Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___»_______

№_____қаулысымен бекітілген

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпараткомитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – ХҚО);

3) www.egov.kz, «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі болыпіздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өкім (бұдан әрі – рұқсат беру)

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың  9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің алуы мемлекеттік қызмет  көрсету бойынша рәсімдерді (iс-қимылдарды) бастауға негіздеме:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) бектіліген1-қосымшасына сәйкескөрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО өтініш беруі;

порталда – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ),куәләндырылған электрондық құжат нысанында сұрау салуы болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызметті көрсетупроцесінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны және оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманыментүскен құжаттарды қабылдауы және тіркеу - 15(он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысыменқұжаттарды қарау- 1 (бір) жұмыс күн;

3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсе қызметкерімен құжаттардытіркеу- 15(он бес) минут;

4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысыменқұжаттардықарау- 15(он бес) минут;

5) жауапты орындаушыменқұжаттарды қарау - 5 (бес) жұмыс күн;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысыменмемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесіне қол қою -3 (үш) жұмыс күн;

7) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру - 1(бір) жұмыс күн.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша (іс-қимылдардың) процестерінің нәтижесі,келесі (іс-қимылдар) процестердің орындалуын бастауға негіз:

1)  құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген кеңседегі тіркеу туралы арыз көшірмесіне белгілеу;

2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға құжаттарды беру;

3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына құжаттарды беру;

4) жауапты орындаушыны анықтау;

5) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;

6) қол қойылған мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына беру;

7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша журналға көрсетілетін қызметті алушы қол қою.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимылы тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) жер қатынастары жөніндегіуәкілетті органның кеңсе қызметкері;

4) жер қатынастары жөніндегіуәкілетті органның басшысы;

5) жауапты орындаушы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы келіп түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді - 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар мазмұнымен танысады, бұрыштама жапсырады және жер қатынастары жөніндегіуәкілетті органның кеңсе қызметкеріне береді - 1 (бір) жұмыс күн;

3) жер қатынастары жөніндегіуәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және жер қатынастары жөніндегіуәкілетті органның басшысына береді - 15 (он бес) минут;

4) жер қатынастары жөніндегіуәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыға орындау үшін береді - 15 (он бес) минут;

5) жауапты орындаушы құжаттардың заңға сәйкестігін қарап, мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесіндайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді - 5 (бес) жұмыс күн;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсат беруге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына береді - 3 (үш) жұмыс күн;

7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 1 (бір) жұмыс күн.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. ХҚО және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгiну, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу тәртiбiн сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардыұсынады- 15 (он бес) минут;

2) ХҚО инспекторы түскен құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередіжәне ХҚОкурьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсемаманына береді - 1 (бір) күні;

3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді - 15 (он бес) минут;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама жапсырады және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсе қызметкеріне береді - 1 (бір) жұмыс күн;

5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына береді - 15 (он бес) минут;

6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыға орындауғабереді - 15 (он бес) минут;

7) жауапты орындаушы құжаттардың заңға сәйкестігін қарап, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысынажолдайды - 5 (бес) жұмыс күні;

8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінеқол қояды жәнекөрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына береді - 3 (үш) жұмыс күн;

9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінтіркейді және көшірмесін ХҚО курьері арқылыХҚО инспекторына жолдайды - 1 (бір) жұмыс күн;

10) ХҚО инспекторы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға сол күні береді.

10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімнің  (iс-қимылдың) реттілігін сипаттау.

1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор базасының ақпараттық жүйедегі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МДБ АЖ АЖО) логин мен пароль енгізуі;

2) 1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖАЖО-да логин мен пароль арқылы тексеру;

3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ АЖО-да қалыптастыру;

4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде(бұдан әрі – Регламент) мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

5) 4-процесс – электронды үкімет шлюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮШ) заңды тұлғалардың мемлекеттік дерекқор базасында/жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқор базасында (бұдан әрі – ЗТ МДБ/ЖТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұраудыжолдау;

6) 2-шарт – ЗТ МДБ/ЖТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының  деректерінің болуын тексеру;

7) 5-процесс – ЗТ МДБ/ЖТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының  деректерінің расталмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 6-процесс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;

9) 7-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖАЖО-да сұранысты тіркеу және мемлекеттік қызметті өңдеу;

10) 3-шарт – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;

11) 8-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ АЖО-да мемлекеттік қызметті алушының деректерінде бұзушылыққабайланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 9-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ АЖО-да қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы.

Мемлекеттiк қызметті көрсетуде тартылғанақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы, көрсетілетін қызметті беруші арқылы осы Регламенттің1-қосымшасынасәйкес диаграммамен сүйемелденеді.

11. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету кезіндежүгіну тәртібін және рәсімнің  (iс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталдаЖСН/БСН көмегімен және паролін тіркеуді жүзеге асырады (порталына тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен қызметті алу үшінпорталына ЖСН/БСН және паролін енгізу (авторлау үдерісі);

3) 1-шарт – ЖСН/БСН  мен пароль арқылы тіркелген қызметті  алушы  туралы деректердің дұрыстығын порталдатексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдақалыптастыру;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттікқызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі, сондай-ақ  Стандарттың 9-тармағынасәйкес көрсетілгендей нақтылау үшін (қол қою үшін) тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұрауды таңдауы;

6) 2-шарт –ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін порталын тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттікқызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс –порталдакөрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін куәлігін сұрауы жәнешлюзді электронды портал (бұдан әрі – ШЭП) арқылы аймақтық электронды үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЭҮШ АЖО) электронды құжаттарды (сұраныс) өңдеу үшін жолдайды;

9) 3-шарт – қызмет көрсетуге негіз болу үшін Стандарттың9 тармағында жәнемемлекеттік қызметті көрсету үшін негізде көрсетілгендей қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушының  қосымша жалғаған құжаттарға сәйкестігін ЭҮП-да тексеру (өңдеу);

10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын мемлекеттікқызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталын қалыптастырылған мемлекеттіккөрсетілетінқызмет нәтижесін алуы.

Мемлекеттiк қызметті көрсетуде тартылғанақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы, портал арқылы осы Регламенттің  2-қосымшасынасәйкес диаграммамен сүйемелденеді.

12.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/