Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

«Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы


                         Түпқараған ауданының әкімдігінің 

    2015 жылғы « 14 »мамыр 108

    қаулысымен бекітілген

«Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық заңды тұлға  болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық  қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 

7. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130500, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Еркеғұлов көшесі №1.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

Мемлекеттік тілде - «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

Орыс тілінде - государственное учреждение «Тупкараганский районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии».

10. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Түпқараған ауданының әкімдігі болып табылады.

11. Осы Ереже «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

14. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

 - ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету.

16. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

- ауыл шаруашылығын және ветеринариялық қызметті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, олардың дамуына барынша қолайлы жағдайлар жасау, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру болып табылады.

17. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

- жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын әзірлеу, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

- қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

- ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

- мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

- ветеринариялық мәселелер бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

- жануарлар өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

- жануарлардың және адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

- жануарлардың және адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

- ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

- ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

- мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;

- тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

- эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

- мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

- жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

- уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса кауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;

-ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;

- облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

- облыстың жергілікті атқарушы органына  профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

- ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

- облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

- ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

- ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндірумен, өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің импортымен, экспортымен, транзитімен байланысты қызметті қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі қызметін бақылау және қадағалау;

- республикалық қорды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды бөлуді, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылау және қадағалау;

- ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыну;

- ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қадағалау және бақылау;

- мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылау және қадағалау;

- жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және азықтан улануы себептері мен жағдайларын айқындау және анықтау;

- ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің жүргізілуін бақылау және қадағалау;

- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес:

- жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу және жою, сонымен қатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді;

- агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

- тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тіркеу, қайта тіркеу;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

-тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну.

«Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

18. Құқықтары мен міндеттері:

«Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:

1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

2) осы ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

«Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі міндетті:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.

3. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

19. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі басшылық «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

20. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Түпқараған ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

2) «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

3) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

5) өз құзыреті шегінде «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді.

«Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

«Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

«Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен орындалады.

4. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

22. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

  «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі  берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып  алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы  және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Түпқараған ауданының әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/