Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Ереже


                                                                                                                       Түпқараған ауданы әкімдігінің  

   «___» __________ 2012 жыл

  №___ қаулысымен бекітілген

«Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

Ұйымдық құқықтық нысаны: мемлекеттік мекеме

Меншік нысаны:  мемлекеттік

Мекен – жайы   130500, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы,  

  Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Д.Тәжіұлы 13.

Форт-Шевченко қаласы

2013 жыл 

«Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

  1. Түпқараған ауданы әкімінің аппараты Түпқараған ауданы әкімінің қызметін ұйымдастыруды, құқықтық-ақпараттық талдау және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
  2. Түпқараған ауданы әкімінің аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Түпқараған ауданы әкімінің аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Түпқараған ауданы әкімінің аппараты  азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

  5. Түпқараған ауданы әкімінің аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 

  6. Түпқараған ауданы әкімінің аппараты өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Түпқараған ауданы әкімінің аппараты  басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  7. Түпқараған ауданы әкімінің аппараты  құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

  8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi. 130500, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Түпқараған  ауданы әкімдігінің ғимараты.  

9. Мемлекеттiк органның толық атауы - «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  мемлекеттiк мекемесi.
  10. Осы Ереже Түпқараған ауданы әкімінің аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

  11. Түпқараған ауданы әкімінің аппараты қызметiн каржыландыру
республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (сметасынан) жүзеге асырылады.

  12. Түпқараған ауданы әкімінің аппараты кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Түпқараған ауданы әкімінің аппараты функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  Егер Түпқараған ауданы әкімінің аппараты заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

  13. Түпқараған ауданы әкімінің аппаратының миссиясы:

  Аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету.  
 

  14. Мiндеттерi:

  1) Аудан әкімінің мына салалардағы:

  әлеуметтiк-экономикалық және iшкi саясаттың өзге де бағыттарындағы;
  құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртiбi;

  кадр саясаты;

  селолар мен селолық округтер әкiмдерiне қатысты және өңiрлiк саясат саласында;
  өзiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға қатысты;
  2) аудан әкімі жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың қызметiн қамтамасыз ету;

  3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген және (немесе) аудан әкімі айқындайтын өзге де мiндеттер болып табылады.

 

  15. Функциялары:

  аудан әкімдігі мен Түпқараған ауданы әкімінің аппараты Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету,

  аудан әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін ай сайынғы мәселелердің тізбесін дайындау;

  аудандық атқарушы органдардың дайындаған аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын сараптау;

  Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігінің және облыс әкімінің нормативтік-құқықтық кесімдерінің орындалу барысы туралы аудан әкіміне жүйелі түрде хабарлау;

  облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен облыс, аудан әкімідері шешімдеренің, өкімдерінің орындалу мерзіміне бақылау жасауды жүзеге асыру;

  аудан әкімдігінің мәжілістерін, аудан әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін кеңестерін, ресми кездесулер мен сапарларын, басқа да іс-шараларын

ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

  селолық, селолық округтік атқару органдарының қызметін үйлестіру, олардың Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары мен өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдерінің орындалуы туралы ақпаратты уақыты алу;

  Қазақстан Республикасы Сенаты мен Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттарына уәкілеттігін жүзеге асыруға ықпал ету;

  аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы жұртшылық пікірін зерттеу, экономика мен қоғамдық өмірдегі жағымсыз құбылыстарды қорыту және оның алдын алу мен еңсеру жөнінде ұсыныстар дайындау;

  аудан әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз ету;

  аудан әкімінің қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз етуге және өзге де мәселелерін шешуіне қатынасу;

  кадрлар оқуын, дайындау мен қайта даярлауды ұйымдастыру;

  аудан әкімдігі мен аудан әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, іс қағаздарын жүргізу;

  мемлекеттік қызметтің барлық саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;

  қызметтік құжаттарды дер кезінде қарау;

  азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін дер кезінде қарау;

  азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру.

 

  16. Құқықтары мен мiндеттерi:

  мемлекеттік органдардың қарамағында болған кез-келген, соның ішінде құпия ақпараттық деректер базасын пайдалануға;

  аудан әкімі аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен хат алмасулар жүргізуге;

  ауданның атқарушы органдары дайындаған аудан әкімдігі қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын сараптауды жүзеге асыруға;

  әкімдіктің мәжілістерінде аудан әкімдігі қаулыларының, әкімнің шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын қарау кезінде туындаған алауыздықты жою жөнінде тапсырма берілген жағдайда оларды пысықтап, тиянақтауға қатысуға;

  Президенттің нормативтік-құқықтық кесімдерін, Үкіметтің қаулыларының, облыс әкімдігінің қаулыларының, сонымен қатар, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің орындалуын тексеруді жүргізуге қатысуға;

  Президенттің, Үкіметтің нормативтік-құқықтық кесімдерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің өкімдері мен шешімдерінің орындалу мерзімін бақылауды жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

  17. Түпқараған ауданы әкімінің аппаратына басшылықты Түпқараған ауданы әкімінің аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
  18. Түпқараған ауданы әкімінің аппаратының бiрiншi басшысын Түпқараған ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  19. Түпқараған ауданы әкімінің аппаратының бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
  Түпқараған ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің өкілеттігін айқындайды, олардың ережелерін бекітеді;

  Түпқараған ауданы әкімінің аппараты туралы Ережені әзірлейді және аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

  Келіп түскен құжаттарды орындау жөніндегі ұсыныстарды аудан әкіміне даярлауды ұйымдастырады;

  Түпқараған ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Түпқараған ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

  Аудан әкіміне аудан әкімдігінің қаулылырына, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне және басқа да материалдарға қол қоюға ұсынады;  

  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Түпқараған ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, селолар мен селолық округ әкімдері аппараттарымен, азаматтық қоғам институттарымен және аудан тұрғындарымен әрдайым тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

  Президенттің нормативтік-құқықтық кесімдерін, Үкіметтің қаулыларының, облыс әкімдігінің қаулыларының, сонымен қатар, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің орындалуын бақылау бойынша жұмыстарды үйлестіреді;

  Құрылымдық бөлімшелердің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кадрлар резерві және мемлекеттік мекемелер мен ауданның коммуналдық меншіктегі кәсіпорындардың басшыларын тағайындау жөнінде  аудан әкіміне ұсыныстар дайындайды;

  Аудан әкімі жүргізетін кеңестерге қатысады, оның тапсырмалары мен нұсқауларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

  Аудан әкімінің жалпы сипаттағы бір жолғы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;

  Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

  Түпқараған ауданы әкімінің аппаратының бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

   20. Бiрiншi басшы құрылымдық бөлімше бастықтарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.


   21. Түпқараған ауданы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Түпқараған ауданы әкімінің аппаратының басшысы басқарады.
 

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

  22. Түпқараған ауданы әкімінің аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

  Түпқараған ауданы әкімінің аппаратының мүлкi оған меншiк иесi берген
мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
  23. Түпқараған ауданы әкімінің аппаратына бекiтiлген мүлiк
коммуналдық меншiкке жатады. 

  24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Түпқараған ауданы әкімінің аппараты, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

  25. Түпқараған ауданы әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және
тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/