Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Салық кодексіне өзгерістер енгізілді


          Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын болып өтті. Жиынды аудан әкімі Темірбек Асауов ашып, жиналғандарды  Жаңа жылмен құттықтап, жиналыстың мақсаты мен маңызы туралы қысқаша сөз сөйледі. Қаралған мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жанар Өтепбергенова баяндама жасады.

        Баяндамашы министрліктердің біріктірілуіне байланысты болған өзгерістерге тоқтала келе, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін салық кодексіндегі өзгерістер туралы мағлұмат берді. Мемлекеттің бюджеті салықтан құралатындықтан, мемлекет қоржынына түсетін түсімдердің маңызды рөл атқаратынын баса айтты. Бұл тұрғысында аудан бюджетіне түсетін түсімдерге қысқаша талдау жасады. Жиналысқа негізінен кәсіпкерлер қатысқандықтан, кейбір кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың сандарын азайтып көрсетуі, түскен түсімдерді де толық көрсетпейтінін тексеру кезінде анықталғанын жеткізді.

        Жалпы салық төлеу механизмі жеңілдетілгенімен міндетті төлемдерін уақытылы төлеп отыруларын ескертті. Сонымен бірге сауда орындарында кассалық аппараттың салық түсімін молайтуға септігін тигізетіндіктен, оны тиімді пайдалану, түсімді толық көрсету керек деп төлемдерді толықтай төлеп отыруға шақырды. Ж.Өтепбергенова аудандық кірістер басқармасының биылғы жылғы 11 айында жасалған жұмыстарына шолу жасады.

                                                                                            Мұқанбетулла Кемер

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/