Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

"Жануарларға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту


Жануарларға ветеринариялық

паспорт беру» мемлекеттік қызмет

көрсету регламентін бекіту туралы


Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі заңдарына және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Жануарларға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми жариялануын және Астана қаласы әкімдігінің интернет ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.


Әкім И. Тасмағамбетов


Астана қаласы әкімдігінің

қаулысына қосымша

«___» _________2011 жыл

_____________


«Жануарларға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті


^ 1. Жалпы түсінік.

Ветеринариялық паспорт – уәкілетті органмен белгіленген формадағы, жануардың негізгі параметрі, жануарларды тіркеуге алу мен ветеринариялық шараларын жасау мақсатындағы өткізілген ветеринариялық іс-шаралар мен ветеринариялық өңдеу жұмыстарының сипаты мен уақыты көрсетілген құжат.


^ 2. Жалпы ережелер.


1. Осы «Жануарларға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет к-рсету регламенті «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы заңының 9-1-бабы 4-тармағы сәйкес әзірленді.

2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға уәкілетті, атқарушы орган болып табылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет:

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағының 16) тармақшасының, 2-тармағының 20) тармақшасы, 10-1-бабының 12) тармақшасы және 35 бабы 2 тармағының;

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысының;

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысы 1-тармағының 7) тармақшасының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – Стандарт).

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ветеринариялық паспортты (қағаздағы тасымалдағышта) беру немесе жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.


^ 3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар.


6. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері және жұмыс кестесі; Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, тел: 8 (7172) 555-485; факс: 55-72-87; E-mail: ushastana@mail.ru.

Жұмыс кестесі: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс күндері мен мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат және Мемлекеттік қызметті көрсету стандарты туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz және Басқарманың ғимаратында орналасқан стендтерде орнатылған.

8. Жануарға ветеринариялық паспорты (жануарға ветеринариялық паспортынан үзінді беру) беру мерзімі, жануарға жеке нөмір берген сәттен бастап немесе оны беруден бас тартқанда - 3 (үш) жұмыс күн ішінде;

жануарға ветеринариялық паспорттың төлнұсқасын беру, жануар иесі жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалғаны туралы өтініш берген күнінен бастап - 10 (он) жұмыс күн ішінде;

мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты - 30 (отыз) минут;

мемлекеттік қызметті алуға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты - 40 (қырық) минут.

9. Ветеринариялық паспортты беруден бас тарту талаптары жануардың жеке нөмірінің болмауы табылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) Ерікті нысандағы өтініш және қажетті құжаттар стандартпен бекітілген 2-бөлімнің 11-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес ұсынылады;

Жануарға ветеринариялық паспорт алу кезінде, тұтынушыға қажетті құжаттар өткізгенін растайтын құжат қажет етілмейді.

3) Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) алу үшін жүгінген кезде, тұтынушының өтініші тіркеу журналына тіркеледі және мемлекеттік қызметті тұтынушыға күні мен уақыты, мерзімі және орны көрсетілген талон беріледі.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір адамды құрайды.

^ 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) тәртібінің сипаттамасы.


12. Құжаттарды қабылдау Басқарманың кеңсесі арқылы, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейінгі, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

13. Жануарға ветеринариялық паспортты алу үшін тұтынушы жануарға ветеринариялық паспорттың бланкісінің құнын төлегенін растайтын құжатты береді. Бұдан басқа, жануарда - жануарға берілген бірдейлендіру нөмірі болуы қажет.

Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) алу үшін тұтынушы бекітілген стандарттың 2-бөлімінің 11-тармағында тізбеге сәйкес құжаттар ұсынылады:

Жануарға ветеринариялық паспорт алу кезінде, тұтынушыға қажетті құжаттар өткізгенін растайтын құжат қажет емес;

Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) алу үшін жүгінген кезде, тұтынушының өтініші тіркеу журналына тіркеліп, мемлекеттік қызметті тұтынушыға күні мен уақыты, мерзімі және орны көрсетілген талон беріледі;

Жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасы және жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) жануар иесінің жеке өзі не оның өкілі келген кезде беріледі;

Құжатты алу үшін өтініш қағаз тасымалдағышта беріледі, оның сұранымының тіркелгендігі туралы ақпарат құжаттарды тапсыру барысында кеңсеге беріледі;

Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы бланктің құнын төлегендігін растайтын құжатты тапсырады;

Тұтынушы мемлекеттік қызметке ақы төлеу кезінде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:

қолма-қол ақы төлеу тәсілі кезінде - ақы төлеу туралы түбіртек;

Қолма – қолсыз төлеу әдісі кезінде, «Төлем құжаттарын пайдалану және қолма – қолсыз төлеу әдісі мен Қазақстан Республикасы аумағында ақша аударымымен айналысу» Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына сай төлем тапсырмасы арқылы жүргізіледі.

14. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.

15. Жыл сайынғы жоспарлы іс-шаралар.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына сай жергілікті атқарушы орган ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша іс – шаралардың жоспарын бекітеді. Бекітілген бірдейлендіру графигі мен жоспардың негізінде ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігері;

1) бірдейлендіру бойынша деректер базасын жүргізеді


  1. Жануарға жеке нөмір береді

  2. сырғалау, чип салу, таңба салудан кейін жануардың иесіне ветеринариялық паспорт береді.


16. Әкімшілік қарым – қатынастардың (процедура) бірізділігі мен сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасында.


^ 5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі.


Ветеринариялық паспортты (ветеринариялық паспорттан жазба) немесе ветеринариялық паспорттың дубликаттын беруге жауапты лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сай жауапты.

__________________________________________________________


«Жануарларға ветеринариялық

паспорт беру» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне

қосымша


Жануарларға ветеринариялық паспорт беру


«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ


Кеңсе қызметкері


^ Мемлекеттік қызмет ұсыну процессі


1


2


Мемлекеттік қызмет: «Ветеринариялық паспорт беру»


Заңды немесе жеке тұлғалардан өтініш қабылдау


тапсырылған құжаттарды қабылдап оларды тіркеу. Ветеринариялық паспорттың бланкісінің құнының төленгендігін растайтын құжаттың болуы. Жануардың жеке нөмірінің болуы.


Аяқталу үлгісі:

Ветеринариялық паспорт


Құжаттарды беруді жүзеге асырады


Тұтынушының қатысуы мен немесе оның уәкілінің қатысуымен ветеринариялық паспорт толтырады.


Орындау мерзімі


3 (үш) жұмыс күні ішінде



____________________________________________


Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшін


«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ


Кеңсе қызметкері


^ Мемлекеттік қызмет ұсыну процессі


1


2


Мемлекеттік қызмет: «Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру»


Заңды немесе жеке тұлғалардың өтініші


Құжаттың жоғалғандығын растайтын құжат болғанда тапсырылған құжаттарды қабылдап оларды тіркеп. Тіркеу журналында тіркеліп уақыты, күні, айы көрсетілген және құжаттың берілген орны көрсетілген талон беріледі.


Аяқталу үлгісі:

Ветеринариялық паспорттың телнұсқасы


дайындалған құжатты беруді жүзеге асырады


Тұтынушының қатысуы мен немесе оның уәкілінің қатысуымен жануарды тексеріп, тексеріу нәтижесі бойынша ветеринариялық паспорттың телнұсқасын толтырады.


Орындау мерзімі


10 (он) жұмыс күні ішінде

ді
2011 жылғы «29» желтоқсан
2. Жалпы ереже
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
Тиісті әкімшілік-аумақтық



«Тиісті әкімшілік-аумақтық

бірліктің аумағында қолданылатын

ветеринариялық анықтаманы беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентін

бекіту туралы


Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі заңдарына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысына, «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушысының 2009 жылғы № 761 бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми жариялануын және Астана қаласы әкімдігінің интернет ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.


Әкім И. Тасмағамбетов


Астана қаласы әкімдігінің

^ 2011 жылғы «29» желтоқсан

102-133

қаулысына қосымша


«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы түсінік

Ветеринариялық анықтама – ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органның ветеринариялық дәрігерімен, ветерианария саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте жануарға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы эпизоотиялық жай – күй туралы берілетін құжат.


^ 2. Жалпы ереже

1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар» заңының 4 тармағы 9-1 бабына сай құрастырылған.

2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласы аумағында ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүргізуге уәкілетті атқарушы орган.

3. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтің түрі: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет:

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 13) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесінің 4 бөлімі негізінде (бұдан әрі – Ветеринариялық құжаттарды беру ережесі)

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысының 1 тармағы 7 тармақшасы негізінде көрсетіледі.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Ветеринариялық анықтаманы беру басқа органдардың қатысуынсыз жүргізіледі.


