Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

«Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті


Еуразиялық экономикалық одақ пайда болғалы бері, сол мемлекеттер-мүшелерінің арасында жаңадан Кеден одағының техникалық регламенттері қабылданып бастағанын бәріміз білеміз. Қазіргі таңда 35 техникалық регламент қабылданып, 34 күшіне енді. Сол күшіне енген техникалық регламенттердің бірі  КО ТР 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті.

  Аталған Кеден одағының техникалық регламентінің басты мақсаты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттерден ескерту, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы техникалық регламентке тарайтын жеңіл өнеркәсіп өніміне, мыналар жатады: тоқыма материалдары, тігін және трикотаж бұйымдары мен киімдер, машиналық өндіріс тәсіліндегі кілемді бұйымдар мен жабындылар, киіз, жұқа киіз және тоқусыз материалдар, аяқ киімдер, терілер мен тері бұйымдары,кожа және кожа бұйымдары, жасанды кожалар. Жеңіл өнеркәсіптегі өнімнің қауіпсіздігі механикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштермен бағаланады. Кез келген жеңіл өнеркәсіп өнімі Кеден одағы аумағына тек аталған техникалық регламентке сай болғанда ғана шығарылады. Осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігі расталмаған жеңіл өнеркәсіп өнімі, Кеден одағы мемлекеттер-мүшелеріні біріңғай белгісімен таңбаланбауы тиіс және нарық айналымына шығарылымға жіберілмейді.

Таңбалауға қойылатын талаптар

Өнімнің таңбалануы тексеру және сәйкестендірілу үшін анық, оқылымды және қол жетімді болуы қажет. Таңбалану келесідей қажетті ақпараттармен қамтылуы тиіс:

·  өнімнің аталуы;

·  өндіруші елдің атауы;

·  өндіруші не сатушының, немесе өндіруші уәкілетті тұлғаның атауы;

·  өндірушінің не сатушының, немесе өндіруші уәкілетті тұлғаның заң бойынша мекен-жайы;

·  бұйым өлшемі;

·  шикізат құрамы;

·  тауар белгісі (бар болған жағдайда);

·  нарықта Кеден одағы мемлекеттер-мүшелерінің өнімге беретін біріңғай белгісінің болуы;

·  өндірушінің кепілдеме міндеттері (қажет болған жағдайда);

·  өндірілген күні;

·  өнім партиясының нөмірі (қажет болған жағдайда).

Өнім түрлеріне байланысты салмақ, сұрыпы, үлгісі және т.б. көрсеткіштері көрсетіледі.

Сәйкестікті растау

Жеңіл өнеркәсіп өнімі нарық айналымына шықпас бұрын, мағлұмдама сәйкестігі немесе сертификаттау түрінде болатын, осы техникалық регламент талаптарына сай сәйкестікті растау рәсімінен өткізілуі тиіс. Сертификат Кеден одағының сынау зертханалары мен сертификаттауы бойынша Біріңғай тізілімге кіретін, сәйкестікті растау  органымен беріледі. Сәйкестікті мақұлдауда өтінішкер жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға да болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылған негіздерден, Кеден одағының техникалық регламенті – бұл біздің және сіздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін арналған, күнделікті тұрмыста тұтынатын өнімдер үшін қауіпсіздік талаптарын анықтайтын құжат. Сол себепті біз халық үшін аздаған ақпарат беруді жөн деп таптық. Кеден одағының «Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті туралы толығырақ Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕЭО) сайтынан таныса аласыздар.

Қазіргі таңда ҚР Президентінің Жарғысымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті техникалық регламенттер талаптарының орындалуын, яғни КО ТР 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті талаптарының орындалуын жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп өніміне қатысты туындаған сұрақтарыңыз бойынша аталған Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне хабарласуыңызға болады.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы Сабыр Ұ.А.

               


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/