Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Қаланың өркендеуіне ат салыстық


Мен алдында Форт-Шевченко қаласының, кейін ауданның бас архитекторы болып қызмет жасадым. Ол кез бен бұл кезді әрине, салыстыруға болмайды. Қазіргі сәулет өнері бұрынғыдан асып түспесе, кем емес. Кетік Маңғыстаудың қарашаңырағы дейміз, шынында да солайы солай. Совет үкіметі кезінде көптеген құрылыстар салынып, қаланың келбеті өзгешелене түсті. Қала болғаннан кейін онда әр түрлі әлеуметтік, мәдени ғимараттар болатыны белгілі. Міне, соның бастамасы сол уақытта салына бастады.

      Айта кетсем, 1974 жылы Форт-Шевченко қаласының Бас жоспары жасалып, содан бастап ғимараттар саны көбейді. 1996 жылы теңіз суын тұшытатын Баута заводы іске қосылды. 1998 жылы Қашаған кен орнын игеруге байланысты теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы салынды. Халықтың өсіуіне байланысты тұрғын үйлер көптеп тұрғызыла бастады. Соның бәрінің басы-қасында біз де болдық. Қаланы көркейтуде көптеген жігеттердің елеулі үлестері бар.

      Біз Ұлы Отан соғысына қатынасып, оралмаған боздақтарға арнап салған обелискі мен ескерткіш тақтаны орнатқанымыз қаланың бір жағынан келбетін аша түсті. Бұл қай уақытта болғанда да қайтып оралмаған ел азаматтарын еске алып тұру үшін тарихи  орын болып саналады.  

      Сонымен бірге мектеп, балалар бақшасы, тұрғын үйлер, қалалық мәдениет үйі, әкімшілік ғимараты, қонақ үйлер де сол кезде бой көтерді. Асфальт жолдар, өлкетану музейі сияқты көптеген нысандар салынып, Форт-Шевченко қаласы өркендеп, жаңарып, осы құрылыстар қалаға өзгеше өң беріп тұрды. Айтуға оңай болғанмен, осындай ғимараттарды тұрғызуға қанша күш-жігер мен еңбек сіңді. Қазір Форт-Шевченко қаласы бұрынғыдан да әсемденіп, бірталай тұрғын үйлер мен мекеме ғимараттары қалаға әр беріп, күн өткен сайын жаңарып келеді. Қала, аудан тұрғындарының әл-ауқаты жақсарып, бірлігі мен ынтымағы жарассын, еңбек етіп жатқан қала құрылысшыларының еңбектері жемісті болсын, қала күні құтты болсын деп тілек білдіремін.

                                        Жамаладин Есбергенов, Қазақстанның құрметті сәулетшісі

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/