Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

АЗАТ ЕЛДІҢ АР-НАМЫСЫ – АТА ЗАҢ


Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл толды. 30 тамыз күні республика деңгейінде кеңінен аталып өтілген мереке түбегімізде де тойланды. 28 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» тақырыбында жиын өтіп, аудан дамуына үлес қосқан бір топ азаматтар марапатталды.

 Жиынды ашқан аудан әкімі Т.Асауов Конституцияға – абыройы асқан, мерейімізді өсірген, баянды істердің бастауы болған құжат деп баға берді. Адам құқықтары мен бостандықтарын бекіту мақсатында жұмыс жасайтын құжаттың біздің еліміздегі орны осылай екеніне дау жоқ. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деп батыр Бауыржан Момышұлы айтқан сөздің түп-төркіні де осында, заңға бағыну керектігін меңзегендей. Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер дегендей, айбатты ел боламыз десек заңымыздың қадір-қасиетін әлі де арттыра түсуіміз керек. Себебі мемлекет өміршеңдігі дәл осы құжаттың өмірдегі қолданысына байланысты екенін осы жылдарға дейін дәлелдеп қойған. Мысалы, Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы деп із қалдырған дала заңдарынан бөлек, Әз-Тәукенің  «Жеті Жарғысы» қазақтың дәстүрі мен тілі, діні сақталып, ұлттың ұлт болып қалыптасуына өзіндік қызмет еткені анық. Ал, бүгінгі Конституция – заманына қарай өңделген, зайырлы Қазақстанды болашаққа апаратын, бабалар аманатын арқалаған біздерге Тәуелсіздігімізді сақтап қалу жолындағы тәртіпке шақыратын бірден-бір негізгі құжат.  

Осы жыл көптеген мерекелердің атаулы жылдарына тап келді. Қазақ хандығының 550 жылдығы, одан қалса Қазақстан Халқы ассамблеясының құрылғанына 20 жыл, міне, мемлекеттігімізді білдіретін Ата Заң – Конституцияның қабылданғанына 20 жыл толу мерекелерін тойлау үстіндеміз. Осы шарада да көптеген азаматтардың еңбектері еленді, біріне алғыс хаттар, енді біріне грамоталар табысталса,  «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалдарымен де көпшілік азаматтар марапатталды. Жиында Ата Заңымыздың төл құрдасы ретінде құттықталып, сахна төрінде марапатталған Ақкетіктің тумасы Серік Төреев Қанатбайұлын сөзге тартқан болатынмын. Дәл 1995 жылы, 30 тамыз күні дүниеге келген ол өзінің жолы болған адам екенін, заңға бағыну керектігін айтады. Мұнай саласында кәсіптік білім алған Серік жұмысқа орналасу жағынан сәл кедергілер барын, жоғары оқу орнының құжаттарын талап ететінін жасырмады.  Болашақта жоғары білім алуға талпынысы да бар екен. «Білім алуға барлық жағдай жасалған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, барлық маман өз ісінің білгірі болуы керек – заман талабы осылай» деп қала бердік. 

 Осы мерекелерді тойлаудың маңыздылығы бар ма деп сұрақ қоятындар да жоқ емес. Әрине, қазақ халқында барымен мақтанып, болған іске баға беріп, болашаққа бата айтып отыру салтында бар. Жасалған істердің жемісін айтып мақтану емес, әр мереке сайын азаматтарымыздың еңбектерін ескеріп, оларды марапаттау - мұның барлығы болашақ жас ұрпаққа үлгі болсын, үлкенді қадірлеуге үйрету, еліңе қызмет етсең қадірсіз қалмайтынды ұқтыру деп білем. Әрдайым жыл басы – наурызда үлкендеріміздің «ақ мол болсын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жыл болсын» деп тілеген ақ баталары оңынан бола бергей демекпін. 

                                                                                  Клара Меңдібайқызы

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/