Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

eGov порталына БҒМ төрт қызметі шығарылды


Қазақстанның электрондық үкімет порталында білім және ғылым министрлігінің төрт қызметі қолжетімді болды. Енді eGov порталының көмегімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтаманы алуға, экстернат нысанында бастапқы, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқуға рұқсат алуға, бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қоюға және баланы патронаттық тәрбиелеуге беруге болады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтаманы алуқызметі тегін көрсетіледі. Бұрын анықтаманы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ беретін. Анықтаманы алу үшін өтініш беруші орталыққа жеке куәлікпен жүгініп, өтініш толтыру керек еді, анықтама 4 күннің ішінде дайындалатын. Ал портал арқылы өтініш берген кезде анықтама ұсынылған ұйымның атауын көрсету қажет. 1 күннің ішінде пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық құжат түрінде анықтама жіберіледі.

Экстернат нысанында бастапқы, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқуға рұқсат алуүшін өтініш беруші жергілікті атқарушы органға экстернат нысанында оқуға өтініш береді, сонымен қатар дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысын, білім алушылардың ата-аналарының немесе оларды ауыстырушының шетелде уақытша тұратыны туралы анықтаманы, шетелде оқуды растайтын құжатты, қызмет алушының оқудың соңғы сыныбы үшін үлгерім табелінің көшірмелерін және туу туралы куәліктің көшірмесін ұсынады. Қызмет тегін, 15 жұмыс күннің ішінде көрсетіледі.

Порталда, сонымен қатар,бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қоюмүмкіндігі пайда болды. Бұрын қызметті алу үшін өтініш беруші жеке куәліктің көшірмесін, жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімін, жиынтық табыс мөлшері туралы анықтаманы, отбасы жағдайы туралы анықтаманы, аурудыңболмауын растайтын азаматтардың денсаулық жағдайы туралы анықтаманы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы, тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжатты тапсыруы керек еді. Қызметті порталда алу үшін пайдаланушы электрондық нысанды толтырады, мұндағы деректер әр түрлі мемлекеттік деректер қорларынан алынады. Ерлі-зайыптылар арасында келісу порталдың жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады. Өтінішке жиынтық табыс мөлшері туралы, денсаулық жағдайы туралы анықтама мен жақын туыстарының бала асырап алуға келісімінің  электрондық көшірмелері қоса беріледі. Қызмет көрсету нәтижесі болып бала асырап алуға үміткер болудың мүмкіндігі туралы қорытынды табылады.

Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру қызметін қолдану үшін патронат тәрбиеші болуға тілек білдіргені туралы өтініш толтырып, денсаулық жағдайы мен білімі туралы құжаттардың көшірмесін қосу керек. Ерлі-зайыптылар арасында келісу порталдың жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады. Қызмет көрсетілу нәтижесі бойынша пайдаланушының жеке кабинетіне баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт немесе бас тарту туралы негізді жауап түседі.

Барлық жаңа қызметтер «Азаматтарға» айдары, бұдан әрі «Отбасы» немесе «Білім» бөлімдерінде қолжетімді. Жаңа қызметтерді алу үшін порталда тіркелу мен электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет. Азаматтар электрондық қызметтерді алу бойынша сұрақтарды 1414 немесе 8 800 080 70 70 телефондары бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоя алады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/