Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Туризмді қалай дамыту керек?


 Маңғыстау облысының тұрақты да қарқынды дамуы мен әлеуметтік-экономикалық жағынан жаңғырту мүмкіндігін кеңейту мақсатында туризм саласы бойынша облыстан келген өкілдер облыс бойынша туризмді қалай бастап, қалай дамыту керектігіне тоқталды. Семинар-кеңесте бастап келген облыстық туризм басқармасының туризм бөлімінің жетекшісі Гүлсім Жариева жалпы туризм туралы, оның зор болашағы жайында кең көлемде түсінік берді. 

       Желтоқсанның 11 күні, аудандық әкімдікте осы тақырыпқа арналған семинар-тренинг болып өтті. Онда туристерге арналған қонақ үйлерді ұсыну мүмкіндігі туралы Атырау қаласынан келген «Глобус» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Христофоровна Чернова Атырауда салынған осындай қонақүйлер жайында айтып, таныстырып, слайд көрсетті. «ДАМУ» қоры маманы қордан несие алу жайын айтса, Ақтаудағы «Турист» ЖШС-нің директоры Евгения Слюсарева облыс көлемінде туризмді қалай ұйымдастыру керектігін өздерінің тәжірибелерін айта отырып баяндап берді.

       «Эко Мангистау» үкіметтік емес кәсіпорны Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы және Маңғыстау облысы туризм басқармасының қолдауымен шағын кәсіпкерлік пен ауылдық жерлерде өзін-өзі қамтамасыз ету мақсатында экологиялық туризмнің қарқынды даму жобасын жүзеге асырады. Басқа өңірлердегі қонақ үйлерді ашу арқылы экотуризм бойынша шағын бизнесті дамыту тәжірибелерін әйелдер мен жастарға оқытып, кеңес береді.

       "Эко Мангистау" үкіметтік емес кәсіпорнының директоры Кирилл Осин үй жағдайында туристерді қабылдау жайына айта келіп, мысалы арнайы қазақы тұрмыстық заттар, бұйымдармен жабдықталған бір бөлмені көрсетіп, бір бөлмені қонып шығуға дайындап, ұлттық тамақ пісіріп беріп, келесі күні суретке түсіріп, түйе, болмаса атқа мінгізіп серуендетіп те туризмді бастауға болатынын түсіндірді. Елбасымыз шикізатқа тәуелділіктен басқа да жолдармен қатар бизнесті дамыту арқылы да шығып, осындай қарапайым нәрселерден бастап шағын және орта бизнесті дамыту керектігін айтып жүргенін естеріне салды.  

        Соңында жақында ғана республикалық «Шерқала» журналына редактор болып тағайындалған Әбдіғалым Сәркенов журналға жазылу, таралу туралы кеңес берді.

        Жиналғандар туризм туралы мол мағлұмат алды. Сұрап білгенімізде, аудан басшылары бұл саланы дамыту бойынша жұмыстар жасалып жатқанын, ең әуелі инфрақұрылымды бастап барып, туризмді әрі қарай дамыту керектігін басшылыққа алып, алдағы кезеңдерде бұл мәселенің жолға қойылатынын жеткізді. Туризм саласы қажетті инфрақұрылымды салып алғанан кейін, былай қарапайым тілмен айтқанда өз-өзінен пайда табатын сала екенін көпшілік әлі де болса түсіне қойған жоқ. Тек келген туристерді сол тарихи орындар, жәдігерлер, тұрмыстық бұйымдар, ғимараттарды көрсетіп, тарихын айтып беру арқылы да бизнесті дамтуға болатынын түсінгендері жөн. Кім біліпті, бір уақыттарда біздің ауданда да басқа да тарихи орындарды көрсетумен қатар жеке адамдардың шағын туризм саласын меңгеріп, бұны бизнеске айналдыруы бек мүмкін екенін ескеріп, ойланып жүргендері дұрыс қой деп топшыладық.

                                                                                              Мұқанбетулла Кемер

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/