Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Әкімшілік-аумақтық бөлініс



Аудандар, қала атауы

Облыстық/аудан орталықтары

Аумағы, мың.кв.км.

Ауылдық және кенттік елді-мекендер саны

Облыс әкімшілік орталығына 

дейінгі арақашықтық,

км.

Ауылдық және поселкілік округтер   саны

Түпқараған ауданы

Форт-Шевченко қаласы

37 611,27га

4

132 км.

1

  Форт-Шевченко

  қаласы

5665,23га

Баутин ауылы

1104,44га

  Қызылөзен ауылы

8276 га

Таушық ауылы

11560 га

  Ақшұқыр ауылы

5336,6га

  Сайын Шапағатов ауылдық округі

5669 га

ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР

Түпқараған ауданы

Форт-Шевченко қаласы

Қазақстанның Маңғыстау облысында, Маңғышлақ (Түпқараған мүйісі) түбегінде орналасқан қала. Каспий теңізіндегі (Баутин) порты. Жер көлемі – 54,5 ш.ш. Халқы — 6298 адам. Өнеркәсіптің негізгі салалары — азық-түлік (балық комбинаты) және ұлутас өндіру. Қаланың негізі Новопетровское әскери бекінісі ретінде 1846 жылы қаланған, 1857 жылы Александровский форты болып қайта аталған. 1850—1857 жылдары мұнда Т. Г. Шевченко жер аударуда болған, оның құрметіне 1939 жылы Александровский форты Форт-Шевченко болып қайта аталған (1924 жылы форт Урицкий деп аталған).

Қалада Шевченко мемориальдық мұражайы, өлкетану, этнографиялық мұражайлары бар. Бекіністің қалдықтары сақталған. Шевченко ескерткіші. Азамат соғысы батырларының бауырластар зираты. 2 шақырымдай жерде XVI—XX ғасырлардың архитектуралық кешені; қаладан 31 шақырым жерде —XVII—XIX ғасырлардың қорымы.

Форт-Шевченко қаласы – Маңғыстаудағы  алғашқы қала. Түпқараған ауданының әкімшілік орталығы. Ақтаудан солтүстік – батысқа қарай 132 км.қашықтықта Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Тұрғын саны 6298. Форт-Шевченко қаласының жер аумағы 37611,27 га.

Орта ғасырларда бұл жерде теңіз айлағы-Кетікқала қалашығы орналасқан. Бекініс аумағында жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижесі бойынша Кетікқала қалашығы 10-15 ғасырлада Еуропа мен Орталық Азияның экономикалық орталықтарымен сауда байланыстары болғанын айғақтайды.

1716 жылы –Каспий теңізінің шығыс жағалауын иеру мақсатында Ресей патшасы Петр І әмірімен А.Бекович-Черкасский басқарған экспедиция осы жерде алғашқы «Әулие-Петр» орыс камалының іргетасын  қалады.

 Іргесі 1846 жылы Новопетровск бекінісі ретінде қаланды. 1857 жылы Форт-Александровск, Қазан төңкерісінен кейін Форт-Урицкий, 1939 жылы Форт-Шевченко аталады. Мұнда 1850-1857 ж.ж. Украин ақыны Т.Г.Шевченко айдауда болған. Қала статусы оған 1928 жылы берілді. 1932 жылы Шевченконың  мемориалдық  мұражайы ашылды.  1963 жылға дейін Шевченко ауданының орталығы.1992 жылы жаңадан құрылған Түпқараған ауданының орталығы.

Каспий теңізі қайраңынан табылған мұнайды игеруге байланысты Форт-Шевченко қаласы соңғы 15 жыл ішінде жаңа бағытта күрт дами бастады.

 2000 жылы қала орталығында жергілікті халықтың бастамасымен мешіт салынған.

2013 жылы Форт-Шевченко қаласы республикалық моноқалалардың қатарына еніп, сәуір айында Түпқараған ауданы әкімінің қаулысымен Форт-Шевченко қаласының әкімдігі құрылды.

