Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


                                                                 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___»________

№_____қаулысымен бекітілген

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің

 кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі(бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстыңжергілікті атқарушы органы көрсетеді(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпараткомитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3.Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі –жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының бекітілген актісі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)  іс-қимылы тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың  9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің алуы мемлекеттік қызмет  көрсету бойынша рәсімдерді (iс-қимылдарды) бастауға негіздеме:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) бектіліген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО өтініш беруі болып табылады.

5.Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны және оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен түскен құжаттарды қабылдауы және тіркеу - 15(он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысыменқұжаттарды қарауы - 15(он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарау - 2 (екі) жұмыс күн;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесіне қол қою -1 (бір) жұмыс күн;

7) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру - 15(он бес) минут;

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша (іс-қимылдардың) үрдістерінің нәтижесі, келесі (іс-қимылдар) үрдістердің орындалуын бастауға  негіз:

1)  құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген кеңседегі тіркеу туралы арыз көшірмесіне белгілеу;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;

3) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;

4) қол қойылған мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне беру;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша журналға көрсетілетін қызметті алушы қол қою.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимылы тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды  қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды - 15 (он бес) минут;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды - 3 (үш) жұмыс күн;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына жолдайды - 15 (он бес) минут;

6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға сол күнбереді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. ХҚО және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгiну, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу тәртiбiн сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;

2) ХҚО инспекторы түскен құжаттарды қабылдайды,көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатбереді және ХҚОіс қағаздарын тасымалдаушысы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінежібереді - 1 (бір) күн;

3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады - 15 (он бес) минут;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды - 15 (он бес) минут;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды жәнекөрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды - 2 (екі) жұмыс күн;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды жәнекөрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды - 15 (он бес) минут;

7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері  мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және ХҚО іс қағаздарын тасымалдаушысы арқылы ХҚО инспекторына береді - 15 (он бес) минут;

8) ХҚО инспекторы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді - 15 (он бес) минут.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/