Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014 жылдың 12 айына атқарған жұмыстары туралы ақпарат


Халықты жұмыспен қамту саласы

      Есепті кезеңде аудан бойынша 2430 жаңа жұмыс орындары құрылған. Хабарласқан жұмыссыздар саны- 1232 адам, оның ішінде 698 елді мекен. Форт-Шевченко  480 адам   

Сайын   56 адам 

Баутин  310  адам 

Ақшұқыр   175 адам 

Қызыл Өзен  74  адам 

Таушық   83  адам 

      Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтар саны 581 о.і. 360 елді мекен.жұмысқа орналастырылғандар-284 адам, о.і 190 адам елді мекен.

       Тұрақты жұмыспен қамтылғандар: 131 адам

       Жұмыссыздарға арналып курьерлік, халықтың санағын алуға, салық жинау агенттері, хаттар таратушы т.б жұмыс түрлері бойынша мекемелерден келіп түскен сұраныстар бойынша наурыз айынан бастап 81 жұмыссыз жолданды о.і. 49 жұмыссыз елді мекеннен. Жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмысқа 8306,0 мың теңге бөлініп. Толық игерілді.

      Жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру және олардың қажет іс-тәжірибе алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған «Жастардың практикасына» жергілікті бюджеттен 3,5 млн  теңге бөлінді.  Толық игерілді. Жастардың практикасына 27 жас маман, о.і 15 ауылдан. Жолданған 27 маманның 22 орта кәсіби, 5 жоғары білімді мамандар. 5 адам мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа қалдырылды.

      Нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 3,1 млн  теңге бөлінген. Халықтың нысаналы топтарына арналып «Таушық ауылшаруашылығы», «Жайлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде, «Каспий коммуналдық қызметі», «Коммуналдық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында, «Түпқараған су жүйесі»  мекемесінде,  25 әлеуметтік жұмыс орындары құру жоспарланған, қазіргі таңда  құрылғаны 33 орын, о.і 24 елді мекеннен. Қазіргі таңда игерілгені  2692,5 мың теңге.

      Оқу, қайта даярлау бағыты бойынша 20 жұмыссызды оқыту үшін 440,0 мың теңге бөлінді.

      Есепті кезеңдегі жұмыссыздық деңгейі-1,2 пайыз. Бөлімнің жұмыссыздар есебінде 162 адам.

                      Мемлекеттік атаулы  әлеуметтік көмек пен балалар жәрдемақысы

       Азаматтардың аз қамтылған топтарына  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға балалар жәрдемақысын тағайындау, сондай-ақ, аса мұқтаж азаматтарға жергілікті өкілді органның шешімдеріне сәйкес біржолғы материалдық көмек көрсету, басқа да әлеуметтік төлемдер тағайындау және төлеу арқылы халықтың мүжәлсіз топтағы азаматтарына арналған шаралар іске асырылуда.

      Үстіміздегі жылы  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына байланысты жанбасылық табыстары кедейлік шегінен төмен тұратын  аз қамтамасыз етілген 25 отбасының 154 мүшесіне 2878,7 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»  Заңы негізінде он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға ай сайынғы балалар жәрдемақысымен 55 отбасының  192 баласы қамтылып, оларға –1716,0 теңге төленді.

      Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлеріне  мүгедектігіне  байланысты мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақы алушыларға мереке күндеріне 5 айлық есептік көрсеткіш /9260/ есебінде 739 мүгедекке 28961,1 м.т.берілді.

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушыларға 2014 жылда  мүгедектерге тоқсандық көмек 593 адамға- 1650,7 м. теңге; 9 майға 158 адамға 2700,0м.т. наурыз мерекесіне, алтын, күміс алқа иелеріне 520 адамға 1926,1 м.т.  Аз қамтылған отбасы студенттеріне 80 студентке 6525,1 м.т шәкіртақы  және 80 студентке 36478,8 м.т. оқуының құны төленді.

      Аудандық бюджеттен жергілікті өкілетті органның шешімімен аз қамтылған және аса мұқтаж адамдарға, отбасы мүшесінің біреуі қайтыс болғанда, қатаң ауырып, операция жасатқанда,облыс шегінен шығып, емделуге кеткенде, өрт салдарынан зардап шеккен отбасыларға, жалғызбастыларға өз өтініштері негізінде біржолғы материалдық көмек көрсету өз жалғасын тауып, барлығы 117 адамға 5484,8 мың теңге біржолғы материалдық көмек көрсетілді. 

