Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін жеке меншікке және жалдау құқығын сауда-саттықта (аукциондарда) сатуға аукцион жариялайды.

Сауда-саттыққа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Көлемі (га)

Берілетін құқық түрі

Бастапқы баға (теңге)

Жыл сайынғы жер салығы (теңге)

Сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының 5% немесе 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі кеплдік жарна еңге)

1. 

Сайын Шапағатов ауылдық округі, VI квартал

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,0777

Жеке меншік

1794870

360

126250

2. 

Форт-Шевченко қаласы, Ақтілек мейрамханасы жаны

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,06

Жеке меншік

643000

360

126250

3. 

Форт-Шевченко қаласы, Форт-Баутин тас жолы бойы

Мейрамхана құрылысын салу үшін

0,5

Жеке меншік

5360000

559

268000

4. 

Форт-Шевченко қаласы, №1 учаскесі, Гелиос жанармай бекетіне қарсы бетте

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,0875

Жеке меншік

938000

6516

126250

5. 

Форт-Шевченко қаласы, №2 учаскесі, Гелиос жанармай бекетіне қарсы бетте

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,0875

Жеке меншік

938000

432

126250

6. 

Форт-Шевченко қаласы, Жаңа-Кетік шағынауданы, V квартал, №25/2 учаскесі

Кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін

0,1

Жеке меншік

1072000

54300

126250

7. 

Форт-Шевченко қаласы

Өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, уақытша сақтау өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру, орналастыру мен көму кешені және тазартылған сарқынды суларды буландыру алаңдарының құрылысын салу үшін

5,0

6 жылға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы (сату шартымен)

5 628 000

9503

281400

8. 

Ақшұқыр ауылы

Өндірістік база құрылысын салу үшін

0,68

6 жылға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы (сату шартымен)

2 129 760

9503

126250

9. 

Таушық ауылы

Кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін

0,25

Жеке меншік

507500

10860

126250

10. 

Таушық ауылы

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,3

Жеке меншік

870 000

1800

126250

11. 

Сайын Шапағатов ауылдық округі

Өндірістік база құрылысын салу үшін

1,0

5 жылға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы (сату шартымен)

2 002 000

7200

126250

12. 

Таушық ауылы

Дүкен құрылысын салу үшін

0,1

Жеке меншік

207000

720

126250

13. 

Форт-Шевченко қаласы

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,1

Жеке меншік

1340000

126250

14. 

Қызылөзен ауылы

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,2

Жеке меншік

348000

126250

Аукционға жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар қатыса алады.

1.  Аукционға ұсынылып отырған жер учаскелерін тиімді және жер заңнамаларының талаптарына сай пайдалану міндеттеледі.

2.  Аукцион ағылшындық әдіспен жүргізіледі.

3.  Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін:

1)  мәліметтер түріндегі жер учаскесіне меншік құқығын(жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;

2)  сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;

3)  өкілдің өкілеттіліктерін растайтын құжат.

Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады.

Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.

Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалардың құжаттары, егер сауда-саттыққа шығарылатын объектілер Жер кодексіне сәйкес осы тұлғалардың жеке меншік құқығында немесе жалдау құқығында болу қарастырылған жағдайда, сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін қабылданады.

4.  Аукционға қатысу туралы өтінімдер бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама шыққан күннен бастап 2019 жылғы 21 қараша сағат 15:00 ге дейін қабылданады. Мекен-жайы: Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы көшесі, №2 ғимараты.

5.  Аукцион 2019 жылғы 22 қараша күні сағат 15:00 де Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы көшесі, №2 ғимаратында өткізіледі.

6.  Аукционға қатысты барлық сұрақтарға жауаптар мен кеңесті Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінен алуға болады.

Мекен-жайы: Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Оңғалбайұлы көшесі, №2 ғимараты, тел: 8(72938) 2-25-88.

ЖАРНАНЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің бастапқы бағасының бес пайызын құрайды, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Бұл ретте, кепілдік жарна сауда-саттық объектілерінің әрқайсысы бойынша бөлек енгізіледі.«Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ депозиттік есебіне  БСК  KKMFKZ2A,  ЖСК  KZ240705034862752001,  БСН  160640008137 салынады.

   

АУКЦИОНДЫ ӨТКІЗУ ШАРТЫ:

Сауданың ағылшын тәсілі. Аукционист нысанның бастапқы бағасын және өсіп отыру қадамын хабарлайды, өзгеріс қадамы нысанның ағымдағы бағасының 5-тен 10-ға дейін пайызын құрайды. Сауда қатысушының нөміру көтерілумен бастапқы баға көтеріледі, бірақ хабарландырылған қадамнан артық емес. Аукционист нысан бойынша сауда қатысатындардың нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны көтеруге ұсыныс жасайды. Нысан бойынша сауда ең жоғарғы ұсынылған бағаға дейін жүргізіледі. Аукционист нысан үшін ең жоғарғы баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционист нысанның соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған жағдайда балғаның соғылуымен осы нысанның сатылғандығын хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі  тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;

Нысан бойынша саудалар нысан бойынша саудаға қатысушылардың саны 2-ден кем болмаған жағдайда өтті деп саналады.

ТӨЛЕМНІҢ ТҮРІ МЕН ШАРТЫ:

Аванстықтөлем аукцион барысында бекітілген бағаның 50%пайызы көлемінде енгізіледі, сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін бес банктік күн мерзімінен кешіктірілмей төленеді. Кепілдік салым тиесілі аванстық төлем есебінен саналады. Қалған сомма сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізілуі керек.

Сатушы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда:

1)  қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартса;

2)  аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса,аукционға қатысу кезінде жер учаскесіне құқығын сатуға жарияланған шартпен, аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасудан;

3)  Сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда қайтарылмайды.

Басқа жағдайлардың барлығында кепілдік жарналар осы қатысушының деректемелері көрсетілген, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.

ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН САТУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ АУЫРТПАЛЫҚТАР(ШЕКТЕУЛЕР) ТІЗІЛІМІ:

Сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ауыл, ауылдық округ әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесіне сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын(сервитут) беруге, уақытылы жер салығын енгізуге міндетті.

«Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі


  • 21.11.2019
    11:26
    40
    С августа поступило более пяти тысяч обращений о невыдаче чеков В настоящее время в стране полным ходом идёт общереспубликанский пилотный…
  • 19.11.2019
    15:39
    54
    Түпқараған ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын…
  • 19.11.2019
    15:36
    47
    Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні – республикалық іс-шараның шеңберінде 2019 жылғы 21 қарашада сағат 10:00-ден Түпқараған ауданының прокуроры азаматтарды жеке…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/