^ 3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі


7. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан орны; Астана қаласы Сарыарқа ауданы Бейбітшілік көшесі,11, тел: 8 (7172) 555-485; факс: 55-72-87, E-mail: ushastana@mail.ru.

Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзіліспен ұсынылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібен жүргізіледі.

8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет ресурсында www.minagri.gov.kz және Басқарманың интернет ресурсында ushastana@mail.ru. және Басқарманың ғимаратындағы стендтерінде орналасқан.

9. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — тұтынушы) көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады:

1) мемлекеттік қызмет жүгінген күннің ішінде көрсетіледі;

2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.

11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:
  1) егер жануар, жануардан алынатын өнім және шикізат (бұдан әрі - объект) қолайсыз аймақтан тасымалданған жағдайда;

2) жұқпалы сипаттағы ауру анықталғанда;

3) жануардың жеке нөмірі болмағанда;

4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі;

5) осы Регламенттің 4 бөлімінің 15 тармағында көрсетілген құжаттар пакетінің толық болмауы негіз болып табылады.

12. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу кезеңі:

1)мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы осы регламенттің 15 тармағы 4 бөлімінінде көрсетілген керекті құжаттарды тапсырады.

2) мемлекеттік қызметті тұтынушының өтініші ветеринариялық дәрігермен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналына тіркеу күні көрсетіліп тіркеледі.

3) тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтама тұтынушыға жеке өзі не оның өкілі келген кезде беріледі.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдайтын адам саны бір адамды құрайды.

^ 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) сипаттамасы

14. Құжаттарды қабылдау Басқарманың кеңсесі арқылы, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағ. 9.00 ден 18.00 ға дейін, үзіліс сағ 13.00 ден 14.00 ге дейін алдын-ала жазылусыз жүргізіледі.

15. Стандарттың 2-бөлімінің 11-тармағында көрсетілген Мемлекеттік қызметті алға қажетті құжаттар және оларға қойылатын талаптар тізбесі:


1) жануарға ветеринариялық паспорт;

2) тері-жүн шикізатына, жануардың жеке нөмірі көрсетілген жапсырма міндетті түрде қажет;

3) ветеринариялық анықтама бланкі құнын төлеуін растайтын құжат.

Мемлекеттік қызмет тұтынушы не оның өкілі тікелей жүгінген күні көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы ветеринариялық паспортты, бланкі құнын төлеуін растайтын құжат ұсынады.

Мемлекеттік қызметті тұтынушының өтініші ветеринариялық дәрігермен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналына тіркеу күні көрсетіліп тіркеледі.

Мемлекеттік қызмет ақылы жүзеге асырылады (тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманың бланкісін беру). Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша анықталған бланктің құнын төлейді.

Тұтынушы мемлекеттік қызметке ақы төлеу кезінде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:


  1. қолма-қол ақы төлеу тәсілі кезінде - ақы төлеу туралы түбіртек;


2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсілі кезінде – төлем тапсырмасы.

16. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары жоқ.

17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде басқа мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар қатыстырылмаған.

18. Әкімшілік іс-қимылдардың (процедуралар) бірізділігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы Осы Регламенттің қосымшасында келтірілген. Ветеринариялық анықтама тиісті-әкімшілік аумақтың бірлігі шегінде беріледі және Ветеринариялық құжаттарды беру ережесінің 4 қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

^ 5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


19. Ветеринариялық анықтаманы беруге жауапты лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.

______________________________________________________


^ Тиісті әкімшілік-аумақтық

бірліктің аумағында

қолданылатын ветеринариялық

анықтаманы беру мемлекеттік

қызмет регламентіне қосымша


1. Мекеменің атауы


2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесі


«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі


АШБ-ның жауапты қызметкері


Мемлекеттік қызмет:

«Тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру».


Тұтынушының өтініші жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында мемлекеттік қызмет алатын уақыты көрсетіліп тіркеледі. тұтынушының тіркелген күні жазылады.


4 бөлімінің тізбенің 15 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың болуын тексереді.


анықтама беруді жүзеге асырады


Орындау мерзімі:


Күні бойы


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
ШЖҚ МКК«Түпқараған аудандық орталық аурухана» http://tupkaragan-crb.kz/kz
Ақшұқыр мектеп-лицейі http://akshukurml.kz/
Түпқараған аудандық мәслихатының ресми интернет- ресурсы http://tupkaragan.openproject.kz/
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты http://mng.sud.kz/rus/sub/tupkaragan
"Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ http://tupkaragan-zhastar.skom.kz/index.php/kz/