Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Электрондық сандық қолтаңба – болашағыңыздың кілті!


ЭСҚ дегеніміз не?

Ақпараттық технологиялардың арқасында біздің өмірімізге жаңа терминдер мен түсініктер енді. Е-үкімет саласында басты терминдердің бірі – электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болды. Оның құжаттардың заңдық күші бар екенін сәйкестейтін және растайтын құрал ретінде пайдалану біздің өмірімізде қалыпты жағдай болып кетті.  

Электрондық сандық қолтаңба – бұл электрондық құжаттың жасанды түрінен қорғау үшін арналған реквизит. ЭСҚ қолтаңба иесін теңестіруге, сондай-ақ электрондық құжаттағы ақпаратта бұрмалау жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді.  

Электрондық сандық қолтаңба – бұл мағыналы құжаттамалармен алмасу үшін өте ыңғайлы қазіргі заман құралы, электрондық қолтаңба механизмін енгізу арқасында Қазақстан өңірінің шекарасы экономикалық қызметтер үшін шектеулі болмайды.

ЭСҚ қалай қолданады?

Қолтаңбаны қолдану өте оңай. Ол үшін ешқандай арнайы білімнің, дағдының және іскерліктің керегі жоқ. Электрондық құжаттамамен алмасуға қатысатын әрбір ЭСҚ пайдаланушыға ашық және жабық (құпия) криптографиялық кілттер беріледі.
Басты элемент құпия (жабық) кілт болып келеді, оның көмегімен электрондық құжаттарды шифрлеу жүргізіледі және электрондық сандық қолтаңба қалыптасады. Сондай-ақ құпия кілт пайдаланушыда қалады және оған жеке тасымалдаушыда беріледі. Ол дискета, смарт-карта немесе флеш-карта болуы мүмкін. Оны басқа да жүйені пайдаланушылардан құпия сақтау керек.

Электрондық сандық қолтаңбаның басымдылығы неде?

Электрондық сандық қолтаңбаны пайдалана отырып, Сіз:
-облыс қана емес, сондай-ақ республика мемлекеттік органдар виртуалдық қабылдауына өтініштерді жүзеге асырасыз (бұл қызмет Қазақстан Республикасы азаматтарына өз өтініштерін мемлекеттік органдарға тапсыруға мүмкіндік және өтініштің дәрежесін: мемлекеттік органға жеткізілгенін, орындалуға берілгенін, орындалғанын және т.б.

тексеруге мүмкіндік беретін мемлекеттік орган тарапынан жауапты әрекетке кепілдік береді);
- үйден шықпай тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн мемлекеттік қызметтерді ала аласыз.
- тауарлардың және қызметтердің электрондық саудада, аукциондарда және тендерлерде ең тиімді баға ұсыныстарын енгізіп таңдай аласыз;
- Интернет арқылы қазіргі заман негізінде ең аз шығынмен аса тиімді қарым-қатынас жасай аласыз;
- Қазақстанның кез-келген облысы, қаласындағы серіктестермен алыстан жүргізу режимінде экономикалық операцияларды жасай отырып, өз бизнесіңіздің таралу шегін кеңейте аласыз.

Электрондық қолтаңбаны Ұлттық куәландыру орталығында қалай алуға болады?

ЭСҚ (электрондық қолтаңбаны) алу – бұл Сіздің көп уақытыңызды алмайтын, өте оңай шара. Электрондық қолтаңбаны алу үшін Ұлттық куәландыру орталығыныңwww.pki.gov.kz«Қолтаңбаны қалай алуға болады» сайтына кіріп, нұсқаулықты орындау қажет. 
Ұлттық куәландыру орталығының сертификаты бойынша электрондық қолтаңба Сізге билікпен, барлық деңгейдегі кәсіпорындар және ұйымдармен аса пайдалы қарым-қатынастарға жол ашады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/