Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Қазақстан Республикасынының Мемлекеттік Елтаңбасына жаңа ұлттық стандарт


Ағымдағы жылдың наурызайының 14-25 аралығындаТехникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ДепартаментіМаңғыстау облысы білім басқармасымен бірлесе, Ақтау қаласы аумағында орналасқан білім беру орындарында дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізді. Басты бағыт,ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына» бекітілген жаңа стандарт талаптарын түсіндіру,ҚР Мемлекеттік Рәміздерін қолдану, орналастыру тәртібіне және ҚР СТ 988-2007 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы» стандарты бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып отыр.

Мемлекеттік рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы,ҚР СТ 988 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы» және ҚР СТ 989 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» стандарттары туралы баяндамалар оқылып, көрнекі материалдар (слайдтар) көрсетілді.

Сонымен қатар, Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2015 жылғы 14 тамыздағы № 158-од бұйрығымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгізілген ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасынының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» жаңадан қабылданған ұлттық стандартқа сәйкес, елтаңбаға қойылатын жаңа талаптар түсіндіріліп өтті.

Жас ұрпақпен стандарттау саласында жаңа мағлұматтармен бөлісіп, оларды ұлттық рәміздерімізді құрметтеуге, дәріптеуге бағытталған іс-шара мына білім беру орындарында көрініс тапты:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Шет тілдер колледжі

Ақтау политехникалық колледжі

Маңғыстау энергетикалық колледжі

Ақтау есеп- технологиялық колледжі

Мейірбеке медициналық колледжі

Болашақ колледжі

Студенттер тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылып, жан-жақты талқылауға түсті. Болып жатқан өзгерістерге аса мән беріп, тәуелсіздігіміздің нышаны болып табылатын мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, алдағы уақытта аталған бағытта іс-шаралар өткізетіндіктерін жеткізді.Алдағы уақытта аталған тақырыптардағы семинарлар мен дөңгелек үстелдер аудандарда жалғасын таппақ.

ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы

Майрамқызы Қалима


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/