Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Исламтанушымен кездесу


Қазанның 10-ы күні аудандық мәдениет үйінде исламтанушы, Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Нұрболат Көптілеуов, Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының ақпараттық талдау орталығының басшысы Искандер Смаиловтармен жұртшылықтың кездесуі болып өтті.

      Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Ордабаева аудан көлемінде осындай кездесулердің өткізіліп келе жатқанын, алдағы уақытта да жалғасатынын айта келе кездесуді ашық деп жариялап, мұнда 8-9-10-кластардың оқушылары, имамдар, шырақшылар, ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысып отырғанын айтты. Одан кейін аудандық «Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Күлсім Рамашева сөз сөйледі.

      Искандер Смаилов облыстағы жалпы діни ахуал, салафизм, жат ағымға түсіп кетпеу, терроризм, тағы да басқа мәліметтерден хабар берді. Исламтанушы Нұрболат Көптілеуов слайд көрсете тұрып «Уахабизм немесе Қазақстандағы салафизм» тақырыбын мысалдар келтіре отырып баяндады. Интернетте, болмаса басқа жолда жүрген адамдар кездескенде олардан сақтану, алданып қалмау, дін жөніндегі сұрақтар туындаса имамдар мен ақысыз «114» телефонына қоңырау шалу керектігін ескертті.

                                                                        *  *  *

      Н.Көптілеуов пен И.Смаилов аудандық орталық мешітте де жамағатпен кездесті. Онда да осындай тақырыптар кеңінен сөз болды. Исламтанушылар аудандық әкімдікте аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне арнайы семинар өткізді.

                                                                                                 Мұқанбетулла КЕМЕР


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/