Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___»________

№_____қаулысымен бекітілген

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру

жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)мемлекеттік көрсетілетін қызметті мемлекеттік мекемесімен, қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдері көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет  нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпараткомитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – ХҚО);

3) www.egov.kz,www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі болып жер учаскесін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрықнемесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгіште жүгінгін жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта рәсімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылаы.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың  9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің алуы мемлекеттік қызмет  көрсету бойынша рәсімдерді (iс-қимылдарды) бастауға негіздеме:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) бектіліген«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту»мемлекеттік көрсетілетін қызметстандартының(бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО өтініш беруі;

порталда – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ), куәләндырылған электрондық құжат нысанында сұрау салуы болып табылады. 

5.Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны және оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен түскен құжаттарды қабылдауы және тіркеу - 15(он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысыменқұжаттарды қарау - 15(он бес) минут;

3) жауапты орындаушыменқұжаттарды қарау - 6 (алты) жұмыс күн;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесіне қол қою -15(он бес) минут;

7) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру - 1 (бір) жұмыс күн;

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша (іс-қимылдардың) процестерінің нәтижесі, келесі (іс-қимылдар) процестердің орындалуын бастауға  негіз:

1)  құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген кеңседегі тіркеу туралы арыз көшірмесіне белгілеу;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен құжаттарды қарау;

3) жауапты орындаушыны анықтау;

4) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;

5) қол қойылған мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне беру;

7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша журналға көрсетілетін қызметті алушы қол қою.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимылы тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң(iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды  қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына  береді - 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен  танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға береді - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды - 6 (алты) жұмыс күн;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінеқол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды -1 (бір) жұмыс күн;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді -15 (он бес) минут.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. ХҚО және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгiну, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу тәртiбiн сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады - 15 (он бес) минут;

2) ХҚО инспекторы түскен құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және ХҚОкурьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінебереді - 1 (бір) күн;

3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді - 15 (он бес) минут;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен  танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысынаорындауға береді - 15 (он бес) минут;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысытүскен

 құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдайды - 6 (алты)  жұмыс күн;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінебереді - 15 (он бес) минут;

7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және ХҚО курьері арқылы ХҚО инспекторына береді - 15 (он бес) минут;

8) ХҚО инспекторы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға сол күні береді.

10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімнің  (iс-қимылдың) реттілігін сипаттау.

1) 1-процесс –мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор базасының ақпараттық жүйесіндегі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МДБ АЖАЖО) көрсетілетін қызмет беруші қызметкерінің логин мен пароль енгізуі;

2) 1-шарт – көрсетілетін қызмет берушінің қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖАЖО логин мен пароль арқылы тексеру;

3) 2-процесс – портал қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны  «Е-лицензиялау» МДБ АЖАЖО-да қалыптастыру;

4) 3-процесс – көрсетілетін қызмет беруші қызметкерінің таңдауы осы «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттікқызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және портал қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы деректерін енгізуі;

5) 4-процесс – электронды үкімет шлюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮШ) заңды тұлғалардың мемлекеттік база мәліметінде/жеке тұлғалардың мемлекеттік база мәліметінде (бұдан әрі – ЗТ МДБ/ЖТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушы  деректеріне сұрау салу;

6) 2-шарт – ЗТ МДБ/ЖТ МДБ көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;

7) 5-процесс – ЗТ МБМ/ЖТ МБМ көрсетілетін қызметті алушы  деректерінің расталмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 6-процесс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және портал қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;

9) 7-процесс – «Е-лицензиялау» МБМ АЖА ЖО сұранысты тіркеу және «Е-лицензиялау» МБМ АЖА ЖО мемлекеттік қызметті өңдеу;

10) 3-шарт – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;

11) 8-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ АЖО-да мемлекеттік қызметті алушының деректерінде бұзушылыққа байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 9-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ АЖО-да қалыптастырылған мемлекеттіккөрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы.

Мемлекеттiк қызметті көрсетуде тартылғанақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы, көрсетілетін қызметті беруші арқылы осы Регламенттің1 - қосымшасынасәйкес диаграммамен сүйемелденеді.

11. Порталарқылы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін және рәсімнің  (iс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда ЖСН/БСН көмегімен және паролін тіркеуді жүзеге асырады (портал-ға тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен қызметті алу үшін портал ЖСН/БСН және паролін енгізу (авторлау процесі);

3) 1-шарт – ЖСН/БСН  мен пароль арқылы тіркелген қызметті  алушы  туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі, сондай-ақ  Стандарттың 9-тармағынасәйкес көрсетілгендей нақтылау үшін (қол қою үшін) тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұрауды таңдауы;

6) 2-шарт –ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін порталда тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс –порталдакөрсетілетін қызметті алушыныңЭЦҚ арқылы

мемлекеттік қызмет көрсету үшін куәлігін сұрауы жәнешлюзді электронды портал (бұдан әрі – ШЭП) арқылы аймақтық электронды үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЭҮШ АЖО) электронды құжаттарды (сұраныс) өңдеу үшін жолдайды;

9) 3-шарт – қызмет көрсетуге негіз болу үшін Стандарттың9 тармағында жәнемемлекеттік қызметті көрсету үшін негізде көрсетілгендей қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушының  қосымша жалғаған құжаттарға сәйкестігін ЭҮП-да тексеру (өңдеу);

10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталында қалыптастырылған мемлекеттіккөрсетілетін қызмет нәтижесін алуы.

Мемлекеттiк қызметті көрсетуде тартылғанақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы, портал арқылы осы Регламенттің  2-қосымшасынасәйкес диаграммамен сүйемелденеді.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/