Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

ХҚКО-лар 2015 жылы 35 млн-ға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетті


2015 жылы халыққа қызмет көрсету орталықтары 34,8 млн. (2014 жылы 29 млн. қызмет), оның ішінде 24,5 млн. электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетіп, өз жұмысының барлық негізгі көрсеткіштерінің өскендігін көрсетті.

Бұл ретте, ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санының өсуі жалғасуда, мысалы, 2015 жылдың ішінде ХҚКО-ларға 21 жаңа қызмет берілді және бүгінгі таңда олардың саны 212-ге жетті. Жаңа қызметтер қатарында жетім-балалар мен ата-анысының қамқорынсыз қалған балалардың қорғаншылары мен қамқоршыларына жәрдемақы тағайындау, жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу және т.б. 

Инвестиция және даму вице-министрі Сәкен Сәрсеновтың айтуы бойынша, бекітілген қызметтерден басқа ХҚКО-ларда бас прокуратураға талап арыздарды, «сот кабинеті» арқылы сотқа құжаттарды, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына өтініштерді беру бойынша пилоттық жобалар іске қосылған. «Азаматтардың ХҚКО арқылы фитосанитарлық және карантиндік сертификаттарды алу мүмкіндігі пайда болды.

2015 жылғы наурыздан бастап «ХҚКО» РМК, ЗТМО және «Қазпочта» АҚ арасындағы үш жақты меморандумның арқасында шалғай ауылдық елді мекендердің тұрғындары тек Мобильдік ХҚКО көрсететін қызметтерді ғана емес, сонымен бірге жәрдемақы, зейнетақы төлемдерін тағайындау,  сондай-ақ оларды тағайындау үшін шоттар ашу сияқты әлеуметтік маңызды қызметтерді ала алады. Жыл басынан бастап мобильдік ХҚКО-лар шалғай ауылдық елді мекендерге 13 мыңнан астам сапарға шықты және 444 мыңнан астам қызмет көрсетті. Сондай-ақ мобильдік ХҚКО-лардың сапарға шығу кестелері қайта қаралды, оның арқасында елді мекендерді қамту саны артты.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін барлық мамХҚКО-ларда «шоферлік комиссиясы» іске қосылған, ол арқылы автокөлік иелері «083У» анықтамасын бір кешеннің аумағында ала алады. Вице-министр бір жыл ішінде мамХҚКО-ларда 2 862 жоғары сұранысқа ие  нөмірлер сатылғанын, оның нәтижесінде мемлекет бюджетіне 923 млн-нан астам теңге түскендігін атап өтті.  

Қазан айында Астана және Алматы ХҚКО-ларында мобильдік ЭЦҚ-мен SIM-карталарды сату бойынша пилоттық жоба бастау алды.  Оларды пайдалану азаматтарға ең қарапайым батырмалы телефон арқылы мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүліктің барлығы (жоқтығы) туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларын және өзге де қызметтерді алуға жол береді. Айта кетсек,  Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарының  21 желтоқсаннан бастап ЭЦҚ-мен SIM-карталарды сатып алу мүмкіндігі пайда болды.

«Conneсtion point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысына аса көңіл бөлінеді. 2015 жылы  «Conneсtion point» 7 млн. астам электрондық анықтамалар берілген. Ал азаматтарды порталмен жұмыс істеуге оқытудың арқасында электрондық үкімет порталының халық арасындағы танымалдығы маңызды артты. Осылайша, электрондық цифрлық қолтаңбаны жыл басынан бастап 3 млн. астам пайдаланушы алды. 

Қазақстан ХҚКО-ларында сурдоаударма тілін 696 қызметкер игерген, қазіргі уақытта ір ХҚКО-да ыммен сөйлесуді игерген 2 қызметкер жұмыс істейді, ал 1 және 2 топ мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ХҚКО қызметкерлері үйіне келеді. Жыл ішінде 30 мыңнан астам мүгедек үйде қызмет алған. 

Сонымен бірге, азаматтарға ыңғайлылық үшін кейбір ХҚКО-лар жаңа ғимараттарға көшірілді, бұл тұрақтар, жайпақ пандустар мен тар үй-жайлардың мәселелерін шешуге көмектесті. Қалалардың жаңа аудандарында ХҚКО бөлімдері ашылды.  Мысалы, Шымкент қаласының Қаратау ауданында, Алматы қаласының Наурызбай ауданында және т.б. Желтоқсан айында Қостанай мен Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО іске қосылды, әр қайсысында автоматтандырылған автодромнан басқа «А» санатын алуға емтихан тапсыруға арналған алғашқы автоматтандырылған мотодром салынған. Осылайша, елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтарының саны 270-ке артты.

  Сондай-ақ, ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде «жасырын сатып алушы» әдісімен өткізілген әлеуметтік зерттеудің екінші кезеңінің қорытындысын шығарды. Зерттеу нәтижелері халық арасында ХҚКО қанағаттану деңгейі 85%-ға жеткендігін көрсетті.

ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметі


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/