Қаламызда  1 орта мектеп, 1 қосымша білім беру орталығы, 3 балабақша,  аудандық емхана, орталықтандырылған  аурухана, өкпе аурулар ауруханасы, балалар, жұқпалы аурулар бөлімшесі, 3 мұражай, өнер және кәсіпке бағдарлау мектебі, спорт кешені, жастар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Мәдениет үйі, Жастар орталығы, «АльянсБанк», «Халық банк»,  «Қазпошта» АҚ бөлімшесі, «Қазақтелком» АҚ,  халыққа қызмет көрсету орталығы, 2 мейрамхана,  жұмыс жасайды.

Баутин ауылы – Форт-Шевченко қаласының солтүстік-батыс жағынан 4 км. қашықтықтағы Каспий теңізі қойнауындағы қала типті елдімекен. 1849 жылы Николаевск станциясы ретінде құрылған. 1922 жылы Маңғыстау уезінің екінші партия конференциясының өкімімен А.Е.Баутиннің есімімен ауыстырылды.  Жер аумағы 1096,7 га. Ауыл аумағына Аташ елдімекені кіреді.  Халқының саны 4538.

Ауылда 1 мектеп- лицейі, 1 мектеп-гимназиясы /қазақша және орысша/,  Маңғыстау политехникалық колледжінің филиалы, 2 балабақша, 2 дәрігерлік  амбулатория,  2 кітапхана,  пошта бөлімшесі, 6 қонақ үй,  кафе-бар, 26 сауда нүктесі, 2 шаштараз, 3 балаларға арналған ойын алаңы,  телефон станциясы, су тұщытатын қондырғы орналасқан. Ауылда  көптеген шетелдік, отандық компаниялар жұмыс жасайды.

Баутин ауылы- өзінің тарихи мұраларымен танымал. Мысалы төменгі және жоғарғы маяктар/1863ж/, теңізагенттігі, «Меркурий» солтүстік –кавказ компаниясы /1887ж/, А.Е.Баутинге қойылған ескерткіш /1927ж/, Әліби Жангелдинге қойылған ескерткіш тақта /1978ж/, балық шарушалығын алғашқы  ұйымдастырушы Дубский Захар Кузмичтің тұрған үйі /1913ж/.

Ақшұқыр ауылы –Ақтау қаласынан 14 км. қашықтықта  теңіз жағалауындағы елдімекен. 1870 жылы іргесі қаланған. Тарихи құжаттарға жүгінсек Ақшұқыр ерте кезден-ақ Маңғыстау өңірінде Түрікмен болысының орталығы болған. Бұл күндері Ақшұқыр облыс орталығы іргесінде, тоғыз жолдың торабындағы болашағы мол елдімекен.  Жер аумағы 5382,81 га.  Халқының саны  7680.

Ауылда «Жайлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 орта мектеп,1 мектеп лицей,  4 балабақша /жеке  шағын орталық/,  кітапхана, дәрігерлік амбулатория, «Достық» мәдениет үйі, 1 мейрамхана,  халыққа  қызмет көрсететін  коммуналды шаруашылық  кәсіпорны  «АқшұқырГазсервис», «ҚазТрансГазАймақ», «Қазпошта» АҚ-ның ауылдық бөлімшесі, аймақтық  полиция пункті, 2 дәріхана, 3 наубайхана, мейрамхана, тігін шеберханасы, шаштараз, 18 шаруа қожалықтары қызмет істейді.

Сайын Шапағатов ауылы- бұрынғы атауы Қараманды елдімекені, кейіннен Тельман ауылы болып өзгертілген. Ақтау қаласынан 23 км. қашықтықта орналасқан.  Маңғыстау облысы әкімдігінің 15 шілде 2012 жылғы №266 қаулысымен және облыстық маслихаттың 23 шілде №26/304шешімі бойынша С.Шапағатов атындағы селолық округ болып құрылып, 2010 жылдың 6 қазанынан бастап селолық әкімшілік аппараты қызметіне кірісті. Жер аумағы 3748,85 га. Халқының саны-3480.

