Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Үйімізге газ қосып берді


       Үлкен әжем айтып отырушы еді, Кетік, Форт-Шевченко деп. Ол кісілер осы қалада туып-өскен екен. Сол бала кезімізде құлағымызда қалыпты. Міне, Аллаһ тағаланың қалауымен ұрпақтары - біздер де сол кісілердің мекен еткен жеріне аяғымыз тиіп, қуанып отырмыз. Биылғы мамыр айында осы қалаға  көшіп келгенбіз. Облыс әкімі Алик Айдарбаев, аудан әкімі Темірбек Асауовтар біздерге үй-жай, отағасыларымызға жұмыс тауып беріп көңіліміз көншіп, бір жасап қалдық.

      Бір кемшіні басқа болса да газ желісіне үйлеріміз қосылмай, шыдап келгенбіз. Әрине, біз де түсінеміз. Аудан әкімінің бізден басқа да жұмыстары жетерлік. Дегенмен, соған қарамастан, осы күні кеше ғана аудан әкімінің қамқорлығының арқасында Форт-Шевченко қаласының әкімі Аманғали Нұрдәулетов өзі басы-қасында болып, Иран мемлекетінен көшіп келген біздердің үйлерімізге газ желісін қосып, газ плитасына тамағымызды пісіріп, үйімізді жылытып мәз-мәйрам болып отырмыз. Бізге осындай қиындау болған сәтте қол ұшын беріп, қамқорлық қолдарын созған аудан басшыларына шексіз рзалығымызды білдіріп, рахметімізді айтамыз.

      Жұбайым Абдулнасер Данишер екеуміз 2 бала тәрбиелеп отырмыз. Мен өзім тігінші едім, жұмысқа орналасайын деп талаптанып жатырмын. Елімізге келгенімізге аса қуаныштымыз.

      Оның үстіне ертең осы ата-әжелеріміздің тұрған жері - Форт-Шевченко қаласының 168 жылдық мерекесі тойланбақ. Біз де осы қаламыздың өсіп-өркендеуіне, дамуына, көркеюіне қолдан келген өз үлестерімізді қосамыз. Қала күнімен барлық қала тұрғындарын құттықтап, барлық жақсылықтарды тілейміз.

                                    Сарагүл Бәли, Форт-Шевченко қаласының тұрғыны


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/