Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы


Түпқараған аудандық мәслихатының
2013 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 17/ 111 шешімімен бекітілген

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңына, 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілген жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы»Заңына, 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына, 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.

       2. Осы Қағида әлеуметтік көмек көрсетуді, оның мөлшерлерін белгілеуді және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.
       1. Жалпы ережелер
       3. Осы Қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
       1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасының тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар; 
       2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
       3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Маңғыстау облысының статистикалық органы есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
       4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
       5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының айлық жиынтық табысының отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
       6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс - тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
       7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);
       8) уәкілетті ұйым – «Зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық» (бұдан әрі - Орталық) Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облыстық филиалы;
       9) әлеуметтік көмек екінші дәрежелі банктер немесе сәйкес келетін банктік операциялар жасауға лицензиясы бар ұйымдар арқылы ақшалай түрде алушылардың есепшоттарына аудару арқылы ұсынылады.
       10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
        11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
        Осы Қағидада қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген мазмұнда қолданылады.
        4. Осы Қағида әкімшіліктік-аумақтық бірліктерге сәйкес Түпқараған ауданында тұрақты тұратын тұлғаларға қолданылады. 
        5. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушыларға) өмірлік қиын жағдай туындағанда, сондай- ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда берілетін көмек түсініледі.
        6. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен беріледі. 
        7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет) беріледі.
        8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Маңғыстау облысының әкімдігі бекіткен ереже негізінде жүзеге асырады.
        Учаскелік және арнайы комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

         2. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер:

         9. Адам (отбасы) мынадай:
1) жетімдік;
  2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
  3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
  4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;
  5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
  6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс тіршілігінің шектелуі;
  7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне - өзі күтім жасай алмауы;
  8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
  9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
  10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
  11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу;
  12) күн көрісі төмен болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін.
        3. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі

     10. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек жылына бір рет табыстарын есепке алмай, келесі мөлшерде көрсетіледі:

        1) 21–23 наурыз – Наурыз мейрамы:
       «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
       барлық топтың мүгедектеріне, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
       2) 26 сәуір – Чернобыль АЭС - дағы апат күні:
       Чернобыль АЭС - дағы апатты жоюға қатысушы мүгедектеріне – 60 000 (алпыс мың) теңге;
       1986–1987 жылдардағы Чернобыль АЭС - дағы апатты жоюға қатысушыларға – 50 000 (елу мың) теңге;
       1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС - дағы апатты жоюға қатысушыларға – 20 000 (жиырма мың) теңге;
       3) 9 мамыр – Жеңіс күні:
       Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 100 000 (жүз мың) теңге;
       жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Чернобыль АЭС - дағы апатты жоюға қатысушы мүгедектерден басқа) – 60 (алпыс мың) теңге;
       жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986 –          1987 жылдардағы Чернобыль АЭС - дағы апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 000 (елу мың) теңге;
        Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 10 000 (он мың) теңге;
       Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 40 000 (қырық мың) теңге;
       Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар – ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына – 10 000 (он мың) теңге;
       бейбіт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына – 10 000 (он мың) теңге;
       қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына - 10 000 (он мың ) теңге;
       Чернобыль АЭС-дағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына – 10 000 (он мың) теңге;
       Чернобыль АЭС-дағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай – ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС- дағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 10 000 (он мың) теңге;
        қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай – ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғынына» белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйеліне (еріне) – 10 000 (он мың) теңге;
       Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға – 20 000 (жиырма мың) теңге;
        4) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:
        асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушыларға – 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш;
        Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;
        1991 жылға дейін Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғалар – 36 (отыз алты) айлық есептік көрсеткіш;
        барлық топтың мүгедектеріне, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
        5) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні:
        жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан жоғары жалғызілікті зейнеткерлерге – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
       6) 6 қазан – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні:
       барлық топтың мүгедектеріне, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
        7) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:
        барлық топтың мүгедектеріне, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
        8) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:
        мүгедек балаларға және 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге – 5 (айлық) есептік көрсеткіш;
        9) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні:
        барлық топтың мүгедектеріне, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
       Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер, толықтырулар енгізілді - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 09.06.2014 № 22/157Шешімімен.
        11. Өмірлік қиын жағдайда деп танылған азаматтарға әлеуметтік көмек:
1) мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы берілмеген кезде әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық ауруларға, мамандандырылған және туберкулезге қарсы медициналық ұйымдардан шыққандарға, иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға, табысын есепке алмай, жылына бір рет - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
  2) 18 жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек табысы есепке алмай ай сайын - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
  3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлкіне зиян келтірілген тұлғаларға табысын есепке алмай, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей, бір мезгіл – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
  4) өтініш берген айдан бастап тоқсан сайын негізгі азық – түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты табысын есепке алмай, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға ай сайын - 0,5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде;
  5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге, емделуге, дәрі – дәрмек, оқу құрал – жарақтарын алуға, отбасының бір мүшесі қайтыс болуына байланысты әлеуметтік көмек жылына бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шектік шамада беріледі.
6) табысын есепке алмай және мамандық таңдауға шектеу коймай Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын мүгедек студенттер мен өтініш жасаған айдың алдындағы 12 айда жан басына шаққандағы орташа табысы, Маңғыстау облысы бойынша белгіленген 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар келесі санаттағы тұлғаларға ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет қаражаты шегінде жылына бір рет білім беру ұйымдарына оқуды төлеуге арналған нақты шығындар бойынша және ай сайын тамақтану мен жатақ шығындарын ішінара жабуға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш:
         Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге;
  тұл жетімдерге немесе балалар үйінде және балалар ауылында тәрбиеленуші студенттерге;
  ата–анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек немесе екеуі де зейнеткер студенттерге;
  ата–анасының біреуі қайтыс болған студенттерге;
  бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған кемінде төрт және одан да көп баласы бар отбасының орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру мекемелерінде, жоғарғы оқу орнында күндізгі бөлімде оқитын 23 жастан аспаған балаларына көрсетіледі.
         Ескерту. 11 тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 09.06.2014№ 22/157Шешімімен.