 Ауылда  1 мектеп-лицейі, мектеп жанындағы  75 орындық шағын орталық, 1 балабақша, 1 кітапхана, дәрігерлік амбулатория, ардагерлер үйі, 13 сауда нүктесі, 2 дәріхана, фотосалон және полиция бөлімшесі  жұмыс жасайды.

Ауыл маңында орналасқан  «Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС, Халықаралық «Ақтау әуежайы» АҚ мекемелері қызмет істейді.

Таушық ауылы – Форт-Шевченко қаласынан 90 км. қашықтықта  Ақтау-Қаражанбас-Қаламқас жолына 8 км батысқа қарай  орналасқан. 1939 жылы іргесі қаланған.  Таушық ауылында ертеде негізінен көмір өндірісі болған. Ұлы Отан соғысынан кейін көмір өндіру тоқтатылған. 1941-1965 жылдары Маңғыстау ауданының орталығы болған.  Жер аумағы 11567 га. Халқының саны – 2858.

Ауылда  «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС, мешіт, 1 орта мектеп, ауылдық емхана, балабақша, мәдениет үйі, кітапхана,  «Қазпошта» АҚ-ның ауылдық бөлімшесі, байланыс бөлімі, 12 сауда нүктесі,  орталық базар, полиция бөлімшесі, тігін шеберханасы,  мейрамхана, 34 шаруа қожалығы қызмет істейді.

  Қызылөзен селосы – 1931 жылы балықшылар артелі болып құрылған. 1963 жылға дейін Шевченко атындағы балықшылар колхозы болса, 1963 жылдың қазан айынан бастап, Қызылөзен түйе совхозы болды. 1984 жылы Түпқараған асыл тұқымды қой совхозы құрылған күннен бастап Қызылөзен ауыл кеңесі жұмыс жасады. Қазіргі күні Қызылөзен ауылы әкімінің аппараты қызмет істейді. Жер аумағы 9270 га. Халқының  саны -1020.

  Ауданы орталығы Форт-Шевченко қаласының шығыс жағында 38 шақырым қашықтықта, облыс орталығынан батысқа қарай 94 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағасында ойпатты жерде орналасқан. Ауылда 1 мектеп,  мәдениет үйі,  кітапхана,  акушерлік пункт,  АТС, «Қарағантүбек» ЖШС, 3 жекеменшік сауда нүктесі,  кеме жолдарын бағыттайтын Маяк және 38 шаруа қожалығы қызмет істейді.

  Ауыл көлемінде тарихи ескерткіштер ескі қорымдар өте көп. Мысалға Бесінбай 17-19ғ.ғ., Үш там 10-18ғ.ғ., Құсым 16-19ғ.ғ., Сағындық 10-17ғ.ғ., Нұрқабай 19ғ., Бегеш 10-17ғ.ғ., Саура жері табиғаттың тамаша тартуы. Бұл жерге жан-жақты туристер келіп демалып қайтады. 

Құрылған уақыты: 

1963 жылға дейін Шевченко ауданы,аудан орталығы Форт-Шевченко қаласы  1972-1992 жылдары облыс бойынша дербес қала болып келді. 

1992 жылғы 6 шілде де Түпқараған ауданы болып қайта құрылды

Әкімшілік орталығы:                  

Форт-Шевченко қаласы 

Әкімшілік құрылымы:

1 қала Форт-Шевченко қаласы 

Әкімшілік-аумақтық бөлініс:

4 ауыл, 1 ауылдық округ

1. Баутин ауылы

2.Қызылөзен ауылы

3. Таушық ауылы

4. Ақшұқыр ауылы

5. Сайын Шапағатов ауылдық округі

Аудан әкімі:

Асауов Темірбек Тыйылұлы (2012 жылдың шілде айынан  бастап қызметте)

Жер көлемі:

8,52

Халқы:

25874

Ұлттық құрамы:

-

Телефон коды:

+7 72938

Пошта индекстері:

130500


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/