Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Аудан мерейін асқақтатқан өнерпаздар мен спортшыларға алғыс айтылды

Бүгін аудан әкімдігінде «Ұлы дала ұрпақтары» атты республикалық фестивалдің бас жүлдесін және «АРТ-БӘЙТЕРЕК» халықаралық конкурсының І орын жүлдегері атанған Түпқараған аудандық мәдениет үйі жанындағы «Қызғалдақтар» бишілерімен және джиу-джитсудан халықаралық «FESTIVAL NUR-SULTAN OPEN» турнирінде І орын иеленіп келген аудан спортшыларымен кездесу өтті. Шақырылған құрметті қонақтар қатарында бұл жеңіске жеткен балалардың ұстаздары, бапкерлері мен ата-аналары да болды. – Тәуелсіз қазақ елінің болашағы – бұл жасөспірімдердің жеңісіне қуанып жатырмыз. Ауданның атын шығарған әрбір жастың еңбегі насихатталуға лайықты нәрсе. Баласын өнер мен спорт саласының қиындығына қарамай баулыған ата-аналарға да ерекше алғысымызды білдіреміз. Біздің ауданның атын шығаратын бұл балалардың жеңісті сәттері алдағы уақытта да көп болсын. Өнер мектебінің өз алдына бөлек ғимараты болса деген тілек көптен көтеріліп жүрген. Облыс әкімі С.Тұрымовтың өзі бұл мәселеге көңіл бөліп, НКОК компаниясының демеушілігімен салынуына жұмыстар жасалатынын айтып отыр. Ақшұқыр мен Сайын ауылдарында спорт кешенін салу күн тәртібінде тұр. Келешекте Баутин ауылынан спорт комплексін салу жобасы да әкімдікте бар,  - деген тілегі мен жағымды жаңалығын білдірген аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиев жас өнерпаздар мен жас спортшыларымызға «Алғыс хат» табыс етті. Ата-аналар қауымына гүл берсе, «Қызғалдақтар» би ұжымына дауыс зорайтқыш аппаратын да сыйға тартты.
  -Өнерге, спортқа құштар болып өскен жас уақытымен жұмыс атқара білуді, қиын кезде тез жинақтала алуды, дені сау болуға көңіл бөлуді әрі әдемі болуды да біліп өседі. Сонымен қатар әрдайым қоғам үшін маңызды шаралар ортасында жүргесін елдік шаруаға жанын беретін әрі жан-жағына энергия сыйлай алатын азамат болып өсетінін байқаймын. Өнерлі балаларды демеп жүретін өздерінің көзге көрінбейтін қанаты бардай көремін. «Шабуылдай да біліңдер, қорғана да біліңдер» деп спортшы жастарға ақыл айтудан шаршамаймын. Күні кеше ғана пайдалануға берілген Таушық ауылындағы спорт кешенінде тәрбиеленіп жүрген шәкірттерінің чемпион атақтары көп шығып келе жатыр. Бұл спорт залдарын тек ауылдық деңгейдегі сайыстар емес, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстар өтетін орын ету жұмыстары жүруі керек, - деді аудандық мәслихат хатшысы А.Досанова. 

#Түпқарағанауданыәкімдігініңбаспасөзқызметі


  • 05.12.2019
    13:02
    46
    Түпқараған ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс…
  • 06.12.2019
    11:53
    53
    Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша санаторий-курорттық емдеуге жататын мүгедектер кезектілігі (2018-2019 ж)
  • 05.12.2019
    11:44
    41
    Бірыңғай конкурстық комиссиясының (жалпы конкурс) 2019 жылғы 04 желтоқсандағы отырысының №25/4 хаттамасынан ҮЗІНДІ: КҮН ТӘРТІБІ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/