Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

ЖАҢА ДЕПУТАТТЫ ҰСЫНДЫ


«Нұр Отан» партиясы Түпқараған аудандық филиалының  кезектен тыс ХХ партия конференциясын аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Темірбек Асауов ашып, жүргізді.  Кезектен тыс конференцияға аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, маслихат депутаттары, партия активтері, қоғамдық ұйым өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен қатар арнайы облыстық мәслихат депутаты А. Кетебаев және аудандық мәслихат хатшысы А. Досанова  қатысты.

      Конференция күн тәртібіне ұсынылған негізгі мәселе Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған аудан бойынша атқарылатын іс-шаралар туралы аудан әкімнің орынбасары Т.Алтынғалиұлы сөз алып, бүгінде аудан бойынша 3 ҰОС арадгері, 124 тыл ардагері, 18 теңестірілген арадагерлер бар екені және оларды  ұлықтау бағытында атқарылатын жұмыстармен таныстырып, алдағы уақытта ҰОС ардаегрлері тұрған үйге арнайы «Бұл үйде ҰОС ардагері тұрған» деген таныстыру тақтайшалары үшін кәсіпкер іздестіріліп, бюджет қаражатының шығынысыз жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, биыл ауданда өтетін барлық шаралардың жыл бойы осы атаулы мереке аясында аталып өтетінін де жеткізді.

      Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша «Нұр Отан» партиясы  Түпқараған аудандық филиалынан Түпқараған аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ұсыну мәселесі бойынша, аудандық мәслихаттың №4 сайлау округінен депутат Бақытжан Жәңгірханұлы Сарбасов депутаттық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін депутатттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына орай, аталған округ бойынша  депутаттыққа кандидат ұсыну қажеттігіне сөз алған аудандық мәслихаттың депутаты, «Ток жүйесі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының директоры Ерік Жаңбырбаев бүгінде Түпқараған аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып жүрген, осыған дейін мемлекеттік қызметтерде лауазымда болған  Жарылғапова Оразгүл Бекіқызын ұсынды. Ұсыныс бойынша дауысқа салынып, қарсылық болмады.

      Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау областық филиалының ХХII партия конференциясына делегаттар сайлау туралы ұсыныс даусқа салынып, конференция соңында сөз алған аудандық мәслихат хатшысы А. Досанова конференцияда қаралған мәселелер бойынша сөз алып, ұсыныстар жолдады. Сонымен қатар, «Ұлы Жеңіске  70 жыл» айдарын жергілікті аудандық басылым бетінде жандандыруды,тыл ардагерлерінің көзі тірісін өздері қызмет еткен мекемелердің саласы бойынша бүгінгі  жастарға ұлықтауды мақсат етіп, кездесу шараларын ұйымдастыруды тапсырды.

                                                                                   Милана Елеусінова


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/