Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Қолөнер көрмесі


Қолөнер күні кешеге дейін барлық ұлттарда кең қанат жайып, сол заттарды пайдаланып келген. Өзіміз көргеніміздей, берігерекке дейін үйлерімізде шекпен, жадағай, ішік, сеңсең тон, ағаш шегемен қағып тіккен етіктер, әйелдердің аяқтарына киетін қазіргі «туфли» деп жүрген, сірін мыспен қаптаған, соның орнындағы әйелдер аяқкиімі - «шоңқаймалар» қандай еді шіркін?! Тіпті сол дүниелер ешқашанда тозбайды екен. Міне осы сияқты қолөнер туындылары болып, оны үлкендер пайдаланды. Іс машинасы шықпай тұрып-ақ бар халық қолдан тігіп, тоқып киім киіп, заттарды тұтынған. Қазірде завод, фабрикалар шыққасын ғана бұл қолөнер кенжелеу қалып қойды. Дегенмен ұлттық қолөнерге ешқашанда «бұрынғы», «ескі» деп қарауға болмайтынын 12 желтоқсан күні Жастар орталығында Тәуелсіздік күніне орай болған қолөнер көрмесі дәлелдеп берді.

      Жастар орталығына кіргенімізде, стол үстеріндегі шынында да көздің жауын алатын бұйымдарды көріп таң қалмасқа шара қалмады. Мұнда «Ауылдық жерлерде ұлттық қолөнерді дамытуды қолдау» жобасы аясында 6 ай оқып, соның нәтижесінде өз қолөнер бұйымдарын көрмеге қойып, тұтынушыларға сатуға арналған көрме өткен болатын. Бұл жобаға НКОК компаниясы демеушілік жасап, аудан әкімдігі қолдау көрсетіп, аудандық «Азаматтық бастама» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен өтті. 

       Көрмені аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиев ашып, жиналғандарды тәуелсіздік күнімен құттықтап, табыс тіледі. Т.Алтынғалиев: «Елбасымыз Н.Назарбаев қай уақытта да шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, оның болашағы зор екенін айтып келеді. Міне бүгін сіздер арнайы курстан өтіп, енді нағыз маман болып алдыңыз десек артық болмас. Көрме шағын болса да, осы шағын бизнестің бір бастамасы деп айтуға болады. Әрі қарай жалғасады, дамытады деп сенім білдіремін. Енді ақпараттанса, халыққа қолжетімді бағамен сатылу ұйымдастырылса деген ұсыныс бар.

      НКОК компаниясының жұртшылықпен жұмыс, демеушілік және қайырымдылық бөлімінің аға кеңесшісі Мейрамгүл Еңсеева мен аға кеңесші Азат Нұржауов,  осы қолөнершілерді арнайы Ақтаудан келіп оқытқан облыстық мұражай қызметкері, қолөнер шебері, қолөнердің республикалық конрусының жеңімпазы Әуес Сағынаева мен Айгүл Абдылдаева, аудандық «Азаматтық бастама» үкіметтік емес ұйымының төрайымы Күлсім Рамашевалар сөз сөйлеп, көрменің табысты өтуіне тілектерін білдірді.

      «Ауылдық жерлерде ұлттық қолөнерді дамытуды қолдау» жобасы аясында біздің ауданнан 18 қыз-келіншек оқып шығып, соның нәтижесінде өздерінің туындыларын көрмеге қойып, алдағы уақытта бұл істі одан әрі жалғастырмақ ниетті.

      М.Еңсеева НКОК компаниясы мұндай жобаларды алдағы уақытта да қолдайтынын, компаниямен белгілеген 35 жобаның 18-і Түпқараған ауданынан екендігін жеткізді. Осы жасалған заттарды туристерге ұсынып, көрсетуге, сатуға болатынын айтты.

      Қолөнер көрмесіне киізден басылған, жіптен тоқылған, моншақтан тізілген деген сияқты қарапайым, бірақ күнделікті шаруаға өте қажет те қат, дүкендерден табылмайтын заттар қойылды. Қыз-келіншектеріміз шынында да шебердің шебері екен деп ой түйдік. Атап кетсек, бірқатары кәдімгі туристер ғана емес, кез келген адам сатып алып, үйіне сувенир ретінде қоятын заттар, тоқып, портретке салып қойған туындылар да бар екен. Сонымен бірге сувенир ағаш үйлер, сандықшалар, балалар мен үлкендердің үйге киетін, өрнектеп ою салған сүйретпелері, есіктің алдына төсейтін төсеніштер, құманның астына қоятын тоқылған төсеніштер (подставкалар) балаларға аяқ киімдер, киізден басқан байпақтар, көрпе, әйелдер көйлектері, шымылдық сияқты қыз жасаулары дегендей толып жатқан дүниелер көз қызықтырады.

      Көрме кешке дейін болып, бірқатар заттар табанда сатылып кетті. Алдағы уақатта да жалғаспақ. Соңынан оқу курсынан өтіп, өздерінің қолөнер бұйымдарын жасаған болашақ, кейбірі кәсіпкерлерлікпен айналысатын қыз-келіншектерге Сертификаттар, Дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Гауһар Есетова, Аймангүл Ботабаева, Гүлнара Сауытбаева 3-орын, Жамалхан Жанғожаева, Жаңылхан Жұманова 2- орын, Нұрғиса Хусеймен 1-орын, ал Доғдырхан Ерменова бас жүлдеге ие болды.

      Біз бірқатар қыздарды әңгімеге тарттық. Ақшұқыр ауылындағы «Шархат» тігін шеберханасының меңгерушісі Гүлнара Сауытбаева:

      - 2008 жылы «Арай» әлеуметтік әріптестігінің бағдарламасы жобалары байқауында жеңімпаз атандым. Тігін цехымда 2 тігінші жұмыс жасайды. Негізінен көрпе, шымылдық, тағы да басқа қыз жасаулары, кәжекей, әйелдердің көйлектерін тігеміз. Енді жүн цехын ашқым келеді. Оқып біраз нәрсе үйрендік. Аяқ киімдер, жүннен жасаған кілемшелер, отырғыш жапқыштары, байпақтар мен үйге, сыртқа киетін сүйретпелер сияқты халыққа қажетті табиғи материалдардан жасаған бұйымдар жасаймын ба деген ойым бар, - десе, тағы да ақшұқырлық Нұрғиса Хусеймен: - Біз алты жыл бұрын Қытайдың Үрімжі қаласынан көшіп келдік. Мамандығым мұғалім. Бірақ осы кәсіпкерлікті бастап кеттік. Өз еліміз, ата-бабамыздың туған жері деп келдік. Қазірде әр түрлі моншақтардан ыдыстар, сырмақ, сувенирлер, төсеніштер, түрлі түсті жүннен тоқылған шыпталар, моншақпен қапталған әйелдердің сөмкелері, әмияндары сиқты сан түрлі заттар жасаймын, - деп жауап берді.

       Ия, көрме нағыз көрме болды, тек алдағы уақытта осындай заттарды өткізетін жағдай жасау керек болып тұр. Ол да басшылардың жоспарларында бар. Бара-бара бұл шаруа да үйлесімін тауып, халық арасында қажетті күнделікті тұтынатын  нәрселерге деген сұраныс та артар.

                                                                                          Мұқанбетулла Кемер

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/