Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Метрологиялық қадағалаудың ережелері


 Қазақстан Республикасында өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету үшін енгізілетін нормалар, ережелер және талаптар нормативті сипатта болады, яғни орындалуға міндетті. Бұл ережелер мен нормаларды сақтамау күрделі мемлекеттік тәртіпті бұзушылық болып табылады да жағымсыз күрделі экономикалық, экологиялық және т.б. сондай салдарға әкеледі. Сондықтан олардың орындалуына мемлекеттік қадағалау мен ведомстволық бақылау бекітілген. 

Қазақстан Республикасы аймағында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасы аймағына енгізілетін, сондай-ақ саудада қолданылатын өлшеу құралдарына салыстырып тексеруді ұйымдастыруға және тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейтін арнайы стандарт жасақталған ҚР СТ 2.4-2007 «Өлшем құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі». Аталған стандартта өлшем құралдарын салыстырып тексеру ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 талаптарына сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен іске асырылатындығы, сонымен қатар ҚР СТ 2.63 сәйкес әзірленген өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне сай аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүргізеті жөнінде көрсетіліп кеткен.

Тексерістерге кәсіпорынның ведомстволық метрологиялық  қызметінің жұмысшылары тартылуы мүмкін. Тексеріс нәтижелері актпен рәсімделеді  де кепілдеме негізінде кәсіпорынның (ұйымның) басшысының қолына беріледі.

Салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралдарына және пайдалану құжаттамаларына басылатын салыстырып тексеру таңбасымен және осы стандарттың А қосымшасындағы нысан бойынша салыстырып тексеру туралы сертификатпен расталады.

 Егер өлшем құралдары салыстырып тексеру нәтижесі бойынша қолдануға жарамсыз болып табылса, онда қолданыстағы салыстырып тексерудің басылған таңбасы өшіріледі және (немесе) пайдалану құжатына сәйкес жазу жазылады, қолданыстағы сертификат жарамсыз деп танылады және осы стандарттың Б қосымшасына сәйкес қолдануға жарамсыздығы туралы хабарлама жазылып беріледі.

 Тексеру кезінде тауарларды қабылдау, сақтау және босату шарттарын бұзушылық анықталса (соның ішінде метрологиялық талаптарды сақтамаған үшін), онда мемлекеттік инспектор тәртіп бұзушылықтарды жою туралы нұсқау береді және оны орындаудың нақты мерзімдерін бекітеді.

 Егер  тексеріс кезінде тексеріліп жатқан өнім партиясының  сапасы стандарттардың талаптарына  жауап бермейтіні немесе техникалық шарттарға сәйкес келмеуі анықталса, онда ақаулықтарды толығымен жою  сәтіне дейін бұл өнімді босатуға тыйым салу туралы бұйрық құрылады. Егер де тексеріс нормативтік құжаттарды жүйелі түрде сақтамауды анықтаса, онда берілген өнім түрін өндіруге және босатуға сапасыз шығарылымның себептерін анықтағанға дейін мүлдем тыйым салынады.

 Метрологиялық ережелерді бұзу жағдайларында мемлекеттік қадағалау органдары кәсіпорынға және кінәлі лауазымдық тұлғаларға қатысты заңнамада бекітілген құқықтық шараларды қолданады. Осылайша, өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру кезінде жағымсыз нәтижелердің орын алған жағдайда өлшеу құралдарын, оларға бақылау белгісін қойып, өндірістен алынып тасталуы, тексерулер туралы куәлік заңдық күшінен айырылуы, олардың техникалық паспорттарында өндірісте пайдалануға жарамсыз деген басылым қойылуы мүмкін. Өлшеу құралдарын ала алмау жағдайларында әрі қарай қолдануға тыйым салынады деп басылады. Тексеріс мерзімдерін сақтамау, сапасыз ведомстволық тексеріс анықталса мемлекеттік қадағалау органдары жалпылама бір мезгілді тексерісті немесе

мемлекеттік қадағалау органдарында өлшеу құралдарының жеке тексерістерін, өндірістегі  өлшеу құралдары үшін бақылау аралық интервалды қысқарту сияқты шараларға міндеттеуі мүмкін.

 Егер метрологиялық ережелерді бұзушылық тексеріліп жатқан кәсіпорынның лауазымды  тұлғаларының өз міндеттерін орындамау  немесе дұрыс орындамау салдарынан орын алса, онда қадағалау және бақылау органдары кәсіпорын басшылығына немесе жоғарғы лауазымды тұлғаларға бұл тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту, тіпті лауазымдық орындарын босату жөнінде ұсынымдар жасауы мүмкін.

 Ал осы тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болатын тәртіп бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік қадағалау органдары тексеріс материалдарын әкімшілік комиссияларға тапсырады. 

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойыншадепартаментінің бас маманы м.а. ҚосанқызыНұргүл


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/