Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Қазақстанда «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорын өзектендіру жалғасуда


Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында азаматтар туралы мәліметтерді өзектендіру жөнінде бүкіл елімізде кампаниялар жүргізуде. Олардың қызметкерлері жергілікті тұрғындардың пәтерлерін аралауда және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда азаматтарды мекенжай мәліметтерін түзету немесе қайта құжаттандыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жібереді. 

Деректер қорындағы көптеген сәйкессіздіктер оның құрылған сәтінен орын алған, ол кезде ақпарат жүйеге қағаз тасығыштардан түсірілген болатын. Біреулері жаңа тұрғылықты жері бойынша қайта тіркеуден өтпеген, енді біреулері басқа елге көшіп кеткен, бірақ құжаттарын тапсырмағандықтан, базада есепте тұра берген. Қайтыс болғандардың туыстары қайтыс болу туралы куәлікті алмағандықтан, деректер қорында тірі адамдар ретінде тіркелген жағдайлар да орын алды.

Сондай-ақ, бүгінгі күні қолданылу мерзімі өткен құжаттар бойынша тұрып жатқан көп азаматтар саны анықталды. Осыған байланысты, өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында:

  -  қолданылу мерзімі өткен жеке куәліктер;

  - тұрғылықты жері нақты заңды мекенжайына сәйкес келмейтін, оның ішінде мекенжайларында қысқартылған облыстар мен аудандар көрсетілген ескі үлгідегі жеке куәліктер (мысалы: Торғай, Көкшетау және т.б.) ауыстыруға жатады.

Айта кетейік, өзекті деректері бар ескі үлгідегі жеке куәліктердің болуы және қолданылу мерзімі өтпеген жаңа үлгідегі куәліктер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мен зейнетақы төлеуден бас тартуға негіз болып табылмайды.

Алайда, қоллданылу мерзімі өткен не деректері ескірген құжаттары бар барлық азаматтарға мекенжай анықтамаларын түзету, қажет болған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыру үшін ХҚКО-ларға (көші-қон бөлімдеріне) жүгіну керектігін естеріңізге саламыз.

                                                                                                                                                                                                                                                ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметі 

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/