Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргізуші куәліктерін алды


Бұл санжыл басынан жаңа жүргізуші куәліктерін алған жалпы автомобилистер санының 30%-ына жуығын құрайды. Барлығы 36 115 жүргізуші куәлігі, оның ішінде әйелдерге – 10 776 жүргізуші куәлігі берілді.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алған автомобиль әуесқойларының саны жыл сайын өсіп келеді. «2014 жылы, мысалы, қаңтар және ақпан айларында мамандандырылған ХҚКО-ларда 15 мыңнан астам қазақстандық жүргізуші куәлігін алды, олардың ішінде 4 мыңы – әйелдер. 2015 жылдың 2 айына – 27 мыңнан астам, олардың ішінде 8 мыңнан астамы – әйелдер. Осы жылы да біз сол сияқты жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтердің өсу динамикасын көрдік»,- деп айтып өтті ол.

Автокөлік құралдарын тіркеу бойынша алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Қарағанды қаласында пайда болғандығын, кейіннен мамандандырылған ХҚКО-лар Алматы, Астана, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасай бастағандығын атап өтеміз. Бүгінде Қазақстанда автокөлік иелеріне қызметтер көрсету бойынша 11 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді.

Бизнес-процесстерді автоматтандырудың жәнемемлекеттік органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында жүргізуші куәліктерін алу уақыты 2 сағатқа дейін қысқарды. Бұдан басқа,  мамандандырылған ХҚКО-лардың аумағында психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлер дәрігерлерінің кабинеттерін және медициналық комиссияларды орналастыру клиенттерге барлық ілеспе анықтамаларды бір жерде алуға мүмкіндік берді.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда міндеттерді бөлісу қолданылатындығын атап өту керек: ХҚКО қызметкерлері құжаттарды қабылдаумен және дайын құжаттарды берумен айналысады, ал ТЕБ қызметкерлері жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу куәліктерін жасау процесіне қатыстырылады.

«ХҚКО» РМК баспасөз қызметі


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/