Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___»_______

№_____қаулысымен бекітілген

«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге

ауыстыруға рұқсат беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру»(бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті аудандардың және қалалардыңжергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі –көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат (бұдан әрі – шешім) болып табылады.

  Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың  9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің алуы мемлекеттік қызмет  көрсету бойынша рәсімдерді (iс-қимылдарды) бастауға негіздеме:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11052 болып тіркелген) бектіліген «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының(бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беруі болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны және оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманымен түскен құжаттарды қабылдауы және тіркеу - 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен құжаттарды қарауы -  2 (екі) күнтізбелік күн;

3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсе қызметкерімен құжаттарды тіркеу - 15 (он бес) минут;

4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысымен құжаттарды қарау - 1 (бір) күнтізбелік күн;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды қарау - 5 (бес) күнтізбелік күн;

6)  ауыл және су шаруашылығының аудандық органдарымен келiсу - 14 (он түрт) күнтізбелік күн;

7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесіне қол қою -7 (жеті) күнтізбелік күн;

8) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру - 1 (бір) күнтізбелік күн.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша (іс-қимылдардың) процестерінің нәтижесі, келесі (іс-қимылдар) процестерінің орындалуын бастауға  негіз:

1)  құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген кеңседегі тіркеу туралы арыз көшірмесіне белгілеу;

2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға құжаттарды беру;

3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына құжаттарды беру;

4) жауапты орындаушыны анықтау;

5)алқапты ауыстыру бойынша материалдарды ауыл және су шаруашылығының аудандық органдарымен келiсу;

6) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;

 7) қол қойылған мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына беру;

 8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша журналға көрсетілетін қызметті алушы қол қою.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимылы тәртібін сипаттау

7.Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының кеңсе қызметкері;

4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы;

5) жауапты орындаушы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды 15 минут ішіндеұсынады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді және тиісті құжаттарды қабылдау туралы талонды береді - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының кеңсе қызметкеріне (бұдан әрі - уәкілетті органның кеңсе қызметкері) жолдайды - 2 (екі) күнтізбелік күн;

4) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысына (бұдан әрі – уәкілетті органның басшысы) береді- 1 (бір) күнтізбелік күн;

5) уәкілетті органның басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды - 15 (он бес) минут;

6) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, ауыл және су шаруашылығының аудандық органдарымен келіседі, қорытынды жасайды және шешім жобасын енгізеді- 19 (он тоғыз) күнтізбелік күн; 

7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру туралы қаулы қабылдайды - 7 (жеті) күнтізбелік күн;

8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) күнтізбелік күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді - 15 (он бес) минут.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/