    4. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

 12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, Орталықтың немесе өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органдар бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      Атаулы күндер мен мереке күндерге әлеуметтік көмек алуға құқығы барларға, алайда Орталық тізімінің электрондық нұсқасына қандай да бір себеппен енгізілмей қалғандарға жергілікті атқарушы орган ұсынған құжаттар негізінде қосымша тізім бекітеді.
  13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
  1) жеке басын куәландыратын құжат;
  2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
1-қосымшасынасәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
  4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
  5) алушының санатын растайтын құжаттар;
  6) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжат және (немесе) акт;
  7) әлеуметтік көмек төлейтін уәкілетті ұйымдағы банк шоты нөмірін растайтын құжат;
  8) туу туралы куәлік (жоғары оқу орнындағы студенттерге);
  9) білім беру қызметінің келісім шарты (жоғары оқу орнындағы студенттерге) ұсынады.
  Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтың (отбасының) мүддесіне байланысты оның өздігінен хабарласа алмауының себебін көрсетіп, әлеуметтік көмек көрсету туралы хабарласа алады:
  1) отбасының ересек мүшесі;
  2) қамқоршы (сенімгер);
  3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес сенім жүктелген тұлға.
  14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
  15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауыл округтың әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
  16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 23-қосымшаларынасәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жолдайды.
  Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді
  17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
  18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
  19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
  20. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.
  21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
  Осы қағиданың 17және 18-тармақтарындакөрсетілген жағдайларда, уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
  22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдаған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
  23. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
  24. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2009 жылғы 28 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есептеледі.
  25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
  1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
  2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
  3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
  26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша, ағымдағы қаржы жылына Түпқараған ауданының бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
  Әлеуметтік көмекті төлеуді әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті беретін уәкілетті ұйым арқылы жүзеге асырады.
     5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

 27. Әлеуметтік көмек:

  1) алушының қайтыс болуы;
  2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кетуі;
  3) алушыны мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберуі;
  4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
  Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
  28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/