Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты


Түпқараған ауданы төлқұжаты

Аудан  әкімі: Асауов Темірбек Тыйылұлы

 (2012 жылдың шілде айынан  бастап қызметте)

Түпқараған ауданы  1963 жылы құрылды

Ауданның аумағы – 8,52 мың.га.

Түпқараған ауданы жалпы жер қоры – 136 885,5 га.

Облыстың орталығы Ақтау мен Түпқараған ауданының  арақашықтығы – 132 км.

Түпқараған ауданы құрамында Форт-Шевченко қаласы, Баутин, Қызылөзен, Таушық, Ақшұқыр ауылдары және Сайын Шапағатов ауылдық округі кіреді.

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы «Форт- Шевченко шағын қаласының 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді даму жоспары», сондай – ақ  «Аумақты дамыту» бағдарламасы,  «Түпқараған ауданының дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру арқылы жүргізіліп, аудан бойынша қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталды. 

Халық саны. Түпқараған ауданының және оған іргелес елді мекендердің (Форт-Шевченко қаласы, Баутин, Қызылөзен, Таушық, Ақшұқыр ауылдары және Сайын Шапағатов ауылдық округі) туу көрсеткішінің есебінен жыл басынан бері 4,2 %  адамға өсіп, халқының саны 25874мың адамды  құрайды.

Түпқараған ауданының әкімшілік-аумақтық құрамына 1 қала - Форт-Шевченко қаласы (6298 мың адам), 5 ауыл -  Баутин (4538 мың адам), Таушық (2858 мың адам), Ақшұқыр (7680 мың адам), Қызылөзен (1020 мың адам) және 1 ауылдық округ – Сайын Шапағатов (3480 мың адам) кіреді.

Өнеркәсіп. Есепті кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданыстағы бағада 174,1 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 98,7 % құрады.

2015 жылғы қаңтар – маусымда өнеркәсіп кәсіпорындары 174,1 млрд. теңге, оның ішінде кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі салаларында 172,8  млрд.тенге және 740,1  млн.теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу, ауа баптау 152,6  млн. теңге және сумен жабдықтауда  449,7 млн.теңге өнім өндірді.

Есепті кезеңде Түпқараған ауданы кәсіпорындары 2327,2  млн. тонна  мұнай өндірді  (2014ж. сәйкес кезеңіне 102,8 %), яғни бұл облыс деңгейінің 25,4 %  құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 35,9  млрд.теңгені құрады. Инвестициялардың басым көздерінің 88,8% шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты болып табылады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5015,4 млн. теңгені құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлеміндегі негізгі үлесі 100,0 пайызы қүрайтын салушылардын меншікті қаражатынан болды.

Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің саны 2014 жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға өсті және 1551 бірлікті құрады.  2015 жылдың 6 айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ –ның Маңғыстау облысы бойынша филиалы арқылы «Кәсіпкер» бағдарламасымен 2 кәсіпкерге 9,0 млн.теңге , «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен 6 кәсіпкерге 18,0 млн .теңге жеңілдетілген несие қаражат  берілді.

Орташа айлық жалақысы – 112961 теңгені, ірі және орта кәсіпорындарда 143118 теңгені құрады. Аудан бойынша 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда барлық экономикалық қызмет түрлері бойынша тек: мемлекеттік басқару, тұру  бойынша қызметер, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер  және өзге де қызметтер түрлерінен байқалады.  Еңбек ақының жоғары деңгейі – көлік және қоймалауда және өнеркәсіпте сақталуда.

Нақтыланған бюджет көлемі, кірістер бойынша  6 млрд 22 млн 333,5 мың теңге, кірістің  үш санаты бойынша жылдық жоспары 4 млрд 551 млн 998,5 мың теңге, алты айымен 2 млрд 704 млн 879,4 мың теңге, яғни түсім 103,5 % орындалды.

Аудан  бюджетінің шығыс бөлігі  жылдық жоспары 6 261 529,6 мың теңге, есепті кезеңге жоспары 2 871 064,0 мың теңге, оның  99,1% орындалып, 2 845 224,5 мың.теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен түсетін ағымдағы нысаналы  трансферттер есепті кезеңде  100% орындалынып, 570 млн 860,0 мың теңгені құрады.

Аудан бойынша 632 азамат жұмыс іздеп хабарласты, оның ішінде елді мекен 422 адам. Ерлер 374, әйелдер 258, жастар 311. Әлеуметтік солардың ішінде тұрақты жұмысқа  150 адам орналасты. Әлеуметтік жұмыс орнына 24 адам орналастырылса, 55 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды және компаниялар арқылы 75 жұмыс орындары құрылды. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген 12  түлек жастар тәжірибесімен қамтылды, Кедейшілік шегінен төмен тұратын адам саны – 21 отбасы/ 123 адам  (2014 жылы сәйкес кезеңінде 9 отбасы / 53– адам болды).

