Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Баланы балабақшаға кезекке қою


Бiлiм бөлiмдерiнiң мамандарының есiгiнiң алдында балабақшаға балаларын орналастыруға қалаушы ата-аналар тобын әрбiр ана жақында қорқынышты түсiндей елестететiн. Қазiр бәрi басқаша. Балаңызды мектепке дейнгi балалар мекемесiне кезекке қалай қоюды сiз осында оқи аласыз:

Өзiңiздiң балаңызға туу туралы куәлiгiн ресiмдеу кезiнде, сiз балаңызды мемлекеттiк балабақшаға кезекке қоя аласыз, ол үш-төрт жасына дейiн келедi. Егерде сiз жергiлiктi атқарушы орган арқылы аталған рәсiмдi бұрынғыдай өткiзгiңiз келсе, онда бұл да мүмкiн.

Егерде сiз ХҚКО-ға жүгiнсеңiз, онда портал арқылы өтiнiш бiлдiрген сәттен бастап 30 минут iшiнде сiз өз кезегiңiздiң нөмiрiн бiлетiн боласыз, бұл жайлы қызметтi алушыға кезектiң нөмiрi көрсетiлген қолхат берiледi. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

ХҚКО-ға екi құжат қана қажет:

1.  Қызмет алушының заңды өкiлдерiнiң бiрiнiң жеке құжаты (сәкестендiру үшiн);

2.  Мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекте орынды алуға құқығын растайтын құжат.

Қалған қажеттi деректердi ХҚКО қызметкерi сәйкесiнше мемлекеттiк ақпараттық жүйеден уәкiлеттi тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Балабақшаға кезекке www.egov.kz электрондық үкiмет порталы немесе iOS және Android үшiн қолжетiмдi egov.kz мобильдi қосымшасы арқылы онлайн қоюға болады. Жас ата-аналар үшiн кезекке онлайн қою тәсiлi ыңғайлы, өйткенi бұны үйден шықпай-ақ жасауға болады. Кезектi интернет арқылы egov.kz порталында «Балабақшаға кезек нөмiрiн қарау» сервисiнiң көмегi арқылы қадағалауға болады.

Бiрiншi орынды алу құқығына ие:

·  мүгедек балалар;

·  ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

·  жетiм балалар;

·  көп балалы отбысылардың балалары;

·  жеңiлдiктер және кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғалардың балалары.

Портал арқылы қызметтi алуда тұлғалардың жеңiлдiктi санатына портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаға ие болу қажет.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/