Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

«Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі


 «Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С І
  Ұйымдастыру-құқықтық нысаны:   Мемлекеттік мекеме

Меншік түрі:   Мемлекеттік

Орналасқан орны:   индекс-130500

Қазақстан Республикасы

Маңғыстау облысы

  Түпқараған ауданы

Форт-Шевченко

  Н.Оңғалбайұлы көшесі

 

Форт-Шевченко қаласы

2014 жыл

«Түпқараған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

  1. "Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль  жолдары  саласында  басқарудың функциясын жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.

  2. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  4.  " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі  азаматтық-құқықтық  қатынастарға өз атынан түседі.

  5. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  6. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі  өз  құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  7. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130500, Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы көшесі, №2 әкімшілік ғимарат.

  9. Мемлекеттік органның толық атауы – " Түпқараған аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

  10. Осы Ереже " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

  11. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

  12. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  Егер " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. " Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  13. " Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1. Адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыру, тұрғын үй қорын тұрақты дамыту, Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттеу.

2. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тұрғын үй инспекциясының лауазымдық тұлғаларының тексеру жүргізу арқылы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау жүргізу.

14. Міндеттері:

Қазақстан Республикасының 16 сәуірдегі 1997 жылғы «Тұрғын үй қатнастары туралы», 17 шілдедегі 2001 жылғы «Автомобиль жолдары туралы» заңдарына және қолданыстағы өзгеде заңнамалық актілеріне сәйкес:

1) тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді:

тұрғын үйлерге меншік құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негіздеріне;

тұрғын үйлерді пайдалану құқығының жүзеге асырылуына;

тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;

тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуінің қамтамасыз етілуіне;

азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттік органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттеу;

2) облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

4) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқару;

5) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

6) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

7) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

  8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

  9)  кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;

  10) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;

  11)  кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу жатады.

15. Функциялары:

Қазақстан Республикасының 16 сәуірдегі 1997 жылғы «Тұрғын үй қатнастары туралы», 17 шілдедегі 2001 жылғы «Автомобиль жолдары туралы» заңдарына және қолданыстағы өзгеде заңнамалық актілеріне сәйкес:

1) тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары қызметінде мемлекеттің саясатын үйлестіру;

2) инженерлік техникалық коммуникацияларды жаңарту, жаңалау, жаңғырту ретін белгілеп уәкілетті органға ұсыныстар дайындау, қажет құжаттарын дайындау;

3) салынып біткен құрылыс объектілерін қабылдап алу жұмыс комиссиясына қатысу;

4) тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік мемлекеттік нормативтер дайындау барысында ұсыныстар енгізу;

5) тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары саласына бағытталған мемлекет мүлкін құрылыс жүру барысында бөлінісін реттеу;

6) отандық және әлемдік тәжірибиедегі құрылыс саласының озық үлгідегі жетістіктерін пайдалану арқылы тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары саласындағы, тұрғын үйлер, қоғамдық құрылымдар мен ғимараттардың техника – экономикалық деңгейі мен конструкциялық мықтылығын арттыру, әлеуметтік – экономикалық басымдылығын тиімді пайдалану бағытын айқындау;

7) аудандық маңыздағы көлік инфрақұрылымы объектілері құрылысын салу мен пайдалануды ұйымдастыру;

8) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес, аудандық маңыздағы жолдардың құрылысын салу, қайта құрылымдау, жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

9) елді мекендер (ауданаралық) жолаушылар көлігі қатынасын ұйымдастыру;

10) жалпы пайдаланылатын аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын, тиісті аумақтар шегінде елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспары мен бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;

11) жол шаруашылығы, көлік және коммуникациялық кешен және қабылданған шешімдердің орындалысын бақылау мәселелерінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмыстары мәселелерәнде басқарудың өкілетті мемлекеттік оргындармен және жергілікті органдармен әрекеттесуді жүзеге асыру;

12) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  объектілерін, коммуналдық  меншікте тұрған жолдарды, коммуналдық жол кәсіпорындарын  басқару және оларды қаржыландыру бойынша жергілікті бюджет баптарын орындауды жүзеге асыру;

13) заңнамаға сәйкес  жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары желісіне жол жұмыстарын және жолаушылар тасымалдау бойынша қызмет көрсетулерді орындауға конкурстар өткізу;

14) тұрақты жолаушылар маршруттарын ұйымдастыруға келісім-шарттар жасасу  және келісу;

15) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жекешелендіруді ұйымдастыру;

  16) кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

  17) тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттағы) үй-жайларды қайта жайластыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу нормалары мен ережелерін сақтауға;

18) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына;

  19) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп-ұсау мен жөндеу  бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;

  20) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

  21) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;

  22) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

" Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзгеде функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

  " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің:

1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

2) ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

  " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

1) Қазақстан Республиксының заңдарын сақтауға;

2) белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

3)  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті.

3. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"

мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

  17. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты "Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

  18. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Түпқараған ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

  19. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінінің міндеттерін анықтайды;

  2) " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

  3) заңнамада белгіленген  тәртіппен " Түпқараған аудандық тұрғын  үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

  4) заңнамада белгіленген  тәртіппен " Түпқараған аудандық тұрғын  үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;

  5) өз құзырының шегінде " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

  6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда " Түпқараған аудандық тұрғын  үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

  " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшыға өзі басқаратын " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгіленеді және осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі.

  " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

  " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

  20. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

  " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  21. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

  22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, " Түпқараған аудандық тұрғын  үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

  23. " Түпқараған аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/