Денсаулық саласында7 медицина мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде: 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 жедел жәрдем станциясы, 3 дәрігерлік амбулатория, 1 фильшерлік – акушерлік пункт . «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуымен медицина саласы бойынша ауданда оң көрсеткіш байқалады. Орташа өмір сүру ұзақтығы  72 жасты құрап отыр. Ауданда барлық елді мекендері медициналық көмек көрсету мекемелерімен толықтай қамтылған. Материалдық – техникалық базасы қалыптасқан. 

2016 жылы Таушық ауылында жаңадан дәрігерлік амбулатория құрылысын салу жоспарға енгізілген, сонымен қатар биыл аудан орталығындағы өкпе аурулар ауруханасы  жабылды.

2015 жылы ана өлімі тіркелген жоқ.

Балалар өлімінің саны 4- тен 3 -ке төмендеп, 2015 жылдың, айына 6,8 % құрады.

Туберкулезбен ауыру 100 мың халыққа шаққанда  5 адамға өсіп 12 құрады .  (2014 жылы  6 айында 7 адам). 2015 жылы туберкулезден өлген адам саны тіркелген жоқ.

Білім беру саласына Аудан бойынша барлық мектептердің материалдық базасын нығайтуға 41 млн 652 мың теңге жоспарланып, есепті кезеңдегі қаражатты -100пайыз орындап,  8 млн 192 мың теңге  игерілді.

Ауданның білім саласында 8 жалпы орта білім беретін мектеп, 9 балабақша, 2 шағын орталық, 2 жеке меншік шағын орталық , қосымша білім беретін «Дарын» орталығы мен кәсіпке бағдарлау арналған өнер мектебі жұмыс жасайды. 2014 жылы Ақшұқыр ауылында 960 орынды мектеп пайдалануға берілді. Биыл желтоқсан айына аудан орталығынан 550 орынды мектеп іске қосылмақшы, осымен 3 ауысымды оқу мәселесі толығымен шешіледі. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту шаралары жалғасуда. Аудан бойынша мектепке дейін тәрбиемен қамту көрсеткіші 80 пайыз көлемінде (2217 бала ) және кезекте барлығы 1947 бүлдіршін болса, оның ішінде 3-6 жас аралығында 673 бала . Биыл ауданда 190 орынды 2 балабақша пайдалануға тапсырылады. Аудан бойынша орта мектептерде барлығы 6077 оқушы оқыды.

2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп бітіруші түлектің саны – 202 (өткен оқу жылында – 157). Оның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқаны -145 (қатыс - 71,8%),  былтырғы оқу жылында қатысқаны – 121 (77,1%). ҰБТ бойынша орта ұпайы – 76,1 (былтыр орта ұпайы – 77,4).

  Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың 5 пән бойынша 50 ұпайдан төмен жинаған түлектер саны – 2, (өткен оқу  жылында – 2), ал 4 пәннен қазақ сыныптары үшін орыс тілі  және орыс сыныптары үшін қазақ тілі пәндерін есептемегенде шектік деңгейден өтпеген – 17 оқушы (11,7%),  былтыр – 15(12,4%).

  100 және 100-ден жоғары ұпай жинаған түлектер саны – 8, бұл мектеп бітіруші түлектердің 5,5%-ы, өткен оқу жылында – 9 оқушы 100 және 100-ден жоғары ұпай жинаған болатын ( 7,3%).

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша

2015 жылы ауданға жергілікті бюджеттен көтерме жәрдемақы алуға 35 маманға 4 млн 856 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде білім беру саласы бойынша 25 маманға 3 млн 468 мың 500 теңге, денсаулық саласы бойынша 1 маманға 138 мың 740 теңге,  барлығы  26 маманға 3 млн 607 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді. Ережеге сәйкес 3 жыл (көтерме жәрдемақы алған мамандар) жұмыс тұрақтылығы сақталуы тиіс. Банкалық қызмет үшін (агент) 2 млн 850 мың теңге қаралып, есепті кезеңге жоспар бойынша 981 мың 500 теңге игерілді.

(Бір маманға 70 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)*1982=138 740 теңге).

2015 жылы аудан бойынша республикалық бюджеттен бюджеттік кредитке 29 млн 730 мың теңге қаралды.

Оның ішінде  білім беру саласы бойынша 2 маманға 5 млн  751  мың  теңге берілді.  Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит 15 (он бес) жыл мерзімге беріледі, кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдың 0,01%-мөлшерінде белгіленген.

Түпқараған ауданының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда: «2011-2015 жылдарға арналған Түпқараған ауданы аумағын дамыту» бағдарламасы, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы, «Ақбұлақ бағдарламасы»,  «Форт- Шевченко шағын қаласының 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді даму жоспары» бағдарламасы. 


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/