Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Хабарландыру

Түпқараған ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыруы

Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

  Е-G-1 санаты үшiн: 

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; 
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық,
бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны
хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен ынтымақтастық және
әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде
мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы
лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік
органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда А-
5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 
3) А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан
төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен
айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе
саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар
қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер
мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық
қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық
немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару
органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару
органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес; 
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру
ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық
комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  лауазымдық жалақысы (теңге)

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы

min

max

Е-G-1

305 771

398 801

 

Түпқараған ауданы «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130500, Форт-Шевченко қ,  Досан Тәжіұлы көшесі, № 13 ғимарат, 2 -қабат, 25 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (72938) 22601, тел/факс: 22462, e-mail: u.uteshova@mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. «Форт-Шевченко қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкім орынбасары, Е-G-1 санаты,  1 бірлік, №2.

Функционалдық міндеттері: ҚР Заңдарының, ҚР Президентінің, ҚР Премьер –Министрінің, ҚР Президент Әкімшілігі басшыларының жарлықтары және қаулыларының және  ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің құжаттарының, облыс және қала әкімдіктерінің, олардың орынбасары мен аппарат басшыларының тапсырмалары, шешімдері мен өкімдерінің толыққанды және уақытылы орындалуына басшылық жасайды. Кәсіпорындар мен мекемелерді, әлеуметтік объектілерді, тұрғын үй қорын жөндеу, қысқа әзірлеу. Төтенше оқиғалардың алдын алу, жедел қызмет түрлерінің жұмысын үйлестіру және бақылау. Қала әкімі аппаратының коммуналдық, жер қатынастары, сәулет, құрылыс мәселелері бойынша қызметтерін атқару. Қаланың коммуналдық қызметтерін реттеу, ұйымдастыру; құзыры шеңберіне шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау. Қаланың тазалығы мен санитарлық жағдайын қадағалайды, абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстарын басқарады. Ішкі саясатты, әлеуметтік-мәдени және жастар саясатын, діни ұйымдармен, әртүрлі партия ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты әкіммен келісіп өзара іс-қимыл жасауды іске асыру. Коммуналдық меншікке алу, оны тиімді пайдалану және жекешелендіру. Жұмыссыздықты азайту шараларын жүзеге асыру. Қызмет (жұмыс, тауар) түрлерін мемлекеттік сатып алу мәселелеріне басшылық жасау. Шағын бизнестерді дамыту. 

Қала ішіндегі көлік қозғалысын бақылау. 2014 жылдың есебі бойынша  мекеме балансында тұрған және сатып алынған негізгі қорларға жауаптылық міндеттеледі.

Қала әкімдігінің отырысының құжаттарын дайындау. Қала әкіміне ұсынылған нормативтік құжаттардың заңдылығын тексереді. Қала әкімі қабылданған шешімдердің аудандық әділет бөліміне тіркеуден өткізуге дайындап, тіркеуге ұсынады. Құқықтық оқыту мәселелері бойынша шараларды жүзеге асыруды ұйымдастырады.  Қала әкімі қабылдаған нормативтік құжаттарын тіркеуге ұсынылуы, өтуі немесе күші жойылған туралы ай сайын талдау жасайды, жоғарғы органдарға мәлімет береді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 21.07.2017 ж Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және оны жүзеге асырады. Заңның  тиісті тәсілдерін қолдану арқылы құжаттарды  жасақтайды. Тиісті құжаттарын веб – порталға  (http.www.goszakup.gov.kz) уақытылы орналастыруға жауапты. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жақтап, бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдалануына, мемлекеттік  сатып алу нәтижесі бойынша әлеуметтік өнім берушілермен шарт жасауды уақытылы орналастыруға жауапты. Е – қызмет ақпараттық және бірыңғай құжат айналымы жүйесінде жұмыс жасау. Қала әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның жұмысын үйлестіру. Бас мамандар мен қызметкерлердің жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалауға жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Жоғары-білім

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.  Уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

2.  Тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім

Құжаттар Түпқараған ауданы әкімінің аппаратының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейінгі жұмыс күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Түпқараған ауданы жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Түпқараған ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Түпқараған ауданы әкімінің аппаратыбасшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

  Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________________________________________________________________________________

______   ____________________________________
  (қолы)    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата


  • 21.11.2019
    11:26
    40
    С августа поступило более пяти тысяч обращений о невыдаче чеков В настоящее время в стране полным ходом идёт общереспубликанский пилотный…
  • 19.11.2019
    15:39
    54
    Түпқараған ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын…
  • 19.11.2019
    15:36
    47
    Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні – республикалық іс-шараның шеңберінде 2019 жылғы 21 қарашада сағат 10:00-ден Түпқараған ауданының прокуроры азаматтарды жеке…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/