеу және аттестациялау комиссиясының құжаттарын жасақтайды. Бөлімдегі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурстық комиссиясының құжаттарын жүргізеді. Бөлімнің жұмыс регламентін, міндеттер бөлінісін, біліктілік талаптарын жасақтайды және бекітеді; «Аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыстарына бақылау жасайды. Жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жұмыстарын жүргізу. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс жасауды қамтамасыз ету. (ЭҚАБЖ) электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жұмыс жасау. (МОИП) мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жұмыс жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары. Ветеринария. Ауылшаруашылық ғылымдары. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару), Жаратылыстану ғылымдары (биология, экология, метеорология, гидрология, химия)

  1. «Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Е-R-1 санаты,  1 бірлік, №1.

Функционалдық міндеттері: Мекеме ережесінде белгіленген басты міндеттемелерге сәйкес бөлім қызметін үйлестіру және басқару; мемлекеттік қызмет саласында заңдылықтардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;  стратегиялық жобаларды жасау; бөлім қызметін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру; мекеме мүддесін барлық органдарда көздеу, келісім  шарт жасақтау, бұйрық шығару, қызметтік құжаттарға қол қою;  Бағыныштылардың жұмысын ұйымдастыру, бақылау және талдау, түрлі ақпараттар дайындай білу, азаматтарды қабылдау тәжірибесі, мәжілістерді, мәдени көпшілік шараларды ұйымдастыра және жүргізе білу.Жер қатынастарын басқару және реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу. Жер заңдарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру жөніндегі аудандық өкілетті және атқарушы органдардың шешімдерін орындау,қолайлы экологиялық ортаны жасау және табиғи ландшафтарды жақсарту. Жерге орналастыру және жер реформасын жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Аудан бойынша жерлердің болуы, оның санаттары, жер  учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары және алқаптары жөніндегі есебін жасақтау. Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер телімдерінің  кадастрлық бағалау құнын бекіту. Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту.Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерін адрестеу қағидаларын және эскиздік жобаларын бекіту. Құрылысы аяқталмаған нысандарды қабылдау және жеке меншік тұрғын үйлерді қабылдау. Мемлекеттік қажеттілік үшін жер  телімдерін алып қою жөніндегі ұсыныстарды дайындау. Қазақстан Республикасының заңдары, Бөлім ережесінде жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асыру. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша» №1-ОЛ нысанды статистикалық есепке, кадрлық қызметке,«Е-қызмет» жүйесі арқылы кадрлық іс жүргізу жауапкершілігіне басшылық және бақылау жасайды. Ақпараттық жүйелерде,  тиісті бағдарламаларды, соның ішінде «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс жасайды.(ЕСЭДО) Бірыңғай құжат айналым жүйесі бағдарламасын білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары. Техникалық ғылымдар мен технологиялар (геология және  пайдалы қазбалар кен орнын барлау, геодезия және картография, құрылыс, мұнай-газ ісі). Қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару). Ауылшаруашылық ғылымдары(жерді мелиорациялау, баптау және қорғау).

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.  Уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

2.  Тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім

Құжаттар Түпқараған ауданы әкімінің аппаратының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейінгі жұмыс күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Түпқараған ауданы жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Түпқараған ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Түпқараған ауданы әкімінің аппаратыбасшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________________________________________________________________________________

______   ____________________________________
  (қолы)    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата


  • 21.01.2019
    15:37
    40
      2019 жылдың қаңтар айының 23-інен бастап 2002 жылы туған азаматтардың Түпқараған ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақырту пунктінде тіркеу…
  • 18.01.2019
    12:24
    26
    Бүгін Түпқараған ауданы әкімдігі мен Түпқараған аудандық сотының бірлескен жобасы «Отбасы-life» таныстырылымы үшін «Татуласу: сотқа дейін, сотта» тақырыбында дөңгелек үстел…
  • 16.01.2019
    12:20
    22
    Бүгін Түпқараған ауданы әкімі А.Хамиев ауданның белсенді ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы ардагерлер қауымымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/