Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Қазақстанның халқының ассамблеясының мақсаттары мен міндеттері



Қазақстан Республикасы Президентінің  жанындағы Консультативтік-  кеңесші орган.

Мақсаты мен  міндеттері

1.  Нәсіліне, ұлтына,  тіліне, дінге қатыстылығына, әлеуметтік  топтарға  тиесілілігіне қарамастан, азаматтардың  құқықтыры мен бостандығының  теңдігі;

2. Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдерін және  дәстүрлерін  жан-жақты  дамыту;

3. Халықаралық ұйымдармен ықпалдастық байланысты кеңейту;

4. Қазақстан этонстарын  топтастыру арқылы қазақстандық  бірдейленуді қалыптастыру;

5. Рухани бірлік, халықтар достығын және ұлтаралық келісімді нығайту  және сақтау  идеясын қалыптастыру  және  тарату;


Ассамблеяның  қыметі  мынадай  міндеттерді  шешуге  бағытталады:

1.  Республикада  ұлтаралық және  конфессияаралық келісімді, қоғамдағы  тұрақтылықты  сақтауға  жәрдемдесу;

2. Қазақстан Республикасының аумағында  тұратын ұлыстар өкілдерінің арасында  достық қарым-қатынасты  дамытуға  ықпал ететін,  тек құқықтық қағидатын сақтау  негізінде  олардың  рухани-мәдени қайта  түлеуі мен дамуына  жәрдемдесетін, мемлекеттік саясатты жүргізу жөнінде  ұсыныстар әзірлеу;

3. Өркениетті және  демократиялық нормаларға  сүйенетін, азаматтардың саяси  мәдениетін  қалыптастыру;

4. Мемлекет жүргізетін ұлттық саясатта алуантүрлі  ұлттық  мүдделердің есепке алынуын қамтамасыз ету;

5. Қоғамда туындайтын әлеуметтік қайшылықтарды шешу үшін ымыраларды іздеу.

Қазақстан халқы Ассамблеясының  Төрағасы  қызметі  бойынша  Қазақстан Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев болып  табылады.

Ассамблея  Төрағасы  Ассамблея қызметінің  негізгі  бағыттарын  айқындайды  және  бекітеді. Ассамблея  Төрағасының  екі  орынбасары  болады.

Ассамблея  Төрағасының  орынбасарын  Ассамблея  Кеңесінің  ұсынымы  негізінде  Қазақстан Республикасы  Президентінің  актісімен тағайындалады.

Ассамблея  сессиясын  Ассамблея  Төрағасы  шақырады. Ассамблея  сессиясының  өткізілетін күні, орны мен жорамалданған күн  тәртібі,  сессия жұмысы басталардан  бір ай  бұрын хабарланады. Сессия жылына   кемінде  бір рет  шақырылады.

Қазіргі  кезде  Ассамблеяның  өз құрамында 350  мүшесі  бар.

 Ассамблея  құрамын Ассамблея  Төрағасы  ұлттық-мәдени және  басқа да қоғамдық  бірлестіктер өкілдерінің,  сондай-ақ  олардың қоғамдағы  беделі,  қоғамдық-саяси  белсенділігін есепке ала отырып,  өзге де адамдар қатарынан қалыптастырады.

Қазақстанның әр  облысында  Қазақстан халқының кіші Ассамблеясы бар және  әкімдік жанындағы консультативтік-кеңесші  орган болып  табылады.

Ассамблея  сессиясын  Ассамблея  Төрағасы  шақырады.  Ассамблеяның  кезектен  тыс  сессиясын  Асамблеяның  Төрағасы өз бастамасымен немесе  Ассамблея мүшелері жалпы санының  кемінде үштен  бірінің  өтініші  бойынша  шақырады және  шешім қабылданған күннен  бастап  бір ай  мерзімде  өткізіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясының  мүшелігіне кандидаттар ұлттық-мәдени  орталықтардың  ұсыныстары  бойынша  кіші ассамблеялар  сессияларының  шешімдерімен  ұсынылады, ал өңірлік және республикалық  қоғамдық бірлестіктерден  олардың жоғарғы  органдарының  шешімдерімен  ұсынылады.

Елімізде  100-ден  астам  ұлттық мектеп, 170 жексенбілік  мектеп жұмыс істейді, онда 23 ана  тілі үйретіледі. Ұлттық қайта  түлеудің  үш  мектебінде  12  ана  тілін үйрену  бойынша 29 бөлім жұмыс істейді.

Ел Үкіметі  осынау  мектептерге қаржылай қолдау көрсетуге  жыл сайын  12 млн.  теңге  бөледі.

Бұдан басқа,  оларға  жергілікті  бюджеттен де көмек көрсетіледі.

Ассамблеяның қызметі  ұлтаралық қатынас  проблемасын  тиімді шешіп отырған  Қазақстан Республикасының  халықаралық  беделінің өсуіне септігін  тигізуде. Ассамблеяның  қосқан үлесі ең жоғары  деңгейде  лайықты  бағаланды. Елімізге  сапармен келген БҰҰ Бас  хатшысы  Кофи Аннан,  әлемнің  басқа  мемлекеттері үшін Қазақстанды  ұлтаралық  келісімнің, тұрақты, орнықты дамудың үлгісі деп атады. Қазақстанда  болғанда, Рим Папасы Иоанн Павел II қазақстан халқы  туралы  шынайы  лебізін білдірді. 


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/