Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

«Суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___»_______

№_____қаулысымен бекітілген

«Суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға

 рұқсат беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруғарұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстыңжергілікті атқарушы органы көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жегілікті атқарушы органының кеңсесі;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал)арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара атоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі –суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы (бұдан әрі – рұқсат беру) болып табылады.

  Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрде. Іздестіру жұмыстарын жүргізі үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өкіді қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

2.  Мемлекеттiк қызметті көрсетуүдерісінде көрсетілетін қызмет

берушiнiңқұрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)

iс-қимылытәртiбiн сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың  9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің алуы мемлекеттік қызмет  көрсету бойынша рәсімдерді (iс-қимылдарды) бастауға негіздеме:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) бектіліген «Суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының(бұдан әрі – Стандарт)1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беруі;

порталда – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ), куәләндырылған электрондық құжат нысанында сұрау салуы болып табылады. 

5. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны және оны орындау ұзақтығы:

1) аудандық көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен түскен құжаттарды қабылдауы және тіркеу - 15 (он бес) минут;

2) аудандық көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен құжаттарды қарау - 1 (бір) күнтізбелік күн;

3)аудандық жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысымен құжаттарды қарау- 15 (он бес) минут;

4) аудандық көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарап,ауыл және су шаруашылығының аудандық органдарымен келiсу - 4 (төрт) күнтізбелік күн;

5) алқаптарды ауыстыру бойынша құжаттарды жер қатынастары жөніндегі облыстың уәкілетті органына (бұдан әрі - облыстың уәкілетті органы) жолдау - 1 (бір) күнтізбелік күн;

6) облыстың уәкілетті органы ауыл және су шаруашылығының облыстық органдарымен келiсу - 5 (бес) күнтізбелік күн;

7) орталық уәкілетті органымен (бұдан әрі - орталық уәкілетті органы)алқаптарды ауыстыру бойынша құжаттарды келісу үшін жер қатынастары жөніндегі жолдау - 8 (сегіз) күнтізбелік күн;

8) мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесін әзірлеу және енгізу - 5 (бес) күнтізбелік күн; 

9) көрсетілетін қызметті берушінің облыстық басшысымен мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесіне қол қою -5 (бес) күнтізбелік күн;

10) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беруі - 1 (бір) күнтізбелік күні. 

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша (іс-қимылдардың) процестерінің нәтижесі, келесі (іс-қимылдар) процестердің орындалуын бастауға  негіз:

1)  құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген кеңседегі тіркеу туралы арыз көшірмесіне белгілеу;

2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына құжаттарды беру;

3) ауданның жауапты орындаушысын анықтау;

4) материалдарды жинақтау;

5) материалдарменкелісу;

6) қорытынды жасау;

7) алқаптарды ауыстыру бойынша құжаттарды мемлекеттік органдарға жолдау;

8) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу;

9) облыстық көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесінеқол қою;

10) мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша журналға көрсетілетін қызметті алушы қол қою.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимылы тәртібін сипаттау

7.Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) аудандық көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) аудандық көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) аудандық уәкілетті органының басшысы;

4) ауданның жауапты орындаушысы;

5) облыстың уәкілетті органы;

6) орталық уәкілетті орган;

7) облыстық көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады - 15 (он бес) минут;

2) аудандық көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді және тиісті құжаттарды қабылдау туралы талонды береді - 15 (он бес) минут;

3) аудандық көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және аудандық уәкілетті органының басшысына жолдайды - 1 (бір) күнтізбелік күн;

4) аудандық уәкілетті органының басшысы құжаттармен танысады және ауданның жауапты орындаушысына жолдайды -15 (он бес) минут;

5) ауданның жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, материалдарды жинақтайды, қорытынды жасайды,ауыл және су шаруашылығының аудандық органдарымен келісіп, облыстың уәкілетті органына жолдайды - 5 (бес) күнтізбелік күн;

6) облыстың уәкілетті органы ауыл және су шаруашылығының облыстық органдарымен келіседі, материалдарды жинақтайды, қорытынды жасайды жәнеорталық уәкілетті органға келісуге жолдайды - 5 (бес) күнтізбелік күн; 

7) орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды, келіседі және құжаттарды қорытындысымен облыстың уәкілетті органына жолдайды -  8 (сегіз) күнтізбелік күн; 

8) облыстың уәкілетті органы орталық уәкілетті органның тиісті қорытындысы негізінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді, келіседі және енгізеді - 5 (бес) күнтізбелік күн; 

9) облыстық көрсетілетін қызметті беруші суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру туралы қаулы қабылдайды - 5 (бес) күнтізбелік күн;

10) аудандық көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) күнтізбелік күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді - 15 (он бес) минут.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін және рәсімнің  (iс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталдаЖСН/БСН көмегімен және паролін тіркеуді жүзеге асырады (порталдатіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен қызметті алу үшін порталына ЖСН/БСН және паролін енгізу (авторлау үдерісі);

3) 1-шарт – ЖСН/БСН  мен пароль арқылы тіркелген қызметті  алушы  туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі, сондай-ақ  Стандарттың 9-тармағынасәйкес көрсетілгендей нақтылау үшін (қол қою үшін) тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұрауды таңдауы;

6) 2-шарт –ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін порталын тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс –порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін куәлігін сұрауы жәнешлюзді электронды портал (бұдан әрі – ШЭП) арқылы аймақтық электронды үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЭҮШ АЖО) электронды құжаттарды (сұраныс) өңдеу үшін жолдайды;

9) 3-шарт – қызмет көрсетуге негіз болу үшін Стандарттың9 тармағында жәнемемлекеттік қызметті көрсету үшін негізде көрсетілгендей қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушының  қосымша жалғаған құжаттарға сәйкестігін порталда тексеру (өңдеу);

10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталын қалыптастырылған мемлекеттіккөрсетілетін қызмет нәтижесін алуы.

Мемлекеттiк қызметті көрсетуде тартылғанақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы, портал арқылы осы Регламенттің  2-қосымшасынасәйкес диаграммамен сүйемелденеді.

10Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/