Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы


Түпқараған аудандық
мәслихатының 2013 жылғы
20 наурыздағы № 10/76
шешімімен бекітілген

      Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы (әрі қарай – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы», 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулыларына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай - ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.

     Жалпы ережелер

  1. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
  1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
  2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
  3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
  4) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) (келісім бойынша).
  2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
  1) жекешелендірілген тұрғын үй - жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй - жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
  2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
  3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған жеке тұрғын үй – жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;  4)алынып тасталды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 27.10.2014 № 25/172(жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.  3. алынып тасталды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 27.10.2014 № 25/172(жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
  4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан жеті процент көлемінде белгіленеді.
  5. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай - ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есептеледі.
  6. Тұрғын үй көмегінің мөлшері белгіленген тарифтер бойынша тұрғын үйді ұстауға шыққан шығындар мен пайдаланылған коммуналдық қызметтер шығындары құны негізінен есептеледі.

       2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

  7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
  1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
  3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
  4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
  5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
  6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
  7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
  8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;  9) алынып тасталды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 27.10.2014 № 25/172(жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.  Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 05.03.2014 № 19/130 шешімімен.
  8. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейін тағайындалады.
  9. Жеке меншігінде бір тұрғын жай бірлігімен артық тұрғын жайы жалға (жалғама) немесе жартылай жалға берілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
  Үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық аурумен ауыратындар және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік – кеңестік комиссиясының қорытындысы барларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасыларға азаматтарға тұрғын үй көмегі берілмейді.
  10. Уәкілетті органға қасақана қате мәліметтер берілгендігі салдарынан көтермеленген немесе заңсыз өтемақы тағайындалса, заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі түріндегі сомалар меншік иесімен (жалға беруші) ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.
  11. Тапсырылған құжаттардың растығына көз жеткізу үшін уәкілетті орган арыз иесінің тұрып жатқан үйінің материалдық тұрмыстық жағдайын тексеруге құқылы.

      3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

  12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер есебінен жүзеге асырылады.
  13. Уәкілетті орган ай сайын тағайындалған көмек сомасының контингентін қорытындылап, тұрғын үй көмегінің сомасын көрсетумен, меншік иелерінің тізімін жасайды, тұрғын үй көмегін алушылардың мекен жайы бойынша тағайындалған көмек сомасын қызмет жеткізушілердің шотына аударады.

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/