                             Мүгедектер мен ардагерлерге қызмет

      Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы мүгедектермен әлеуметтік қорғау туралы», «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы»  Заңдарын іске асыру бағытында аудандық бөліммен төмендегідей жұмыстар жасалынды:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балалар жеке оңалту бағдарламалары сәйкес тегін жолдамалармен, жөргектермен, кресло-арбалармен, сурдо, тифлотехникалық құралдармен  қамтылады. Ауданда 833 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркелген, оның ішінде: 1 топта – 55 адам 

 2 топта – 397 адам 

 3 топта – 247 адам 

 Бала жастан мүгедек – 136 адам құрайды.

       Санаториялық-курорттық емделулерге тіркелген-126 ересек мүгедектерден  арыз  түсіп, 35–і Шымкент қаласындағы шипажайға демалды.

       Ақтау қаласындағы Шағала шипажайында  7  тыл ардагерлері және 15 мүгедек демалуда. 16- жасқа  дейінгі 24-мүгедек баладан арыз түсіп,  Ақтау  қаласындағы  сауықтыру  орталығына  24-мүгедек балаға жолдама  берілді.

      Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламалары мен арызы негізінде күйме арбамен 10-мүгедектен  арыз  түстіп, 10- мүгедек қамтылды. Тифло сурдотехникалық құралдарға  сұраныс  7 адамнан түстіп, қамтылды.

      Жөргек /памперске/  64 - мүгедектен  арыз түсіп түгел қамтылды..

      18 қарттар мен мүгедектерге 7 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.  Әр әлеуметтік қызметкерлер қарттар мен мүгедектерге аптасына 1-2 рет барып тұрады.

       Түпқараған аудан әкімінің 2008 жылғы 11 маусымындағы №276 «Үйден оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы» қаулысына сәйкес  жыл басынан  8-мүгедек бала  үйден оқытылып, 444,5 мың теңге ақша жұмсалды.   Ортопедиялық  аяқ  киімдерге  10 -  мүгедектен  арыз түсті, 6-мүгедек қамтылды. Қалған 4 адамға жыл аяғына дейін алуға облыстық басқармаға тапсырыс берілді. Мүгедектердің арасында жұмысқа жарамдысы 41 адам оның 10 адамы жұмысқа орналастырылды. 

        Мүгедектер күні аясында өткізілген іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық елді мекендерге 30.09.2014 жылы 1173 санды хат жіберілген болатын. 

       «Қызылөзен селосы әкімінің апараты» мүгедектерге арналған іс-шарасын жолдап, мүгедектерге арналған дөңгелек үстел және Сырлы әлем атты концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

       «Таушық селосы әкімінің аппараты» мүгедектерге арналған іс-шарасын жолдап, мүгедектерге арналған мерекелік концерт,мерекелік дастархан және жалғызілікті қарттарға, жүріп тұруы қиын мүгедектерге көмек көрсетті.

       «Ақшұқыр селосы әкімінің аппараты» мүгедектерге арналған іс-шарасын жолдап, мүгедектерге арналған «Көнілге бір саз сыйлаймыз» атты концерттік бағдарламалар және мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Бар мейіріміміз балаға» атты шаралар ұйымдастырылды.

       «Баутин селосы әкімінің аппараты» мүгедектерге арналған іс-шарасын жолдап, мүгедектерге арналған дойбы,шахматтан ойындар және мүгедектер мен қарттарды мерекелік құттықтап, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

       «С.Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мүгедектерге арналған іс-шарасын жолдап, мүгедектерге арналған «Қарттар-тарих,қазына ел қазығы» атты мерекелік концерт және мерекелік дастархан  ұйымдастырылды.

       «Шапито» атты цирк бағдарламасында 62 мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін билетпен қамтылды

       Елбасының тапсырмасы негізінде республика бойынша мүгедектерді жұмыспен қамту және өмір жағдайын мүгедектерге қолжетімді етуге бағытталған «Кедергісіз орта» бағдарламасы шұғыл іске асырылуда. Аталған тапсырма «Нұр Отан» партиясының жұмыс жоспарына енгізіліп, бақылауына қойылған. Қазіргі жөндеу /қайта құрылымдау/ жасалып жатырған нысандар мемлекеттік басқару мекемелер, мектептер, балабақшалар, спорт кешендері /залдар/, ХКО, мәдениет үйлері, пошта, кітапханалар, мұражайлар барлығы 76 обьектіге паспорттау жүргізіліп, аудан әкімімен 3.10.2014.жылы келісіліп, бекітілді. Аудандық әкімдік ғимаратына, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратына пандустар жасалып 1 қыркүйекке пайдалануға берілді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен аталған жұмыстар барысында бекітілген стандарттар сақталуын, сонымен қатар нысанның жасақталған бейімдеу паспортына орай іске асырылуда. Мүгедектердің еркін пайдалануына ыңғайлы болу үшін жеке меншік нысандар бойынша меншік иелеріне түсінік жұмыстары жүргізілуде. 

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/