Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Өнерпаз отбасының келіні


1975 жылы Алматының кинотехникумын бітірген Фабиян Юлдашқызы Жолдыбаева жолдамамен жаңадан ашылып жатқан Маңғыстау облысына, одан Форт-Шевченко қаласына жіберіліп, осындағы «Заря Мангышлака» кинотеатрына инженер болып жұмысқа орналасады. Ол кезде жаңа құрылған облыстың қай саласына да кадр тапшы еді. Жер-жерден кадрлар шақырылып, мамандармен толықтырылды.  

     1989 жылы кино жүйесінің директоры жұмысына ауыстырылады. Мұнда табандап 10 жыл қызмет атқарады. Іскерлігімен танылған Фабиянды аудан басшылары 1999 жылы аудандық Мәдениет үйінің директоры етіп тағайындайды. Сөйтіп, зейнет демалысына шыққанға, яғни күні кешеге дейін Түпқараған аудандық Мәдениет үйінің директоры болып қызмет істеп, осы жылдары ауданның мәдениет саласының дамып, көптеген жетістіктерге қол жеткізуіне бұл кісі де айтарлықтай үлес қосты. Фабиянның қолынан талай өнерпаздар шығып, өз өнерлерімен елді сүйсіндірді. Аудан өнерпаздары талай байқауларға қатынасып, жүлделі орындарға ие болды. Соның ішінде бұл кісінің де өлшеусіз еңбегі бар.

      Күнделікті өмірде әркім өз кәсібімен шұғылданып, ол әрбір күні қайталанады. Көпшілігі күнделікті қайталанатын жұмыс істейді. Ал өнерпаздар әрбір сахнаға шыққанда жаңа репертуармен шығып, көрермендердің көңілдерін көтермесе, ол концерт, әрине қызықсыз, тартымсыз болары анық. Өткен ғасырдың өзінде өнімді еңбек ету үшін халықтың көңілдерін көтеретін арнайы концерттік топ жіберіп отырған саясатты біз әлі де ұмыта қойған жоқпыз.

      Фабиянды халық Рая деп атайды. Сондықтан бұдан әрі қарай біз де Рая деп жазғанымыз дұрыс болар. Рая қандай адаммен де тіл табысып, Мәдениет үйінің, жалпы мәдениет жұмысын үйлестіре білді. Өзінің қарапайымдылығы, еңбекқорлығы, адалдығы сияқты қасиеттерімен үлгі болумен қатар, ұжымды алдына қойған мақсаттарын шебер орындауға үйретті, көрермендердің көңілдерінен шығып, мәдениет деген сөзді өнер арқылы түсіндіре білді десек, артық айтқандық болмас. Мәдениет саласында жұмыс жасайтын адамның өзі әрине, жоғары мәдениетті болуын талап етеді. Сол арқылы бір сәт те болса, шаршаған адамның шаршағанын басып, мәдениетті демалуына жағдай жасайтыны белгілі. Міне, осы міндетті Рая ойдағыдай атқара білді.

      Рая 1975 жылы жергілікті азамат Аманқос Жолдыбаевқа тұрмысқа шығады. Бұл жігіт те өнерлі отбасының мүшесі екен. Аманқостың әкесі Нұрберген күйші, әрі скрипкашы, шешесі Гүлжамал айтуына қарағанда жезтаңдай әнші болған. Екеуі де 1957 жылы құрылған халық аспаптар оркестрінің белді мүшесі болыпты. Қосылып дуетпен ән де айтқан. Бұдан әрі қарайғы сөзді Раяның өзіне берейік.

     - Атам мен енемді жұрт жастардың үйлену тойларына шақырып, ән салып, күй тартып бір серпілтіп тастайтын дейді көзін көргендер. Енемізді мен көргенім жоқ, менің алдымда қайтыс болып кеткен. Оркестрмен Маңғыстау, Атырау облыстарына шығып, елге танымал болған. Аманқос фотограф әрі художник еді. Ол уақытта вокальді-инструментальді ансамбль (ВИА) деген ұйымдастырылып, жер-жерде концерт қоятын. Бұл бір жағынан біздің өнерімізге енді-енді ене бастаған тың бастама болатын. Аманқос жеке орындауда да, оркестрмен бірге де ән салды. Шебер дауылпазшы еді. Облыста болатын мәдени шараларға дауылпазшы ретінде арнайы шақыратын. Сол кезде оркестрге Тілеумұрат Қожабеков, Ибатулла Әбілхайыровтар жетекшілік етті. Оркестр үлкен жетістіктерге жетіп, республикалық телевидениеге түсіп, 1987 жылы халықтық оркестр атағын алды. Бұнда оркестрдің әрбір мүшесінің төккен маңдай тері мен еңбегі бар.

