Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

«Түпқараған аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі


«Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Түпқараған  аудандық ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын қайта ұйымдастыру туралы

  «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Түпқараған  аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Түпқараған аудандық ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің «Түпқараған  аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мекеменің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.

3. Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі  тиісті саланың  уәкілетті орган болып белгіленсін.

4. «Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі (Ж.Ж.Төлеген) коммуналдық меншік нысандарының тізбесіне тиісті өзгеріс енгізсін.

5. «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» (А.Жұмағазиев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

мемлекеттік мекеменің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

6. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларына жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  Әкім   Т.Т.Асауов

  Түпқараған ауданы әкімдігінің

  «____» ______ 2014ж.

  №______ қаулысымен

  бекітілген

Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің

 «Түпқараған аудандық ветеринариялық станциясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

Ұйымдық-құқықтық нысаны

-

коммуналдық мемлекеттік мекеме (КММ)

Меншік түрі

-

мемлекеттік

Орналасқан жері

-

Қазақстан Республикасы,

Маңғыстау облысы,индекс 130500,

Түпқараған  ауданы, Форт-Шевченко қаласы ,   Оңғалбайұлы көшесі, №1 үй

 

Түпқараған  ауданы, 2014 жыл

1. Жалпы ережелер

  1. Түпқараған  аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің «Түпқараған  аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) аудан аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

  2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

  3. Мемлекеттік мекеме Түпқараған  ауданы әкімдігінің «11»желтоқсан 2014 жылғы № 333 қаулысымен құрылды.

  4. Мемлекеттік мекеме өзінің қызметін Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, мәслихат шешімдері мен қала әкімінің қаулыларына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен бірге осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Түпқараған  ауданының әкімдігі болып табылады.

  6.Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі, (бұдан әрі тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.

  7. Мемлекеттік мекеменің атауы: Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің «Түпқараған аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  8. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, индекс 130500, Форт-Шевченко қаласы, Н. Оңғалбайұлы  көшесі, № 1 үй

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

  9. Мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

  10. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

  11. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

  12. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе аудан әкімдігі тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

  13. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

  14. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: аудан аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  15. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты: жануарлардың ауруларының алдын алу және сауықтыру, аудан тұрғындарын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

  16. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

  2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;

  3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;

  4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;

  5) құрылысын жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;

  6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жою;

  7) ветеринариялық анықтама беру;

  8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беру;

  9) биологиялық материалдардың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;

  10) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

  Мемлекеттік мекеме ветеринариялық пункттерімен құрылады.

  Мемлекеттік мекемеге Ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

  17. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

  18. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

4. Мемлекеттік мекемені басқару

19. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

20. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

5) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

6) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

7) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

10) мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  21. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

  22. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

23. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

24. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа дербес жауапкершілік артады.

25. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және тиісті саланың уәкілетті органы жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

26. Мемлекеттік мекемеге бекітіліп берген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

27. Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

28. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

29. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.

30. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

31. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

32. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу тәртібі

33. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу  Түпқараған ауданы әкімдігінің қаулысымен жүзеге асырылады.

34. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру

және тарату шарттары

35. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/