Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___»________

№_____қаулысымен бекітілген

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметіоблыстың, аудандар мен қалалардың, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтіңжергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі, (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпараткомитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – ХҚО);

3) www.egov.kz, «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі болып жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім (бұдан әрі – шешім)немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың  9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің алуы мемлекеттік қызмет  көрсету бойынша рәсімдерді (iс-қимылдарды) бастауға негіздеме:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) бектіліген 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО өтініш беруі;

порталда – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ), куәләндырылған электрондық құжат нысанында сұрау салуы болып табылады.

5.Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны және оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманымен түскен құжаттарды қабылдау және тіркеу - 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен құжаттарды қарау -  1 (бір) күнтізбелік күн;

3) жер қатынастары не сәулет және қала құрылысы жөніндегі уәкілетті органның басшыларымен құжаттарды қарау - 15 (он бес) минут;

4) жауапты орындаушылармен құжаттарды қарау - 9 (тоғыз) күнтізбелік күн;

5) барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге келісуге бір мезгілде жіберу - 5 (бес) күнтізбелік күн;

6) көрсетілетін қызметті берушімен құрылатын комиссияның қорытындысына дайындық - 5 (бес) күнтізбелік күн;

7) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары үшін өзгертілген жағдайда, жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспарын жасау;

8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы - 3 (үш) күнтізбелік күн;

9) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беруі - 1 (бір) күнтізбелік күн.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша (іс-қимылдардың) процестерінің нәтижесі, келесі (іс-қимылдар) процестердің орындалуын бастауға негіз:

1) құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген кеңседегі тіркеу туралы арыз көшірмесіне белгілеу;

2) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарауға қабылдау;

3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына құжаттарды беру;

4) жауапты орындаушыны анықтау;

5) жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның қорытындысын дайындау;

6) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары үшін өзгертілген жағдайда, жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспарын жасау;

7) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;

8) қол қойылған мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына беру;

9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша журналға көрсетілетін қызметті алушы қол қою.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимылы тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) жер қатынастары не сәулет және қала құрылысы жөніндегі уәкілетті органының басшылары;

4) жауапты орындаушы;

5) келісетін органдар;

6) жер комиссиясы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады - 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына  ұсынады - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар мазмұнымен танысады, резолюция жапсырады және жер қатынастары, не сәулет және қала құрылысы жөніндегі уәкілетті органдарына 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде орындауға жолдайды;

4) жер қатынастары, не сәулет және қала құрылысы жөніндегі уәкілетті органының басшылары келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға орындауға жолдайды - 15 (он бес) минут;

5) жауапты орындаушыларөтініш келіп түскен күннен бастап жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге келісуге бір мезгілде жібереді -  3 (үш) күнтізбелік күн;

6) келісу органдары бес жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы, ал қажет болған кезде инженерлік желілерге қосудың техникалық шарттары туралы тиісті қорытындыларды береді - 5 (бес) күнтізбелік күн;

  7) жауапты орындаушылар өз құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындайды - 3 (үш) күнтізбелік күні;

8) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады;

комиссия қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс комиссияға келіп түскен кезден бастап хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады - 5(бес)күнтізбелік күні;

елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары үшін өзгертілген жағдайда, шешім Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 44-1-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен жер-кадастрлық жоспар жасалады.

9) жауапты орындаушылар өз құзыреті шегінде комиссияның тиісті қорытындысы келіп түскен кезден бастап - 3 (үш) күнтізбелік күні, ал елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары үшін өзгертілген кезде жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап көрсетілетін қызметті беруішінің шешімін дайындайды - 3 (үш)күнтізбелік күн.

10) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы не өзгертуден бас тарту туралы шешімі комиссияның тиісті қорытындысы келіп түскен кезден бастап - 5 (бес)күнтізбелік күні, елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары үшін өзгертілген кезде жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап қабылданады - 5 (бес)күнтізбелік күн.

11) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге келісу не одан бас тарту туралы шешім көшірмесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 3 (үш) күнтізбелік күн.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. ХҚО және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгiну, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу тәртiбiн сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардыұсынады- 15 (он бес) минут;

2) ХҚО инспекторы түскен құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді және ХҚО іс қағаздарын тасымалдаушысы арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне  жібереді - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына  ұсынады- 15 (он бес) минут;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар мазмұнымен танысады, резолюция жапсырады және жер қатынастары, не сәулет және қала құрылысы жөніндегі уәкілетті органдарына орындауға жолдайды - 1 (бір) күнтізбелік күн;

5) жер қатынастары, не сәулет және қала құрылысы жөніндегі уәкілетті органының басшылары келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға орындауға жолдайды - 15 (он бес) минут

6) жауапты орындаушылар өтініш келіп түскен күннен бастап жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге келісуге бір мезгілде жібереді -  3 (үш) күнтізбелік күн;

7) келісу органдары 5 (бес)күнтізбелік күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы, ал қажет болған кезде инженерлік желілерге қосудың техникалық шарттары туралы тиісті қорытындыларды береді - 5 (бес) күнтізбелік күн;

  8) жауапты орындаушылар өз құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындайды - 3 (үш) күнтізбелік күн;

9) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады;

комиссия қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс комиссияға келіп түскен кезден бастап хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады - 5(бес)күнтізбелік күн;

елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары үшін өзгертілген жағдайда, шешім Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 44-1-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен жер-кадастрлық жоспар жасалады.

10) жауапты орындаушылар өз құзыреті шегінде комиссияның тиісті қорытындысы келіп түскен кезден бастап - 3 (үш) күнтізбелік күн, ал елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары үшін өзгертілген кезде жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап көрсетілетін қызметті беруішінің шешімін дайындайды - 3 (үш)күнтізбелік күн.

11) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы не өзгертуден бас тарту туралы шешімі комиссияның тиісті қорытындысы келіп түскен кезден бастап - 5 (бес)күнтізбелік күні, елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары үшін өзгертілген кезде жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап қабылданады - 5 (бес)күнтізбелік күн.

12) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге келісу не одан бас тарту туралы шешім көшірмесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 3 (үш) күнтізбелік күн.

11) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және ХҚО іс қағаздарын тасымалдаушысы арқылы ХҚО инспекторына жібереді - 1 (бір) күнтізбелік күн;

13) ХҚО инспекторы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қызмет алушыға береді - сол күн.

10. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін және рәсімнің  (iс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталдаЖСН/БСН көмегімен және паролін тіркеуді жүзеге асырады (порталынатіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен қызметті алу үшін порталына ЖСН/БСН және паролін енгізу (авторлау үдерісі);

3) 1-шарт – ЖСН/БСН  мен пароль арқылы тіркелген қызметті  алушы  туралы деректердің дұрыстығын порталдатексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП-да қалыптастыру;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі, сондай-ақ  Стандарттың 9-тармағынасәйкес көрсетілгендей нақтылау үшін (қол қою үшін) тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұрауды таңдауы;

6) 2-шарт –ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс –порталдакөрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін куәлігін сұрауы жәнешлюзді электронды портал (бұдан әрі – ШЭП) арқылы аймақтық электронды үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЭҮШ АЖО) электронды құжаттарды (сұраныс) өңдеу үшін жолдайды;

9) 3-шарт – қызмет көрсетуге негіз болу үшін Стандарттың9 тармағында жәнемемлекеттік қызметті көрсету үшін негізде көрсетілгендей қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушының  қосымша жалғаған құжаттарға сәйкестігін порталдатексеру (өңдеу);

10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталы қалыптастырылған мемлекеттіккөрсетілетін қызмет нәтижесін алуы.

Мемлекеттiк қызметті көрсетуде тартылғанақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы, портал арқылы осы Регламенттің  1-қосымшасынасәйкес диаграммамен сүйемелденеді.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/