     Мен осында жұмысқа келгенде кинтеатрдың директоры Николай Новиков, одан кейін Бисекеш Мұханов, Бақытжан Қыдыров, Орынбасар Шабаевтар жұмыс жасады. Содан соң барып мен болдым. Мына Тауық Хибаева, Жаңыл Төлеева, Апақай Ақкүшікова, Ұштап Тілепова, Сағынғали, Зина Кемаловтар, Нұрсәуле апайлармен жұмыстас болдым. Осылардан тәлім-тәрбие алдым, білмегенімді үйретті, ақылдарын айтты. Көргенімізді көңілімізге түйіп, пайдаға асырдық. Ол кезде барлық клубтар осы аудандық орталық Мәдениет үйіне қарайтын. Таушықта Әндіжан Елмұханбетов кинотеатрда киномеханик, инженер, артынан директор болды. Осы жылдардың ішінде көптеген жетістіктерге жеттік. «Қызғалдақтар» бишілер ансамблі «Үлгілі» атағын алды. Ақшұқыр Мәдениет үйінің «Айна» этнографиялық ансамблі «Халықтық» атағын алды. «Маңғыстау жұлдыздары» облыстық өнер фестивалінде әлденеше рет жүлдегер болдық, сыйлыққа автокөлік алдық.

      - Сіз сұрағасын айтайын, адамның кішіпейіл, ақкөңіл, қарапайым, қайырымды, бауырмал болғанын жақсы көремін. Бұндай адамгершілік қасиеттерді өзім де ұстанамын. Өзім әуелі үкіметтің жұмысы бітсін деп, үйдің шаруаларын ысырып қойып жұмыс істедім. Зейнет демалысына шыққанша осылай еңбек еттім деп ойлаймын. Кім болса да берілген тапсырманы екі рет айттырмай, сол бойда орындап тастағанын жақсы көрем. Өнер жолына түскен жастар қажымай-талмай, ізденіспен еңбек етулері керек. Өнер жолы қиын жол. Шебердің шеберін ғана бағалайды көрермені, халқы. Оның үстіне басшылар өнерпаздарға оң көздерімен қарап, қамқорлық жасап отырса, олар да өздерінің еңбектерімен ауданның атағын шығарады, танытады. Міне, осы жағы ескерілсе деймін. Өнер жолындағы өміріме өкінбеймін – деп, өзі қарапайым адам, ағынан жарылып, шын көңіліндегісін айтты.

       Аманқос пен Раяның Талғат, Самат, Жанар атты 3 балалары бар. Талғаттары Түркияның Анкара университетін теология мамандығы бойынша бітіріп, қазір Астанада жұмыс жасайды. Саматтары Ақтаудың өнер колледжін художник мамандығы бойынша, қыздары Жанар Алматыдағықазақ мемлекеттік қыздар педаогоикалық университетін хореограф мамандығы бойынша бітіріп, бәрі де жұмыста. Талғат-Ләззаттан 3, Самат пен Жемістен 6, Жанар мен Еркіннен 3 немере, жиен көріп отыр. Өнерлі отбасына келін болып түскен Раяның жан-жағы да сол өнер жолын қуып, ата-әжелерінің жолдарымен жүруде.

      Фабиян Жолдыбаева нәтижелі де үлгілі еңбек еткені үшін аудан әкімінің Алғыс хаты, Құрмет грамоталарымен, Дипломдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Маңғыстау облысына 40 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Қоғамдық жұмысқа белсене араласып, көп жылдар бойы сайлау учаскесінің председателі де болған. Кино саласындағы еңбегі үшін Қазақстан кинематографиясының үздігі белгісімен наградталған.

                                                                                                    Мұқанбетулла КЕМЕР


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/